"Жапон аруы-2024" байқауының жеңімпазы, Жапонияда тұратын украиндық Каролина Сиино титулынан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: lady.mail.ru
Бұл жарыс тарихында алғаш рет орын алды. Каролина Сиино 26 жаста. Ол екі апта бұрын жапондық сұлулық байқауында жеңімпаз атанған еді. Осыдан кейін Жапонияда қыздың этникалық шығу тегіне қатысты пікірталастар басталды.
Каролина Украинаның Тернополь аймағында дүниеге келген. Ата-анасы ажырасып, анасы жапон жігітіне тұрмысқа шыққаннан кейін 5 жасында Жапонияға көшіп келген.
Сиино сұлулық байқауында жеңіске жеткен алғашқы жапон азаматы атанды. Ол жапон азаматтығын 2022 жылы алған.
"Жапон аруы" атағын жеңіп алғаннан кейін Сиино: "Мені көбісі жапон деп ойлайды, бірақ бүгін жапон деп танылғаным үшін қуаныштымын", — деді.
- "Жапония аруы" сұлулық байқауын украин қыз жеңіп алған: Халық төрешілердің шешіміне наразылық білдірді
- Пәкістандық, үнділік және афроамерикалық азамат полицияның жиі тексерісін нәсілдік кемсітушілікке балап сотқа шағымданды
Бұл мәселеге қатысты жапондардың пікірі әлеуметтік желіде екіге бөлінді. Кейбірі оның жеңісін құптаса, басқалары қыздың дәстүрлі жапондық сұлулық идеалдарын бейнелемейтінін айтты.
"Жеңіске жеткен Жапония аруы жапондық тамыры жоқ. Ол 100% украин. Әрине, ол әдемі. Бірақ бұл "Жапония аруы" байқауы. Жапон әйелдері қайда?" "Егер ол жартылай жапон болса мәселе жоқ. Бірақ ол этникалық жағынан 0% жапон. Тіпті Жапонияда тумаған", — деп жазды желі қолданушылары.
Қыздың әлеуметтік желісінде Украина туынан басқа, Украинаны бейнелейтін бірде бір фотосурет те, сөз де жоқ.
Қыз конкурста жеңіске жеткеннен кейін ата-анасы жоқ украиналық балаларға көмектесуді жоспарлап отырғанын айтты. Сондай-ақ ол украин музыкасын тыңдап, украин фильмдерін көргенде Украинамен байланысын сезінетінін айтты.
Байқауды ұйымдастырушылар төрешілердіің толықтай Каролина Сииноны жеңімпаз ретінде таңдағанын айтты.
"Ол әдемі және жапон тілінде таза сөйлейді және жазады. Ол бізге қарағанда жапондық", — деді ұйымдастырушы Ай Вада.
Алайда әңгіме мұнымен бітпеді. Күні кеше жапон журналы Shukan Bunshun және басқа да жапон басылымдары Каролин Сииноның үйленген адаммен қарым-қатынаста екенін жазды. Алғашында байқауды ұйымдастырушылар Сииноның ер адамның отбасы барын білмегенін айтты. Алайда кейіннен қыз ер адамның отбасы туралы білгенін мойындады. Сиино өзінің Instagram парақшасында жапон тілінде мәлімдеме жариялап, өтірігі үшін кешірім сұрады.
"Маэда мырзаның әйелінен және отбасынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймын. Қорқыныш маған шындықты айтуға мүмкіндік бермеді", — деді қыз.
Ол атағынан бас тартатынын да жазды. Байқауды ұйымдастырушылар оның шешімін қабылдады. Енді "Жапон аруы" атағы жыл соңына дейін бос болады.
Айта кетейік, бұған дейін "Жапония аруы-2024" байқауының жеңімпазы Украинаның Тернополь қаласының тумасы Каролина Сиино болған еді.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.