Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум



жүктеу 1.58 Mb.
бет1/10
Дата21.04.2019
өлшемі1.58 Mb.
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экономика факультеті
Экономика және бизнес құжырасы


Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова

МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІНЕН ПРАКТИКУМ
Оқу-әдістемелік құрал

Қостанай – 2009



ББК 65. 012.1

Ә.14
Әбдіхалықов Әбутәліп Әмірұлы, аға оқытушы

Әбдіхалықова Қарлығаш Сұрағанқызы, аға оқытушы



Пікір берушілер:

Жахеева М.Б., экономика ғылымдарының кандидаты,, профессор, М.Дулатов атындағы ҚИПУ менеджмент құжырасының меңгерушісі

Жиентаев С.М. экономика ғылымдарының докторы, профессор, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономикалық теория және басқару құжырасының меңгерушісі

Турежанов С.У., экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономика және бизнес құжырасының меңгерушісі

Әбдіхалықов Ә.Ә.

Ә 14 Микроэкономикадан практикум – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2010 ж. – 111 б.

Оқу-әдістемелік құрал экономика мамандығы бойынша білім алатын студенттерге практикалық сабақтар өткізуге арналған. Құралда алдымен қысқаша теориялық материалдар, ауызша және тестік тапсырмалар, есептер мен түрлі жаттығу тапсырмалары және есептердің шығару жолдары берілген

Әдістемелік құралды жоғарғы оқу орнының студенттері, магистранттар, тәжірбие сабақтарды жүргізуде көмекші құрал ретінде оқытушылар, сондай-ақ микроэкономикадан өз бетімен білімін жетілдірем деушілер пайдалана алады.



ББК 65.012.1
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілді, 17.02.2010 ж., хаттама № 4

 А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, 2010


МАЗМҰНЫ


Кіріспе ....................................................................................................................4

1. Қазіргі микроэкономика және оның әдістемесі ...............................................5

2. Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері ................................................14

3. Сұраныс пен ұсыныстың икемділік теориясы ...............................................24

4. Тұтынушы талғамы теориясы .........................................................................34

5. Өндіріс теориясы ..............................................................................................44

6. Өндіріс шығындары .........................................................................................54

7. Жетілген бәсеке нарығындағы ұсыныс ..........................................................64

8. Монополия .......................................................................................................76

9-10. Монополиялық бәсеке және олигополия ..................................................86

11. Өндіріс факторларының нарығы .................................................................96

12. Қоғамдық игіліктерді өндіру және қоғамдық таңдау ...............................105

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі ................................................................111
Кіріспе
«Микроэкономика» экономика саласының мамандарын дайындау барысында оқытылатын іргелі пәндердің бірі болып саналады. Микроэкономика нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар мен шаруашылықтардың күнделікті іс-әрекеттерін, олардың экономикалық шешім қабылдауда көзқарастары мен тұжырымдарын, басшылыққа алу процестерін түсінуге мүмкіндік беретін пән.

Микроэкономикалық теорияны түсіну, ондағы шешім қабылдаудағы процестерді оқып-үйрету, меңгеру ертеңгі экономистік бағыттағы мамандар үшін маңызды роль атқарады. Микроэкономикалық теорияны меңгеру экономикалық тұрғыдан ойлауға барынша мүмкіндік тудыра отырып, қоғамда болып жатқан экономикалық процестерді түсінуге, оның даму беталысына баға беруге көмектеседі.

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал микроэкономиканың негізгі 11 тақырыбын қамтыған. Барлық тақырыптар типтік бағдарламаға және осыны негізге алып жасалған жоғарғы оқу орнының оқу бағдарламасына сәйкес келеді.

Оқу-әдістемелік құрал экономика мамандығы бойынша білім алатын студенттерге практикалық сабақтар өткізуге арналған. Құралда алдымен қысқаша теориялық материалдар, ауызша және тестік тапсырмалар, есептер мен түрлі жаттығу тапсырмалары және есептердің шығару жолдары берілген.

