Алматыда қуатты жер сілкінісі сезілді. Төтенше жағдайлар департаменті ресми пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша жер сілкінісің магнитудасы 6 балл.
"Өзара әрекеттестік алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Полиция департаментінің кезекші бөліміне ғимараттарда зақымдардың бар-жоғын тексеру жөнінде тапсырма берілді”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.
Ресми ақпарат бойынша жер сілкінісің магнитудасы 6,7 балл.
Эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық қуаты 15,1 балл, магнитудасы 6,7 балл.
Жер сілкінісі 00:09-да тіркелген. Алматыда жерасты дүмпуі 4 балл болып сезілген.
Желіде қалада халықтың эвакуациаланып жатқаны туралы видеолар тарады. Жанармай бекеттерінде көліктер кезекте тұр. 2 GIS қосымшасы қалада 2 баллдық кептеліс тіркелгенін айтады.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.