“Парижде де осының кебін киюіміз мүмкін”. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Олимпиададағы төмен нәтижелерді Ұлттық Олимпиада комитетін (ҰОК) басқаруға – кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың келуімен байланыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Olympic.kz

Бапи өзінің премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында ҰОК преизденттік қызметіне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев келгеннен бері елдің спорттық жетіктері құлдырай бастағанын айтады. Депутат сөзіне тиек ретінде соңғы рет Токиода (2020) өткен олимпиадада қазақстандық спортшылардың бір де бір алтын немесе күміс медаль алмағанын келтіреді. 

Депутаттың келтірген дәлеліне қарағанда 1994 жылдан 2014 жылға дейінгі жазғы олимпиада ойындарында ел спортшылары тұрақты түрде төртінші немесе бесінші орын алып келген. Алайда 2018 жылы ел құрамасы 9-орынға ал 2023 жылы 11-орынға түскен. Бапи “шамамен Парижде де осының кебін киюіміз мүмкін” деген болжамын да жасырмайды. 2024 жылы Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындары Қазақстанның дербес ел ретінде қатысқан сегізінші олимпиадасы болмақ.

“Осы тәуелсіздік жылдары біздің спортшылар 11 спорт түрінен 14 алтын, 22 күміс және 35 қола медаль жеңіп алған. 1996 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан барлық жазғы олимпиада ойындарында ешқашан алтынсыз қалмай әлемдегі үздік 40 елдің қатарынан түспеді. Бұл ретте елімізде футболдың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен жөн”, – дейді депутат.

Бапи сондай-ақ тағы бір жайтты атап өтеді. Депутат Құлыбаев келгелі Ұлттық олимпиада комитетінің басшылығына кілең ескі Қазақстанның өкілдері іріктеліп алынғанын аңғарған.

  • "Құлыбаевтан басқа инвестор табылмады ма": Депутат Базарбек министр Шаққалиевке шүйлікті
  • Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева Қазақстандағы ең бай адамдар атанды

“Оның ішінде бір-біріне айнымас құда-жекжаттар мен милиардер күйеудің айырылмас достары өріп жүр. Комитетке мүше болып сайлануға 73 жастық шектеу белгіленген. Қазіргі мүшелердің ішінен бұл цензурадан өтіп кеткендер және бүгін-ертең толайын деп отырғандар бар. Ұлттық олимпиада комитеті басқарушы органның осындай шал-шауқандар құрамымен қандай жеңіске жетуге болады?!”, – деп таңырқайды шенеунік.

Құлыбаевтың ірі кәсіпкер екеніне тоқталған депутат “елдің мұнайын сатып қалтасын толтыруды ойлаған ол спортты қайтсін” дейді.

Ермұрат Бапи осы ретте Париждегі олимпиада алдындағы лицензиялық турнирлерге бай-бағыландардың өкілдерін емес, ауылдан шыққан кәсіби спортшыларды апару керек дейді. Сонымен қоса спорт саласындағы жемқорлықты жою үшін үлкен бір шара қолдану керек екенін айтады. Алайда депутат нақты қандай шара қажет екенін нақтыламайды.

Мәжіліс депутаты сондай-ақ Ұлттық олимпиада комитетінің басшылық құрамына ревизия жасап, оларды тек жас және жаңа Қазақстан өкілдерінен жасақтау керек екенін айтады. 

Айта кетейік, Тимур Құлыбаев 2022 жылы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрамына қайта сайланған. Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бері Құрлықтық қауымдастықтың – Азия олимпиада кеңесінің вице-президенті қызметін атқарып келеді.

Ұлттық Олимпиада Комитеттері Қауымдастығының атқарушы комитеті аталған ұйым басқарушы орган болып саналады. Оның құрамына ҰОК-тың 32 өкілі, ҰОКҚ Президенті, аға вице-президенті, ұйымның Бас хатшысы және төрт жыл мерзімге сайланған Дүниежүзілік Олимпиадалық қозғалыстың ең белсенді қайраткерлері кіреді.

Тимур Құлыбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші қызы Динара Құлыбаеваның күйеуі. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.