2022 жылы еліміздің аумағында енгізілген шетелдіктерге арналған туристік жарна жойылады. Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес жарна мөлшерлемесі тұру құнының 0%-ына тең. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл ақпаратты туризм және спорт министрлігі растады.

“ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылдың 27 желтоқсанындағы № 347 бұйрығымен шетелдіктердің туристік жарна төлеу ережесіне өзгертулер енгізілді. Оған сәйкес, Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік ставка қолданылады. Аталған бұйрық өткен жылдың 28 желтоқсанында Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті және ол ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі", — делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Қазақстанда 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейін (690 теңгеден 1 726 теңгеге дейін) тіркелген мөлшерлеме қолданылған.

Сондай-ақ туристер ағыны көбейген немесе азайған жағдайда тарифтерді көтеру немесе төмендетуді көздейтін тармақтар ережелерден алынып тасталды.

  • Сұраныс бар, бірақ ұсыныс жоқ: Мамандар Қазақстанның туризм индустриясында қандай кемшілік барын айтты
  • Саяхат үшін ең қауіпті елдердің 2024 жылға арналған тізімі жарияланды 

7 қаңтардан бастап шетелдік туристер жарна төлеуден босатылады.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылы енгізілген туристік жарна — туристерге жатақханаларды, қонақ үйлерді, қалалар мен аудандардағы жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін алынатын төлем.

Туристік операторлар шетелдіктер үшін алынған қаражатты жергілікті бюджетке аударды.

Жарна мөлшерін әкімдіктер 1-ден 3 пайызға дейінгі мөлшерде анықтайтын.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.