Әдістемелік құралды жоғарғы оқу орнының студенттері, магистранттар, тәжірбие сабақтарды жүргізуде көмекші құрал ретінде оқытушылар, сондай-ақ микроэкономикадан өз бетімен білімін жетілдірем деушілер пайдалана алады.

Құралда берліген түрлі тапсырмалар: жаттығулар мен есептер, ауызша сұрақтар мен тестік сауалдар студенттердің айтылмыш пән бойынша іргелі білім алып оны келешекте практикада қолдануына мүмкіндік береді.

Әр тақырыптың соңыда келтіріліген бақылау сұрақтары мен өзіндік шығаруға қалдырылған есептер, тесітік сұрақтар арқылы әр студент өз білімінің қандай деңгейде екенін тексере алады деген сенімдеміз.
1. ҚАЗІРГІ МИКРОЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
1. Қысқаша теориялық материалдар
Микроэкономикалық талдау нақты бір методологиялық негіздерге сүйенеді. Методология - ғылыми тану мен зерттеудің құралдары мен принциптері, талдау мен түсінудің әдістері. Методологияға ғылыми зерттеудің мақсаты, танудың теориялық сатылары, модельдеу, зерттеу барысында жасалған тұжырымдардың шындығын тексеру кіреді.

Микроэкономикалық теория мынадай методологиялық қағидаларға сүйенеді:



  • шектелген экономикалық ресурстар тандау немесе тапшылық проблемасын туғызады;

  • микроэкономикалық құбылыстар себеп-салдарлы байланыстардан тұрады;

  • адамдардың іс-әрекеттерін, қабылдайтын шешімдерін алдын ала анықтау мүмкін емес, бірақ олар туралы болжау жасауға болады;

  • логиканың көмегімен болжауларға сүйене отырып, әр түрлі тұжырымдар жасалады;

  • жасалған тұжырымдар практиканың көмегімен тексеріледі.

Осы методологиялық қағидаларға сүйене отырып экономистер микроэкономикалық теориялар немесе модельдер құрастырады.

Теория тапшылық мәселесін шешу барысындағы тандауға әсер ететін факторларды (өзгермелерді) түсіндіреді. Бірақ теорияның толығымен фактілерге сәйкес келуін талап етудің қажеті жоқ. Себебі, теорияда барлық факторлар емес, олардың ішіндегі ең негізгілері, жеке байланыстар емес, жалпы байланыстар қарастырылады. Теория мәселені мазмұнды түсінуге мүмкіндік береді.

Микроэкономикалық теориядан туындайтын тұжырымдарды алу үшін модельдер қолданылады. Экономикалык модель ол, жеңілдетілген теория. Микроэкономикалық модельдерде күрделі себеп-салдарлы байланыстардың жеке бөліктері қарапайым түрде зерттелінеді. Экономикалық модельдердің көмегімен экономикалық субъектілердің шешіміне әсер ететін өзгермелер анықталынады.

Модельдерді құрастыруға дейін мәні белгілі өзгермелерді «экзогенді» өзгермелер дейді. Модельдің көмегімен анықталған өзгермелерді «эндогенді» өзгермелер дейді. Модельдің негізгі мақсаты экзогенді өзгермелердің эндогенді өзгермелерге қалай әсер ететінін анықтай отырып, зерттелген себеп-салдарлы байланыстардан нақты қорытынды жасау.

Микроэкономикалық модельдерді құрастыру барысында модельге енгізілмеген өзгермелерді тұрақты деп жорамал жасалынады. Сондықтан микроэкономикалық модельдерді талдау барысында «басқа факторлар тұрақты болса» деген сөздерді жиі кездестіреміз.

