Танымал мобилограф Қыран Талапбектің әйелі актриса Гүлзада Тұрлаш туған күнін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

фото: https://www.instagram.com/gulzada_tl/

Актриса жекеменшік мерекесінде сыйлаған сыйлықтарын көрсетті. Айтуынша жолдасы Қыран жылан формасында құйылған гауһар жүзік сыйлаған. 

“Рақмет, сүйіктім! Мені таңғалдырудан жалықпайсың!”, – деп жазды Гүлзада. 

Желі қолданушылары актрисаның әрекетін сынап тастады. 

“Байға тимеген бухгалтер апалар сияқты”, “Алтынды толтырып түк көрмегендей тағып алғаны несі?!”, “Махаббаттары жасанды сияқты”, “Алтынмен апталғанша, бала туып баптал”, “Енең неге үйіне аспаз жалдап тамақ істетпейді десек, төркінің керемет жерде отыр екен. Енең Айжұлдызға орамал тақтырып, сәлем салғызушы еді. Содан баласы екеуін ажырастырды”, “Орысша қате сөйлеп, қате жазады осы қыз”, “ақылы аз екені түрінен көрініп тұр”, – дейді желі қоданушылары. 

  • "Барлық адам білетін ақыл": Фариза Төреәлінің ер адамды қорлау туралы жазбасы сынға қалды

  • "Бағасы 800 мыңнан басталады": Қыран Талапбек әйеліне сыйлаған сыйлықтарын көрсетті

Сондай-ақ, Гүлзаданы жақтап, туған күніне ақжарма тілек жаудырып жатқандар да жетерлік. 

“Осы қыз ұнайды, ақкөңіл, позитив болып жүреді”, “Біреудің өміріне араласып не істейсіз, бақыт тілеңіз, жақтырмасаңыз қарамай өтіп кетіңіз өзіңіз үшін жақсы. Қыран мен Гүлзаданы қолдаймын”, “Гүлзаданың тарапына бағытталған хейтті мүлдем түсінбеймін! Ақылына көркі сай әп-әдемі қыз. Бір ер азамат әр әйелдің қасында әр түрлі болып өзгеруі мүмкін. Гүлзаданың қасында Қыранның қолы ащылып, романтик болып өзгеріп жатыр, демек Гүлзаданың махаббаты оны жақсы жағына бұрды”, – дейді оқырман қауым. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Gulzada Turlash 📍Almaty / Dubai (@gulzada_tl)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.