Атырауда инклюзивті балабақша тәрбиешісі баланы ұрып жіберген. Оқытудың педагогикаға қайшы әдістері желіге таралып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан жасалған скрин
Желіде тараған видеода тапсырма орындап отырған жан-жағына алаңдағаны үшін оқытушының оны ұрып жібергенін көруге болады.
Бейнежазба Атыраудағы "Дара-Инклу" жекеменшік балабақшасында түсірілгені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, бейнероликті балабақша қызметкерлерінің өздері сабақ өту кезін көрсету ретінде түсірген. Олар бейнежазбаны балалардың ата-анасын жолдаған, алайда соққы жасаған тұсын алып тастауды ұмытып кеткен секілді.
Баланың ата-анасы ұлын ұрған қызметкерді жазалауды талап етіп, арыз жазған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
- "Дипломаттардың әйелдеріне сабақ беремін": Лондон халқына қазақ тілін үйретіп жүрген 12 жасар қыз өзге елдегі қызықтарын айтып берді
- "Тастамаймын деп уәде беремін": Семейде 11 жасар бала мүгедектігі бар анасы мен інісіне бас-көз болып отыр
“Атырау қалалық полиция департамент аталған факті бойынша тергеу басталғанын, басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіні хабарлайды”, – делінген полиция ақпаратында.
Қалалық білім бөлімі де қызметтік тексеруді бастағанын айтты.
“Оқиға департамент басшылығының қатаң бақылауында. Тексеру қорытындысы бойынша заңға сәйкес тәртіптік шаралар қолданылады”, – деп қосты олар.
Бұған дейін Оралдағы балабақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен тәрбиешіні басып қалғаны хабарланған.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.