Микроэкономикалық модельдерде зерттелінетін экономикалық құбылыстар ауызша, графиктің көмегімен, аналитикалық және математикалық әдістермен түсіндіріледі. Микроэкономикалық зерттеулерде қолданылатын модельдер де ақиқатқа сәйкес келе бермейді. Себебі модельдерге күрделі экономикалық құбылыстарды толығымен енгізу мүмкін емес. Экономикалық модельдерде адамдардың іс-әрекеттері, қабылдайтын шешімдері және себеп-салдарлы байланыстары туралы пайымдар болжамдалып жасалынады. Сондықтан, модельдегі тұжырымдар фактілермен дәлелденуі немесе жоққа шығарылуы мүмкін. Егер теория ақиқатқа сай келмесе, онда теорияны қайта қарауға тура келеді. Жақсы теорияның көмегімен болашақтағы нәтижені алдын ала болжауға болады.

Микроэкономикалық теорияны жете меңгерудің нәтижесінде ғана күрделі экономикалық процестердің мәнін түсінуге және дұрыс шешім қабылдауға болады.

Микроэкономикалық құбылыстар мен процестерді талдау барысында әр түрлі әдістер қолданылады. Экономикалық теорияның жалпы және нақты талдау әдістері студенттерге белгілі. Оларға позитивті, нормативті, диалектикалық, құрылымдық, жүйелі талдау және модельдеу әдістері жатады.

Микроэкономика пәнін, зерттеу объектісін талдау мынадай методологиялық негізге сүйенеді: шексіз тұтыну қажеттіліктерді шектелген экономикалық ресурстардың көмегімен барынша толық қанағаттандыру үшін ресурстардың тиімді қолдану жолдарын іздеу қажет. Осы іздеу барысында жеке экономикалық субъектілер бір-бірімен экономикалық қатынастарға түседі, шешім қабылдайды және рациональды тандау жасайды. Бұл қатынастар нарықтық механизмдердің көмегімен реттелінеді. Осы методологиялық негіз микроэкономикаға тән ерекше зерттеу әдістерін қолдануды талап етеді.
2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) Экономикалық мәселелер

Ә) Бағаның тұрақты деңгейі

Б) Еңбек

В) Капитал

Г) Технология

Ғ) Кәсіпкерлік қабілет

Д) Тұтынушы тауарлар

Е) Әкімшілік экономика

Ж) Экономикалық тиімділік

З) Аралас экономика

И) Кірісті әділ бөлу

К) Нарықтық жүйе

Л) Дәстүрлі экономикалық жүйе

М) Өндірістік ресурстар

Н) Экономикалық өсу

О) Экономикалық ресурстар

1. Шаруашылықтың дамуы тек баға механизмі арқылы реттелетін жеке меншікке негізделген экономикалық жүйе.

2. Тауар көлемінің дұрыс өсімі

3. Сирек кездесетін ресурстардың арасындағы шығындар және сол тауардың қызмет көрсету көлемдерінінің нәтижесін құрау негізінде осы ресурстарда қолданылатын қарым-қатыныс.

4. Тауарлар мен қызмет көрсету өндірістік технологиясы мен тәсілдері

5. Не, қалай кім үшін өндіреді?

6. Құрал жабдықта, еңбек заты мен машина және шикізаттардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен қызмет көрсету түрі.

7. Адамның өндірістік ресурстарды қолдану тиімділігі мен ұтымды жолдармен мәселелерді шешудің, инновациялық үрдістерге қатысуы және жеңуі мен жеңіле білу әдісі.

8. Әр түрлі нысандағы меншіктің түрлерінің дамуы нарықта реттеледі, дәстүрлі және орталықтандырылған шешімдерде негізделетін экономикалық жүйе.

9. Қоғамның жанама қажеттіліктерін қамтамасыз ету және тауар өндіру үшін қолданылатын адамның қолымен жасалынған ресурстар.

10. Экономиканың мемлекеттік меншікке және орталықтандырылған басқаруға негізделген жүйе

11. Өндірістік ресурстардың салт-дәстүрі және тәжірибелігі өндірісте қолданылғанда анықталатын экономикалық жүйе.

12. Тауар және қызмет көрсетулерді өндіру барысындағы қолданылатын өндірістік факторлар.

