НЛО көргені жайлы хабарламалар АҚШ-та 1960-жылдары көбейіп кеткен. Дегенмен қорғаныс министрлігі азаматтар америкалық тыңшы-ұшақтар мен ғарыш технологияларын жат ғаламшарлықтар деп ойлаған дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Конгресске ұсынылған құжатта АҚШ билігінің өзге ғаламшарлықтармен әрекеттескені туралы ешқандай дәлел жоғы айтылған. Көп жағдайда адамдар қарапайым нысандарды НЛО деп ойлап қалған. Дегенмен бұл мәлімдеме халықтың өзге ғаламшарлықтарға деген сенімін жоя алмайды делінген. 

"Кең тараған телевизиялық бағдарламалар, кітаптар мен фильмдер, интернеттегі материалдар НЛО тақырыбындағы даудың қоғамда кең тарап, адамдарда сенім қалыптастырды", — делінген мәлімдемеде. 

Пентагон баспасөз хатшысы Пэт Райдер шенеуніктердің мәлімдемеге сене қоймағанын, бірақ НЛО-ның барын дәлелдейтін ешқандай айғақ келтіре алмағанын айтады. 

"Барлық тергеу шаралары белгісіз ұшу аппараттарын көргендер қарапайым нысандарды НЛО деп ойлағаны анықталды", – деді Райдер журналистерге. 

Мәлімдеме АҚШ билігінің НЛО-ны зерттеуге арналған кең көлемді кампаниясының бір бөлігі. Жұмыс аясында NASA өкілдерімен кездесу өтіп, Конгресте тыңдалымдар болды. Мәлімдемеге сәйкес қоғамда НЛО туралы пікір қалыптасуға поп-мәдениет те әсер еткен. 

Gallup 2021 жылы өткізген сауалнамаға сәйкес, америкалықтардың 40%-дан астамы Жерге жат ғаламшарлықтардың кемесі келді деп есептейді екен. Ал екі жылдан соң бұл көрсеткіш 33%-ға өскен. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.