Қызылорда облысы, Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі әйелін өз-өзін өлтіруге дейін жеткізген ер адамға қатысты сот үкімі шыққанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

Соттың мәліметінше, тергеп-тексеру барысында ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігі (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотталушы Ә-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Сотталушы жәбірленуші Ә-ге қатыгездікпен қарап, қорқытып, адами қадір-қасиетiн үнемі қорлаған. Оған шыдай алмаған әйел тұрғын үй ауласында мал қорада мойнына жіп байлап, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болған. Сотталушының кінәсі оқиға болған жерді қарап-тексеру хаттамасы, жәбірленушінің туыстары мен куәлердің айғағы, сараптама қорытындысымен, жәбірленуші мен сотталушы арасындағы хат алмасу, жәбірленушінің ұялы телефонынан алынған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын растайтын жазба және басқа да дәлелдемемен бекітілді", – делінген баспасөз қызметініңі хабарламасында.

  • Атыраулық келіншек балаларын төрт рет сатып жіберген

  • Алматыда автобуста бұрынғы әйеліне пышақпен шабуылдаған азамат екі айға қамауға алынды

Айта кетерлігі, сотталушы сотта өз кінәсін мойындамаған. Айыпталушы жас балаларының болуы жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде қабылданмаған. Себебі оның қылмысы жас балаларының анасына қарсы бағытталған және анасынан айырылуына алып келген.

"Сырдария аудандық сотының үкімімен сотталушы Ә. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушыға қолданылған "ешқайда кетпеу" түріндегі бұлтартпау шарасы "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілді. Сотталушы сот залынан қамауға алынды. Азаматтық талап қоюшы Б. азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылды. Азаматтық жауапкер сотталушы Ә.-ден азаматтық талап қоюшы Б.-ның пайдасына 10 000 000 теңге моральдық зиян шығындар өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қызылорда облысында алкогольдік мас күйде жол-көлік апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші сотталды. Оқиға барысында бір жасөспірім көз жұмды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.