Жезқазғанда су желілеріндегі апат салдарынан 150 үй ауыз сусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттiгi хабарлайды.
Фото: freepik.com
Қоғам белсендісі Берік Жағыпаров әлеуметтік желідегі парақшасында су құбырындағы апат туралы бірнеше видео жариялады. Видеода қаланың Батыс ауданының тұрғындары үш күннен бері ауыз судың жоқтығын айтып шағымдануда. Жазба авторының айтуынша, шарасыз қалған жезқазғандықтар мәселеге назар аударту үшін көшені жауып тастаған.
Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі су желілеріндегі апат туралы ақпаратты растады. Әкiмдiк мердігердің жөндеу жұмыстарын бастап кеткенін хабарлады.
"150 үйде су қысымы төмендеді. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін әкімдік мекенжайларға су жеткізуді ұйымдастырды. Мердігер "Мелиоратор" ЖШС су құбырын жөндеуге, қажетті материалдық-техникалық жабдықтауға кірісті. Жұмыстарды 17 қаңтарға аяқтау жоспарлануда", – делiнген әкiмдiк хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.