Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов балалар жобасына ұқсас болашақ зейнеткерлерге де Ұлттық қордан төлемдер енгізу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осыған дейін Ұлттық банктің бұрынғы өкілі Әнуар Сәйденов YouTube-арнаға берген сұхбатында БЖЗҚ-ға "Ұлттық қор-балаларға" жобасына ұқсас болашақ зейнеткерлерге қордан төлемдер енгізуді ұсынған еді. Бұл ұсынысқа Ұлттық қордың бүгінгі төрағасы былай жауап берді:
"Менің ойымша, біздің зейнетақы жүйемізді реформалау қажет. Бізде бар зейнетақы жүйесі қазіргі күннің шындығына сәйкес келеді. Бірақ болашақта еңбек министрлігі де, Ұлттық банк те оны реформалау қажет болатынын түсінеміз. Себебі оның құрылымы болашақ зейнеткерлерге жақсы сомада зейнетақы алуға мүмкіндік бермейді", – деді Тимур Сүлейменов.
-
Не себепті қазақстандық балалар Ұлттық қордан үкімет уәде еткен соманың үштен бірінен аз алды – Дүйсенованың жауабы
-
Алматыда тұрғын 11 жыл бойы алып келген зейнетақысын мемлекетке қайтарады
Төраға осы тұста зейнеткерлерге төлем жасау идеясын қолдамайтынын алға тартты.
"Ұлттық қордан зейнеткерлерге төлем жасау мәселесіне келер болсақ, бізге әлі де сақ болу қажет дер едім. Себебі Ұлттық қор-бұл әл-ауқат қоры. Ол ең алдымен біздің қауіпсіздік қаржымыз. Біз оның негізгі мақсаты тұрақтандыру екенін нақты түсінуіміз керек. Екіншіден мұнай ақшасы, доллар бағасы мың құбылғанда заманда экономикамыз бақыланбайтын ағынынан зардап шекпеуі үшін қажет", — деді Ұлттық банк басшысы.
Тимур Сүлейменов әзірге балаларға арналған жұмыстарды жақсылап атқаруды ұсынды. Ал зейнеткерлер мәселесін Еңбек министрлігімен, қаржыгерлермен басқа да мамандармен бірлесіп көтерілетінін айтты.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.