Қарағанды облысы, Теміртау қаласында екі ер адам жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады. Олар жүргізушінің кеуде тұсынан теуіп, жедел жәрдем көлігіне зақым келтіріп, ішіндегі кей заттарын ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қарағанды облысының полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 26 ақпанға қараған түніболған. Күдіктілер қазір қамауға алынған. 

  • Атырауда әйелін өзі босандырып алған азамат жедел жәрдемнің жұмысына наразы
  • "Соттатып пайда таппаймын": Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі өзін ұрған азаматты кешіретінін айтты

"26 ақпанда түнгі сағат 01.00-де Теміртау қаласында көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреулер 45 жастағы жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан. Нәтижесінде жәбірленуші медициналық мекемеге жүгінген. Полицейлер ізін суытпай, 25 жастағы және 29 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. 

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.