Е. Д. Даркенбаев


Ауыл  елді  мекеннің  түрлері



Pdf көрінісі
бет3/246
Дата14.01.2022
өлшемі14.84 Kb.
#169712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246
Darkenbaev Sharuashlyk
Ауыл  елді  мекеннің  түрлері.  Елді  мекен  -  қалаларға,  поселкелерге, 
ауыл шаруашылық елді мекендерге бөлінеді. 
Қалалар  бұл  ең  үлкен  елді  мекен  орындары.  Қала  халқының  саны  12 
мыңнан  кем  болмайды,  негізгі  бөлігі  (80%-90%)  ауыл  шаруашылығымен 
байланысты емес. Қала мынадай базалардан құралады, олар әкімшілік, халық 
шаруашылығы, мәдени-ағарту орындары, өндірістен тұрады. 
Поселкаларға  мыналар  жатады:  жұмысшылар,  курортты  мекендер, 
саябақтар,  сонымен  қатар  арнайы  мекендер  кіреді.  Поселкелердің  негізі 
көпшілік қала тұрғындары сияқты ауыл шаруашылығына байланысты емес. 
Ауыл  шаруашылық  елді  мекендеріне,  барлық  қалған  мекендер  жатады. 
Бұл елді мекеннің ең негізгі базасы, ауыл шаруашылығы болып есептеледі. 
Ауыл шаруашылық мекендерді төрт топқа бөледі: 
- ауыл шарушылық бағытта; 
- ауыл елді мекенге жақын (қала маңы); 
- өндіру (өндірістік); 
- қызмет (қызмет бағытына) арнайы жұмысты атқаратын елді мекен. 
1.  Ауыл  шаруашылық  елді  мекеннің  түріне  -  акционерлік  қоғамдар, 
өндірістік  кооперативтер,  мемлекеттік  шаруашылықтар  және  т.б.  ауыл 
шаруашылық өндірістер жатады. 
2.  Ауыл  елді  мекенге  жақын  орналасқан  елді  мекен  түріне  -  қала  мен 
қала  орталығымен  тығыз  байланыста,  ол  жерде  өндіріс  орталықтарымен 
байланыста  болатын  елді  мекен,  тұрғындарының  құрамы  әрқилы,  кәсіби 
және жұмысшы интелегенттер жатады. 
3.  Өндіру  (ерекше)  ауыл  шаруашылық  мекендерге  балық  ұстаумен, 
аңдарды ұстаумен айналысатын және т.б. өндіру жұмыстары жатады. 
Арнайы  қызмет  жұмыстарын  атқаратын  елді  мекен  -  бұларға  кішігірім 
немесе  бір  адамнан  тұратын  мекендерді  айтады.  Мысалы:  орман 
қарауылдары  су  және  жол  транспорттарының,  темір  жол  бойында  істейтін 
жұмысшылар жатады. 



 
АҚ,  ЖШС  тұратын  елді  мекен  орны  -  усадьба  деп  аталады.  Ал  усадьба 
орталыққа, бөлімшелерге және фермаларға бөлінеді. 
Ауыл  елді  мекендерінде  тұрғындар  саны  бойынша  қалаға  қарағанда 
әлденеше  аз  болады.  Бұл  оның  1-ші  ерекшелігі,  2-ші  ерекшелігі  оның 
аймағын өндіріс орындары қоршап жатады (танаптар, жайылымдар т.б.), 3-ші 
ерекшелігі,  қала  тұрғындарына  қарағанда  ауыл  тұрғындары  қосымша 
шаруашылықтармен  айналысады  (тауық,  сиыр,  қой  малы),  4-ші  ерекшелігі 
тұрғын үйлердің біркелкі бір этажды үйлерден тұратыны. 
Ауыл  елді  мекендерді  ғылыми  тұрғыда  жоспарлаудың  басты  принципі 
болып  сол  ауыл  елді  мекен  тұрғындарының  әл  ауқатын,  жұмыстарын  өте 
жоғары дәрежеде қамтамасыз ету болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет