Астана мен Алматы тұрғындары қаладағы Ресей Федерациясының елшілігіне гүл шоқтарын қойып, көңіл айту жазбасын қалдырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Мәскеудегі террористік актіге байланысты көңіл айтқысы келетіндер көбеюде. Сондықтан Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Көңіл айту кітабын ашты. Көңіл айту бұрышы Жұмабек Тәшенов көшесі тарапынан Елшіліктің консулдық бөліміне кіре берісте орналасқан”, — деп хабарлады елшілік өзінің ресми сайтында.
Көңіл айту кітабы 23 наурыз сағат 18.00-ге дейін ашық болады.
Консулдыққа келген адамдар көз жасын ұстай алмады. Келушілердің көпшілігі қазақстандықтар, олардың кейбіреулерінің Ресейде туыстары бар.
"Адамдар көз жұмды. Балалар қаза тапты. Бұл өте қорқынышты жағдай. Неліктен адамдар бұл қорқынышты әрекетке барады. Мұны істегендерді жауапқа тартылып, заңның барлық қатаңдығымен жазалау керек", — деді Александр.
Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Салдарынан көз жұмғандар саны 143-ке жеткен. Террористер ғимаратта 18 минут болған.
- Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған.
- 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған.
- Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған.
- 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған.
Бүгін Федералдық қауіпсіздік қызметінің 11 адамды, оның ішінде "Крокус Сити холлда" болған 4 террористің ұстағаны белгілі болды.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.