Е. Д. Даркенбаев



Pdf көрінісі
бет1/246
Дата14.01.2022
өлшемі14.84 Kb.
#169712
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246
Darkenbaev Sharuashlyk



 
 
 
 
 
 
 
Е.Д. ДАРКЕНБАЕВ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шаруашылықтық және елді мекендегі  
жер ресурстарын болжамдауды ұйымдастыру 
 
«Жерге орналастыру» және «Кадастр» мамандығының 
студенттеріне арналған оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2016 
 



 
ЖОК 631.12.(075.8), 332 (075.8), 332.5. 
ББК  
Д 
 
Пікір жазған: 
Ә.Т. Әймен – экономика ғылымдарының докторы, профессор; 
А.С. Сейтқазиев - техника ғылымдарының докторы, профессор;  
Мусаев А.И. - техника ғылымдарының докторы, профессор;. 
 
 
 
Е.  Д.  Даркенбаев  «Шаруашылықтық  және  елді  мекендегі  жер 
ресурстарын болжамдауды ұйымдастыру». Алматы: «ЭВЕРО», 2016. - 356б. 
 
Оқу құралында ауыл елді мекен территорияларын өте тиімді ұйымдастырылуын, әр 
жер  учаскелерін  білімгерлікпен  тиімді  пайдалану  қажеттілігін,  жер  ресурстарын 
пайдалануды  болжау  бағдарламасына  және  оқу  жоспарларының  талабына  сәйкес 
құрастырылған, сонымен қатар өзінің құрамында барлық қажетті ақпараттық материалдар 
қарастырылған. 
Оқу  құралы  «Жерге  орналастыру  шаруашылығы  мен  ауыл  елді  мекенді 
жоспарлау»,  «Жер  мониторингі  негіздері»,  «Кеңістіктік  жоспарлау  жер  ресурстарын 
пайдалануды болжау» пәндері бойынша құрастырылған.  
Сонымен  қатар  оқу  құралының  құрамында  пәндер  бойынша  орындалатын 
зертханалық  жұмыстарды  орындау  әдістемелері,  пәндердің  толық  курсын  қамтитын  тест 
тапсырмалары және түсіндірме сөздік келтірілген. 
Оқу құралынан «Жерге орналастыру және кадастр» мамандығының студенттерімен 
қатар  «Мелиорация және агрономия», «География»,  «Су  ресурстары және су пайдалану» 
мамандықтарының студенттері де өздеріне қажетті мәліметтерді таба алады.  
 
 
Оқу  құралы  «Су  шаруашылығы,  экология  және  құрылыс»  факультетінің  ғылыми-
әдістемелік  бірлестігі  және  білім  сапасын  бақылау  комитетінде  қарастырылып 
мақұлданды. (№ 5 хаттама 22.01.2016ж.).
 
 
ISBN  
© Е. Д. Даркенбаев, 2016 
© ЖШС «Эверо», 2016 
 
 
 



 
 
КІРІСПЕ 
 
Қазақстан  Республикасының  «Жер  туралы»  (29  қаңтар  2001  жыл) 
Заңын  жүзеге  асыруға  байланысты  шаруашылық  елді  мекендердің  ауданы 
қоршаған  ауыл  шаруашылық  алқаптардың  есебінен  бірқатар  өсті.  Ауылдық 
әкімшіліктер  құрамында  миллиондаған  гектар  жайылым,  шабындық, 
жыртылған жер, бақтар бар. Бұл жерлер елді мекендегі тұрғындардың малын 
бағуға, азығын дайындауға, көкөнісін, бау-бақшасын өсіруге бағытталған. 
Сонымен  қатар,  елді  мекендерде  (ауылда)  шаруа  қожалық,  тұрғындық 
орталықтар  пайда  болды,  қайта  ұйымдастырылған  кооперативтердің, 
акционерлік қоғамдардың, бірлестіктердің шаруашылық орталықтары құрыла 
бастады,  тұрғындық  жерлердің  ауданы,  оны  пайдалану  бағыты  өзгерді. 
Кейбір  елді  мекендерде  (ауылда)  бос  қалған  жерлер,  жарамсыз  жерлермен 
иесіз  қалған  құрылыстар  бар.  Бұл  жерлерді  міндетті  түрде  қалпына  келтіру 
шаралары  жүргізілу  қажет.  Ауыл  елді  мекен  жерлері  бұрынғы  кезде  ауыл 
шаруашылық өнімдерін аз берген жоқ, сондықтан да қазір сүт, ет, жұмыртқа 
және  т.б.  өнімдерді  өндіру  өндірістерін  келешекте  кеңейту  жолдары 
қарастырылып  отыр.  Осы  мүмкіндіктерді  жүзеге  асыру  үшін,  ауыл  елді 
мекен  территорияларын  өте  тиімді  ұйымдастыру  керек,  әр  жер  учаскелерін 
білімгерлікпен тиімді пайдалану қажет. 
Сонымен қатар айналадағы табиғи ортаның мемлекеттік мониторингісі 
тиісті  табиғи  ортаның  пайдалануы  мен  қорғалуын  бақылайтын  арнайы 
уәкілдік  алған  ұйымдар  тарапынан  атқарылатын  табиғаттың  жай-күйін 
бақылау және оны бағалап, болжам жасап отыратын қызмет. 
Бақылау жүргізген кезде табиғи ортаның шынайы жайы туралы ақпарат 
жиналады.  
Баға  табиғи  немесе  антропогенді  (жасанды)  әсерлердің  салдарынан 
келетін  зиянды  әйтпесе  табиғат  қорларының  адамдардың  мүддесі  үшін 
қолданылуын және олардың қызметіне оңтайлығын анықтайды. 
Болжам  алынған  ақпараттарға  сүйеніп,  табиғи  ортаның  өзгерісін  және 
ол  тигізетін  әсерлерді  шамалайды.  Мониторингтің  түрлері  табиғи  ортаның 
құрамына  қарай  жүргізіледі.  Мемлекеттік  мониторингтің  жүйесіне  жер 
мониторингі,  су  мониторингі,  жер  қойнауы  мониторингі,  орман  және 
өсімдіктер мониторингі және атмосфера (ауа) мониторингі жатады. 
Мемлекеттік мониторинг  құрылымын, мазмұны мен оны жүзеге асыру 
тәртібін  Қазақстан  Республикасының  Министрлер  кабинеті  белгілейді. 
Мысалы,  1993  жылдың  30  қыркүйегінде  «Қазақстан  Республикасының  жер 
мониторингі туралы ережесін бекіту» жайлы қаулы қабылданды. 
Кеңістік  жоспарлау,  жер  ресурстарын  пайдалануды  болжаудың 
мақсаты  мен  мазмұны  болып  жерге  орналастыру  облысындағы  келешек 
мамандардың  жерге  орналастыруды  пайдалануды  болжау  және  жоспарлау 
теориясы  мен  әдістерін,  республикалық,  облыс  және  аудандық  жерге 
орналастыру  жүйелерін  келешекке  ұзақ  мерзімге  жоба  алдындағы  болжау 
құжаттарын құрастыруға байланысты игеру. 



 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет