40 жастағы ер адам бірнеше ай бойы астаналық әйелге қоқан-лоқы көрсетіп, ақша бопсалап отырған. Егер бермесе әйелдің интим видеосы мен суреттерін әлеуметтік желіге жүктеймін деп қорқытқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: police__astana/instagram

Күдікті тағы да 1,5 млн теңге көлемінде ақша талап еткеннен кейін зардап шегуші полицияға арызданған. Ол бұған дейін бопсалаушыға 3 млн 400 мың теңге беріп үлгеріпті. 

“Жедел-іздеу шаралары барысында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ер адамды жанармай бекетінің автотұрағында ақша беріп жатқанын жерінен ұстады. Бұған дейін де сотталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, Қарағанды облысының полицейлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлері Qarmet АҚ-ның жұмысшылары мен Абай қаласы тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты құрықтады.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.