13 Тауар және қызмет көрсету өндірісінде адамның физикалық және ойлампаздығын жұмсайтын тәсілі.

14. Инфляция мен дефляцияны болдырмау арқылы бағаның тұрақтылығын сақтау

15. Қоғамның бір тобы байығанда, екіншілері кедейленбеуін қадағалау

16. Басқа игіліктерді өндіруде пайдаланылатын игіліктер




3. Дұрыс/дұрыс емес (Иә/жоқ)

№№

Тұжырым

Иә/жоқ

1

Экономикалық нәтижелілік - шығын аз жұмсалынып, сапаның деңгейі жоғарболуы қажет




2

Әкімшілік экономика - экономикалық агенттердің тәуелсіздігі




3

Тұтынушының экономикалық мақсаты - барлық қажеттіліктерін қанғаттандырудағы тиімділік қызметін барынша пайдалану




4

Фирманың экономикалық мақсаты - тиімділікті барынша пайдалану және шығынды азайту




5

Микроэкономика - кіші экономикалық бірліктер жүзеге асыратын таңдау жиынтығын зерттейтін экономиканың бөлігі




6

Экономикалық таңдау - бұл бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын таңдап алу




7

Кірісті әділ бөлу - инфляция мен дефляцияны болдырмау арқылы бағаның тұрақтылығын сақтау




8

Микроэкономикалық теория - адамдардың экономикалық қызметтерін оның маңызды жалпы заңдылықтарын белгілей отырып зерттейді




9

Экономикалық агенттер - экономикалық игіліктер өндірісіне, бөлуге, айырбас пен тұтынуға қатынасатын экономикалық қатынас субъектілері не болып табылады




10

Экономикалық субъект - басқа игіліктерді өндіруде пайдаланылатын игіліктер




11

Кәсіпкерлік қабілет - нарықтық – экономикаға қарама-қайшы




12

Нарықтық экономика - алғашқы екі элементтерін синтездейтін, яғни нарық механизмі мемлекеттің белсенді араласуымен толықтырылатын қоғамның жүйесін түсіндіреміз




13

Толық еңбекпен қамту - еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету




14

Бағаның тұрақты деңгейі - экономикалық игіліктер өндірісіне, бөлуге, айырбас пен тұтынуға қатынасатын экономикалық қатынас субъектілері не болып табылады




15

Өндірістік факторлар - басқа игіліктерді өндіруде пайдаланылатын игіліктер




16

Аралас экономика - жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекелестікке негізделген жүйе ретінде сипатталынып, жеке мүддеге сүйеніп үкіметтің рөлін шектейді





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Экономикалық ғылым нені зерттейді?

А) экономикалық қажеттіліктер мен оны қанағаттандыру тәсілдерін;

В) қоғамның шаруашылық өмірі адамдардың қажеттіліктерін әр түрлі экономикалық игіліктерін;

С) адамдардың экономикалық қызметтері нақты экономикалық іс - әрекеттерін;

D) адамдардың экономикалық қызметі мен жалпы жалпы экономикалық мәселелерді;

Е) адамдардың экономикалық қызметі өздерінің қажеттіліктерін.


2. Экономикада жеке әрекет ететін кез - келген бірлік

А) экономикалық қажеттілік

В) экономикалық игіліктер

С) экономикалық объекті

D) экономикалық субъекті

Е) экономикалық ресурс

3. Позитивті экономикалық теория мынаны қарастырады:

А) ненiң барлығын;

В) ненің болу керек екенiн;

С) экономикалық дамуағы жағымды тенденцияларды;

D) А және С жауаптары дұрыс;

Е) жоғарыда аталғандардың барлығын.


4.Микроэкономикалық теория нені зерттейді?

А) экономикалық қажеттер мен оны қанағаттандыру тәсілдерін зерттейді;

В) қоғамның шаруашылық өмірі адамдардың қажеттіліктерін әр түрлі экономикалық игіліктерін;

С) адамдардың экономикалық қызметтерін оның маңызды жалпы заңдылықтарын белгілей отырып зерттейді;

D) адамдардың экономикалық қызметі мен жалпы жалпы экономикалық мәселелерді;

Е) адамдардың экономикалық қызметі өздерінің қажеттіліктерін.


