Оралда газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан екі қабатты Rizyq дәмханасының ғимараты құлап, өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет ТЖД видео кадрларынан

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 4 қаңтар күні түнде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке себеп газдың жарылуы.

Жалын сағат 02:40-та сөндірілген. Қазір үйінділерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар жедел психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефоны жұмыс істейтінін мәлімдеді. 

  • Атырауда тұрғын үйдегі жарылыстан кейін ер адам қаза тауып, екі бала жансақтау бөліміне түсті

  • “Бетін күйік шалып, саусағынан айырылды”: Жаңа жыл түні елімізде 16 адам отшашудан зардап шеккен


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.