Жамбыл облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Тараз прокуратурасы қала көшелерін жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының жымқырғанын анықтады.
"Тараз әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З.Тұрсынұлы және "Алматымонтажстрой" ЖШС директорының орынбасары Е.Шлеев қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 34,2 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған", – делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл факті бойынша Тараз прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (жымқыру) бойынша қылмыстық іс тіркеп, тергеп-тексеру облыстық прокуратурамен жүргізілді.
-
"Ертіс орманы" басшысы ағашты заңсыз кескен кәсіпкерлерден пара алды деп айыпталды
-
Алматы облысында аурухана қаржысын қолды еткен бухгалтер 7 жылға қамалды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.
Тараз қалалық №2 сотының 05.02.2024 жылғы үкімімен З.Тұрсынұлы мен Е.Шлеев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы 2 100 000 теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінгенін жаздық.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.