5. Нормативті экономикалық теория мынаны қарастырады:

А) ненiң барлығын;

В) ненiң болу керек екенiн;

С) экономика дамудың жағымды тенденцияларды;

D) А және С жауаптары дұрыс;

Е) жоғарыда аталғандардың барлығын.


6. Микроэкономика экономикалық ғылымның үлкен бір бөлігі ретінде мынаны зерттейді:

А) жеке тұтынушы топтардың, фирмалардың және ресурстардың меншік иелерінің экономикалық сипаттарын;

В) жеке фирмалардың экономикалық сипатын;

С) жекелеген әр түрлі топтардың өкілдері арасындағы қарым-қатынастарды;

D) экономиске микро-компьютерді қалай қолдану керектігін;

Е) жұмыссыздықты және инфляцияны қалай жою қажеттігін.


7. Өндіріс мүмкіншіліктердің сызығы мынаны көрсетеді:

А) шаруашылықтың шығарғысы келетін екі тауардың нақты көлемін;

В) екі тауардың мүмкін болатын комбинациялардың ең жақсысын;

С) берілген ресурстардың мөлшерінде тауардың альтернативті комбинациясын;

D) өндірістің өнімділік факторлардың төмендеу заңының басталуын және уақытын;

Е) ресурстардың аз мөлшерінде, екі тауардың максималды мөлшерін өндіруін.


8. Егер қоғамда өндірістік ресурстар көлемі артса, онда:

А) қызмет көрсету және тауарларды өндіру көлемі ұлғаяды;

В) экономикада қызмет көрсету көлемі ұлғайуы және тауарлар көп мөлшерде өндірілуі мүмкін;

С) өндіру технологиясы жақсарады;

D) өмір сүру деңгейі жоғарлайды;

Е) тауарларды өндіру шығындары төмендейді.


9. Өндіріс функциясы нені сипаттайды?

А) өнім көлемін шығаруға қажетті шығындарды;

В) ресурстарға белгіленген бағалар жағдайындағы фирманың ең тиімді өндіріс көлемін;

С) әр түрлі ресурстарды үйлестіре пайдаланудың негізінде, алынуы мүмкін өнімнің ең жоғары шамасын;

D) әр түрлі ресурстарды үйлестіре пайдаланудың негізінде, алынуға мүмкін өнімнің ең кіші шамасын;

Е) әр түрлі ресурстарды үйлестіре пайдалану арқылы алынатын өнімнің орташа шамасын.


10.Экономикалық игіліктер қалай болып бөлінеді

А) қазіргі және болашақтағы, алмастырылатын және жанама

В) тікелей және болашақтағы, алмастырылатын және жанама

С) қазіргі және болашақтағы, тікелей және жанама

D) тікелей және жанама, толықтырылатын және алмастырылатын

Е) қазіргі және тікелей, жанама және болашақтағы


11. Жетпеген тұтынушылық игілікті алу үшін жанама экономикалық игілік үшін не керек?

А) ресурстар

В) игіліктер

С) субъекті

D) қажеттілік

Е) объекті

12. Шекті өнімділіктің кему заңының мәні неде?

A) белгілі бір уақыттан кейін барлық факторлардың өнімділігі өседі;

B) белгілі бір уақыттан кейін фактордың өнімділігі төмендей түседі;

C) барлық ресурстар өндіріске оның өнімділігінің кему реті бойынша тартылады;

D) ресурстың шекті өнімі ұлғаяды, ал жалпы өнім өндіріс көлемінің өскен сайын төмендей түседі;

E) түрлі фактордың тұрақты шығындарын жұмсау барысында айнымалы ресурстың шекті өнімі кемиді.

13. Аталғандардың қайсысын «микроэкономика» қарастырады:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет