АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mosregtoday басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: onlinepharmacyrx.ru

Ол АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жетсе, Украинадағы жанжалды қысқа мерзімде шеше алатынын атап өтті. 

"Мен билікке келгенге дейін бейбітшілікті күш арқылы қалпына келтіреміз. Ал сайлауда жеңіске жеткеннен кейін көп ұзамай мен Ресей және Украина арасындағы келісімге оңай қол жеткіземін", — деді Трамп.

АҚШ президентінің сайлауы 2024 жылдың қарашасында өтеді. Елдің қазіргі көшбасшысы, Демократиялық партияның өкілі Джозеф Байден сайлауға қатысатынын мәлімдеген еді. Трамп республикашыл, ол да қайта сайлануға ниетті екенін мәлімдеді.

Айтк кетейік, бұған дейін Алексей Навальныйдың кенеттен қайтыс болғаны туралы өз жазбасында айтқан Дональд Трамп оған кінәлі адамдар туралы да, Ресей туралы да бірде-бір сөз жазбағаны туралы жазған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.