“Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы” заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер мәжіліс қарауына жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Мәжіліс
Сонымен қатар "Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу" ілеспе заң жобасы жұмысқа алынды.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, жоба мемлекет басшысының отбасылық зорлық-зомбылыққа жауапкершілікті қатаңдату жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында депутаттардың бастамасымен әзірленді.
"Бұл заң жобалары мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді. Жоба мемлекет басшысының зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату тапсырмасына және сайлауалды бағдарламасына толық сәйкес келеді", – деп атап өтті ол.
Ол заң жобасында:
- ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және жазасын әлдеқайда қатаңдату;
- жәбірленушіні күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн-платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шаралар қабылдау құқығын беру;
- отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілетін беру;
- педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы арнайы норма қарастырылған.
Оған қоса суицидті насихаттау үшін немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу; балаларға арналған интернаттық ұйымдарды оларға алдын ала ескертпей кез келген уақытта тексеру және т.б. бөліктері бар.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.