Желіде танымал отбасылық өнерлі жұпқа айналған Гитарист Ақсұңқардың жұбайы, әнші Арайлым Әбілсейіт сахнадан кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Taboo” подкастына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Подкастан скриншот
Былтыр екі жас үйлену тойын өткізіп, гендер пати де жасағаны ел есінде еді. Алайда өнерлі жұптың отбасылық өмірі мәз емес болған. Арайлым өнердегі ағаларының ақылын тыңдап, эстрададан кеткенін растады.
“Бала күнімнен Қайрат Нұртастың фанатымын. Ол әншіден бұрын, адамгершілігі өте жоғар адам. Тұлға ретінде қатты құрметтеймін. Ақсұңқардың жанашыр ағасы ретінде көп көмегін тигізді. Осы жерде айта кетейін, ол кісі “Өнер адамы болмағаның дұрыс, ән айтуды таста” деп ақыл айтты. “Одан да тып-тыныш өмір сүргенің жақсы” деді. Мен ақылын тыңдап, әрі өзім де қыз балаға өнер жолының ауыр екенін түсініп, сахнадан кеттім”, – дейді экс әнші.
-
"Әлі дайын емеспін": Әсел Асқар отбасылы еркекті ұнатып жүргенін жасырмады
-
"Досымның әйелі үйден кетіп қалды": Әнші Индира Расылхан Роза Әшірбаеваны отбасылардың ажырауына себепкер деп кінәлады
Сонымен қатар, тұрмыс құрғаннан кейін, отбасылық өмірі керемет болмаған көрінеді. Өнерден кетіп, отбасын сақтап қалғысы келгенін де жасырмады.
“19 жасымда тұрмыс құрдым. Ақсұңқар екеуміздің отбасын құратынымызға ешкім сенбеді. Отбасымызға аналарымыздың араласуынан кейін ажырасуға шешім қабылдадық. Енем де мені келін ретінде қабылдағысы келмеді. Бірақ біз бірімізді қатты сүйдік. Түркияға келісім-шартпен жұмысқа шақырылдым. Сол кезде Ақсұңқарға жаздым. Ол ертеңіне Шымкенттен ұшып келді. Отырып сөйлестік, сол кезде қайтадан бірге тұруға шешім қабылдадық. Бірақ бәрі керемет болып кетпеді. “Қайтадан бекер қосылдым” деген өкініш те болды. Біздің өміріміз әлеуметтік желіге таралып кетті. “Хайп” деп халық шулады. Бірге араласатын достарымыздың арасынан Ақсұңқар екеуміздің бірге болуымызды қаламаған танымал блогерлер де бар. Мысалы, Дархан мен Дарикорн менің сыртымнан неше түрлі сөз айтыпты. Оны өте жақын адамдардан естідім. “Арай саған лайық емес, онымен қайта қосылмай-ақ қой” деп Ақсұңқарды көндірген. Екеуіне қатты ренжіп қалдым. Сол кезде Ақсұңқар екеуміз қайта қосылуды ойлап жүр едік. Өйткені бір-бірімізді қатты сүйеміз. Біз қайта қосылғаннан кейін, Дархандарды кинотеатрда көріп қалдық. Салқынқанды ғана амандастым ”, – деп жан сырын ақтарды блогер.
Еске салайық, өнерлі жұп ұзақ жылдан кейін балалы болғандарын айтқан еді.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.