Азамат Дәулетбеков Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Бүгін күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері өнерлерін аяқтады. Қазақстан құрамасының капитаны Азамат Дәулетбеков 86 келі салмақта топ жарып, үшінші рет Азия чемпионы атанды. Ол финалда байырғы қарсыласы, Азия ойындарында есе жіберген өзбекстандық Жабраил Шапиевтен жеңісті жұлып алды. Белдесу барысында ұтылып жатқан Дәулетбеков соңғы 15 секунд қалғанда 4 ұпайлық әдіс жасап, 5:2 есебімен жарыс жеңімпазы атанды. Осылайша отандасымыз еркін күрес шеберлері арасынан жалғыз алтын жүлдені иеленді.

Айта кетейік, 61 келіде сынға түскен Асыл Айтақын да финалға еш сүрінбей жеткен еді. Бірақ финалда жергелікті спортшы Тайырбек Жұмашбековтен ұтылып, күмісті місе тұтты. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.