Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: anpz.kz
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жанжалға байланысты құрылған комиссия жұмысының нәтижесін жария етті.
"Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен бас директордың орынбасары – бас инженер Әділет Шошанбасовты қызметтерінен босату туралы шешім қабылданды. Бас директордың міндетін атқару әрі қарай шешім қабылданғанға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары – техникалық директор Олег Александрович Лызловқа жүктелетін болады", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.