Түркістан облысында колледж директорын интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған 35 жастағы әйел сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Түркістан облысында бұрынғы басшысынан ақша мен қымбат көлік бопсалаған әйелге сот үкімі шықты. Оқиға бірнеше жыл бұрын облыстағы колледждердің бірінде болған. Әйел лаборант болып жұмыс істеп жүріп, директормен интимдік сипаттағы видео түсіріп алған. Осындан соң видеоны жарияламау үшін алдымен 2,5 мың доллар, сосын тағы 2,5 миллион теңге мен көлік талап еткен. Жәбірленуші полицияға шағымданған.

"Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны кінәлі деп танып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуін сұрады", – делінген сот хабарламасында.

Сот әйелді кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ сот сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 28 миллион теңге өндіруге үкім шығарды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушының адвокаттары апелляциялық шағым түсірді. Олар әйелдің асырауында жас балалары бар екенін ескеруді сұрайды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.