11 сәуірде кешке олимпиадалық резервтегі мектеп-колледжде Бексұлтан есімді еркін күрес бөлімінің 14 жасар оқушысы құлап, есінен танып қалды. Оған жедел жәрдем шақырылғанымен бала ауруханаға жетпей жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған. Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Мой город

Ал полиция "денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бойынша тергеу басталғанын айтты. Жас спортшы құлап кеткен болса денсаулыққа қалай қасақана зиян келтірілгені түсініксіз.

13 сәуірде Instagram-да қайтыс болған баланың әпкесінің үндеуі пайда болды. Қыз Бексұлтанды орта мектеп оқушылары өлтірді деп жазады. Егіз Бексұлтан мен Ерсұлтан Есет батыр атындағы олимпиадалық резерв мектебінің 8-сыныбында оқып, сол жерде тұратын. Марқұм құлап, есінен танбаған екен.

"11 сәуірде кешкі сағат 20:30 және 21:00 шамасында бөлмені жинамағаны үшін бауырларыма әлімжттік көрсеткен. Төбелес кезінде Бексұлтанды алдымен 9-сынып оқушылары ұрып-соғып, әрқайсысы 5 реттен ұрған. Содан кейін 10-сынып оқушысы бетінен 2 рет ұрып, кеудесінен бірнеше рет тепкен. Қатты соққыдан ол еденге құлап, есінен танып қалды. Бексұлтан ұрып-соғудан қайтыс болды, ал Ерсұлтан өмір бойы психологиялық жарақат алды, себебі оның көзінше бауырын өлтірілді", – деп жазады автор.

Әрі қарай, автордың сөзінше,  баланы жаттықтырушы тексеріп, оята алмай жедел жәрдем шақырған.

"Балаға алғашқы көмек көрсетілмеді. Медбике, түнгі тәрбиеші, жаттықтырушы қайда болды?” деп сұрақ қойған ұлдардың әпкесі Әсия туыстары әділ тергеу мен кінәлі адамдарды жазалауды талап ететінін жазады.

Ақтөбе облысының полиция департаменті күдіктінің тергеу изоляторына қамалғанын хабарлады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.