“Жігіттер” тобының әншісі, актер, продюсер Бағлан Әбдірайымов мүгедектігі бар, көпбалалы әкеге көлік тарту етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесінің үш жылдан бері айдап жүрген көлігі көрінеді. 

“Өздеріңіз жақсы білетін, үш жылдан бері қызмет еткен көлігімді біреуге себепсізден-себепсіз, бір жігітке тарту етемін деген шешімге келдім. Мұны сатып, өз қажетіме жаратсам да болатын еді. Бірақ біреуге себепсіз сыйлағым келіп отыр", – деді әнші. 

  • "Еңсесі түсіп кетті": Бағлан Әбдірайымов анасының денсаулығына алаңдайтынын жеткізді

  • "Ердостың тісі сынып, Еркіннің көзі көгерді": Бағлан Әбдірайымов жас кезінде бұзық болғанын жасырмады

Эстрада жұлдызы жеке парақшасына видео жүктеп, екі аяғынан айырылған Нұржан есімді азаматқа көлігін табыстады. 

“Екі жыл бұрын өкшесінен жарақат алып басталған дерт, қазіргі таңда Нұржанды осы күйге түсірген. "Сынақ сындыру үшін емес, ширату үшін келеді" дейміз. Десек те, қиын-ақ. Кішкентай төрт баласы мен жұбайы бұл сынаққа қалай төтеп беріп жүргені бір Аллаға аян. Жұбайына мың алғыс! Осы отбасыға лайық деп ойлаймыз. Береке берсін", – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, әнші жақында әкесінен айырылған еді. 

Одан кейін, өнер иесі біреудің өмірін аңдып отыратындарға ескерту жасағанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от «ZERO QARYZ» фильмі (@zeroqaryz.film)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.