Е. Д. Даркенбаев


Ауыл  елді  мекеніндегі  тұрғындарды  әдістемелік  жолмен  есептеу



Pdf көрінісі
бет6/246
Дата14.01.2022
өлшемі14.84 Kb.
#169712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246
Darkenbaev Sharuashlyk
Ауыл  елді  мекеніндегі  тұрғындарды  әдістемелік  жолмен  есептеу. 
Ауылды  елді  мекенде  тұратын  тұрғындар  санын  есептеу  үшін  2-  тәсіл 
қолданылады: 
- еңбектік тепе-теңдік тәсілі; 
- статистикалық тәсіл. 
Еңбектік  тепе-теңдік  тәсілі.  Бұл  тәсілдің  мәні  мынада:  барлық  жобалы 
тұрғындарды  Н-деп  белгілейміз,  ал  ол  өз  алдына  еңбекке  қатысты  3-топқа 
бөлінеді.  
(А) - қаланы қалыптастыратын тұрғындар 
(Б) - тұрғындарға қызмет ететін топтың саны; 
(В) - еңбекке жарамсыз топтар (не самодеятельную). 
Егерде  барлық  жобалы  тұрғындар  саны  (Н)  100%  деп  қабылдасақ,  онда 
қаланы қалыптастыратын топты яғни (А), % есебімен мына теңдікті құрайды: 
 
100-(Б+В), 
 
Бұл көрсеткіштердің өзара пропорционалдық байланыстары бар, яғни: 
 


В
Б
А
Н



100
100

 
Осы  формуланың  негізінде  жалпы  тұрғындар  санын  (Н)  жоғарыда 
айтылған тәсіл бойынша анықтауға болады: 
 
Б
т
п
в
а
Т
А
Н







100

 
Қазіргі  кездегі  қолданылып  отырған  құқық  баптарына  сәйкес  еңбекке 
жарамды жасқа 16 - ға келген жастар жатады: яғни ер адамдар үшін - 63 жас, 
ал әйелдер үшін - 58 жасқа дейін еңбекке жарамды деп есептеледі. 
Осы вариант бойынша есептеу үшін мына формула ұсынылады. 
Еңбекке  жарамды  жобалы  тұрғындар  санын  мына  формуламен 
анықтайды: 
 
Т - а - в - п + т – Б,  
 
 
Мұндағы:  
А-қаланы қалыптастыратын кадрлардың абсолюттік саны; 
Т - еңбекке жарамды жастағы тұрғындар саны; 



 
а  -  еңбекке  жарамды  жастағы  тұрғындар  саны  (үй  шаруашылығы  және 
қосымша шаруашылықтармен айналысатын адамдар саны); 
в  -  еңбекке  жарамды  жастағы  оқушылар  саны  (өндірістен  қол  үзіп 
оқитын оқушылар саны % есебімен 100% орта оқу орындарындағы, кәсіптік 
техникалық  училищедегі  және  күндізгі  бөлімде  институтта  оқитын 
оқушылар); 
п - еңбекке жарамды жастағы жұмыс істемейтін мүгедектерінің саны, % 
есебімен (2-2,5%) 1-ші кезең үшін және 1-1,5%-есептік уақытқа; 
т-  жұмыс  істейтін  пенсионерлер  саны  есебімен  (20-30  үлкен  жастағы 
топтар саны, 1-ші кезекке және 30-40 есептік уақытқа); 
Б  -  тұрғындарға  қызмет  көрсететін  топтың  саны.  Келешекте  болатын 
тұрғындар  санын  есептеу  үшін  кейде  ықшамдалған  формуланың  түрі 
қолданылады: 
 
Н = А*К, 
 
Мұндағы:  К  -  қаланы  қалыптастыратын  тұрғындар  санын  көрсететін 
коэффициент мынадай аралықта қабылданады (2,5-3,3). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет