Е. Д. Даркенбаев


 Жоба құрылымы мен мазмұнының құрамы



Pdf көрінісі
бет4/246
Дата14.01.2022
өлшемі14.84 Kb.
#169712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246
Darkenbaev Sharuashlyk
1.2 Жоба құрылымы мен мазмұнының құрамы 
Бастапқы материалдар және құрылыс үшін телімін таңдау 
 
Ауыл 
шаруашылық 
елді 
мекенде 
жобалау 
және 
жоспарлау 
шаруашылықтың келешектегі даму жоспары негізінде жүргізіледі. Бұл жерде 
әрине аудандық жобалау негізінде, өндіріс күштерінің орналасуын, өндірістік 
кооперативтер,  акционерлік  қоғамдар  мен  жауапкершілігі  шектеулі 
серіктестіктердің экономикалық және әлеуметтік бағытын ескеріп отырады. 
Ауыл  елді  мекенді  жоспарлау  ауыл  шаруашылығын  өндірістерімен 
жерге орналастыру аймақтарына байланысты ұйымдастыру қажет. 
Ауыл  елді  мекенді  жобалау  және  құрылыс  жүргізу  мақсаты  мынада: 
болашақтағы  даму  жолдарын,  архитектура  -  жобалау  құрылымдарын, 
аймақтағы  функционалды  және  құрылыс  зоналарын  белгілеуге,  барлық 
тұрған  объектілерін  кіргізуге  мәдени-комуналдық  және  өндіріске  арналған 
жерлерді  анықтауға,  олардың  өз  кезегімен  құрылыстарын  жүргізуге 
бағытталады. 
Ауыл  елді  мекендегі  жобаны  және  құрылысты  жоспарлау  құрамы  2 
бөліктен  тұрады:  графикалық  сызба  және  есептік  -  түсініктеме  түрінде 
жасалынады. 
Графикалық бөлімге мыналар кіреді: 
1.  Шаруашылықтың  жерді  пайдалану  схемалары,  олар  мына  масштабта 
орындалады  1:10000  және  1:25000,  бұл  сызбалар  аудандық  жобаны 
жоспарлау  және  ішкі  шаруашылықты  жерге  орналастыру  жоспарларының 
негізінде жасалынады т.б.; 
2.  Қазіргі  жағдайдағы  ауыл  елді  мекен  орындарының  аймақтарын 
пайдалану  жоспарын  1:2000  масштабта  орындайды,  оған  аймақтағы 
құрылыстар, инженерлік құрылыстар, жолдар, көшелер, өткелдер т.б. кіреді; 
3.  Бастапқы  жоба  (ген  план  -  негізгі  сызба)  -  бұған  аймақтың 
жобаланатын  шекаралары,  өндірістердің  және  ауыл  елді  мекеннің  зоналары 
кіреді;
 
4.  Тік  сызбаларда  жоспарлаудың  қара  және  қызыл  өлшемдері 
белгіленеді,  (бұл  сызбада  рельефтің  жобаға  дейінгі,  жобадан  кейінгі 
өлшемдері көрсетіледі); 



 
5.  Инженерлік  жүйелер  сызбаларында  мыналар  көрсетіледі:  электр 
жүйелерінің желісі, су тасымалдау жүйелері, гидро-техникалық құрылымдар: 
- есептік-түсініктеме бөлімінде, бастапқы материалдар, жобалық есептер 
және оған түсініктеме, сонымен қатар сметалық-қаржы есептері; 
-  жобалау  барысы  (жүйе,  кезең),  үлкен  мекендердегі  құрылыстарды 
жобалау  және  жоспарлау  процестері  2-жүйеден:  1-шісі  техникалық  жоба,  2-
шісі жұмыс сызбаларынан тұрады; 
-  жоспарлау  схемалары  және  пайдалану  мәні.  Оның  мақсаты  мынада, 
архитектураны (сәулетті) - жоспарлау композициясының негізінде, ауыл елді 
мекенінің  жергілікті  жағдайын  ескере  отырып  жасау.  Сызба  топографиялық 
жоспарда 1:2000 масштабта жасалынады. 
Бастапқы  материалдар.  Жобалау  үшін,  бастапқы  материалдар  негізі 
болып:  шаруашылықтың  болашақта  даму  жоспарлары,  аудандық  жобалау 
жоспарлары,  ішкі  шаруашылықтағы  жерге  орналастыру  жобалары,  арнайы 
инженерлік  зерттеу  мен  ізденулер  материалдары,  жобалауға  берілетін 
тапсырма кіреді. 
Жобалауға  тапсырма  -  құжаттардың  бірі  болып  есептеледі.  Жобалау 
ұйымдармен,  шаруашылық  мамандарының  тапсырма  берушінің  қатысуымен 
жасалынады. 
Ол  мынадай  бөлімдерден  тұрады:  жердің  экспликациясынан,  өндіріс 
орындарынан,  механикалық  жөндеу  базаларынан,  мәдени  коммуналдық 
мекемелерден, жақсарту, көгалдандыру т.б. 
Жобалау  тапсырмасын  аудандық,  облыстық  коммитеттермен  келісіліп, 
Қазақстан  Республикасының  Жер  қорын  және  Жер  ресурстарын  басқару 
комитеті бекітеді. 
Учаскені  таңдау.  Ауыл  елді  мекенде  жаңа  немесе  ескі  құрылыстарды 
қайта  құру  үшін  учаскелерді  таңдау  қажет,  ол  үшін  орындарды  тиімді 
пайдалануын  есепке  алу  керек,  сол  аймақта  тұратын  елдің  тұруына  және 
демалуына табиғи жағдайды ескере отырып таңдап орналастырады. 
Құрылысқа  арналған  учаскелерді  жаңа  немесе  ескі  құрылыстарды 
өзгерту  үшін  ауыл  шаруашылыққа  жарамсыз  жерлерді  немесе  сапасы  төмен 
ауыл  шаруашылық  жерлерді  пайдаланады.  Ауыл  шаруашылық  елді  мекен 
орындарын таңдау тұрақты комиссияға жүктеледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет