Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
11-12 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады.
"Сапар аясында Мемлекет басшысы Президент Ильхам Әлиевпен келіссөздер жүргізеді және Қазақстан-Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысады", — делінген хабарламада.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрі Абдулазиз бен Салман Әл Саудты қабылдаған болатын. Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы энергетикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқылаған еді.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.