Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатыты сот отырысында куәлік берген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров қазақстандықтарды кәсібилігімен қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Фото видеодан алынған

Тахир Халимназаров 9 сәуір күні сотта сөз сөйлеген. Бірнеше сағат бойы ол алқабилер мен сотқа қатысушыларға Салтанат Нүкенованың алған жарақаты туралы ақпарат берді. Қойылған сұрақтарға шыдамдылықпен жауап берген маман Тахир Халимназаров біліктілігімен ел назарына ілікті. 

Алматылық маман Тахир Халимназаров сот медицинасы саласында 30 жылдан астам қызмет етіп келеді. Маманның атышулы сотта сөйлеген сөзін 194 мың көрермен тікелей эфирде тамашалаған. 

Кеше Тахир Халимназаров әлеуметтік желіде парақша ашып, халыққа жақсы пікірлері үшін алғыс айтады.  Жазба әп-сәтте 40 мыңнан астам лайк жинап, бірнеше сағаттың ішінде парақшаға 11,5 мың жазылушы қосылды.

"Қымбатты жазылушыларым! Қолдауларыңыз бен ізгі тілектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіргім келді. Сіздердің мен туралы пікірлеріңіз және менің кәсіби қасиеттеріме берген бағаларыңыз мен үшін өте маңызды!" – делінген Тахир Халимназаровтың жазбасында.

Жазбаның астында желі қолданушылары сарапшыға ұзақ ғұмыр тілеп, өз саласындағы кәсіби шеберлігі үшін алғыстарын білдірді.

"Сіздің айғақтарыңыздан қаншама жаңа білім алдық!", "Сіздей мамандар барда біз өз Қазақстанымызға сенеміз", "Кәсібилікке тағзым", "Сирек кездесетін принциптеріне опасыздық жасамайтын және ар-ұжданын сатпайтын адам", "Сіз біздің батырымызсыз!", – делінген пікірлерде.

 

 
 

 

View this post on Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

A post shared by Тахир Халимназаров (@takhir_khalimnazarov)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.