Крокустағы теракт құрбандарының саны 139 адамға дейін жетті. Оқтан жараланып қаза болғандар саны – 40 адам болса, 45 тұрғын өрттен көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: “Москва” агенттігі
Мұндай қорқынышты деректі Ресейдің тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин Владимир Путинге баяндады. Сонымен қатар ол Крокустың өртке қарсы жүйесінің құрамы зерттеліп жатқанын, сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.
Бастрыкиннің сөзінше, лаңкестерді ұстаған кезде екі АК-74, 500-ден астам оқ, 28 магазин мен жанармайдың қалғаны құйылған бөтелке табылған.
Еске ала кетейік, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған.
Қылмысқа күдіктілер дереу қолға түсірілген. Әлеуметтік желілерде олардан жауап алу сәті бейнеленген видео тарады.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.