Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум



жүктеу 1.58 Mb.
бет2/10
Дата21.04.2019
өлшемі1.58 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

А) құн заңы;


В) сұраныс заңы;

С) жинақтау заңы;

D) ұсыныс заңы;

Е) В және D жауаптары дұрыс.


14. Төмендегілердің қайсысын “ микроэкономика” қарастырады:

А) бүкіл экономика масштабтағы өндіріс;

В) экономикада қатысушылардың саны;

С) бағалардың жалпы деңгейі;

D) қантты өндіру және бағаның динамикасы;

Е) жұмыспен қамтылғандар саны және жұмыссыздықтың деңгейі.


15. Тұтынушының экономикалық мақсаты

А) тиімділікті барынша пайдалану және шығынды азайту

В) барлық қажеттіліктерін қанғаттандырудағы тиімділік қызметін барынша пайдалану

С) нарықтық-экономикаға қарама-қайшы

D) арнайы мамандандыру мен айырбасқа әкелетін еңбек бөлінісі

Е) экономикалық агенттердің тәуелсіздігі


16. «Не, қалай және кім үшін» деген проблемалар төменгілердің қайсысына қатысты:

А) тек қана орталықтандырылған жоспарлы жүйеге немесе қоғамға;

В) тек қана нарықтық экономикаға;

С) тек қана артта қалған экономикаға;

D) әлеуметтік-экономикалық және саяси ұйымдастырудың түріне қарамастан кез-келген қоғамға;

Е) тек қана дәстүрлі экономикалық жүйеге.


17. Әрбір экономикалық жүйелердің негізгі сұрақтары «нені, қалай және кім үшін» микро және макро деңгейде шешіледі. Мына сұрақтардың қайсысы микроэкономикалық деңгейде қарастырылады:

А) қалай толық жұмысбастылық деңгейіне жетуге болтынын;


В) нені және қандай көлемде өндіру керек екенiн;

С) инфляциядан қалай құтылу мүмкіндiгiн;

D) экономикалық өсуді қалай ынталандыруға болатынын;

Е) жоғарыда аталғандардың барлығын.

18. Жер ұсынысының сызығы өндіріс факторы ретінде:

А) абцисс осіне қатысты көлденең орналасады;

В) абцисс осіне қатысты тік орналасады;

С) теріс көблеу болып келеді;

D) оң көблеу болып келеді;

Е) бірінші ширектің биссектрисасы болып табылады.

19. Қажеттілік – бұл:

А) қанағатты алу мұқтаждығы;

В) сұраныс;

C) ұсыныс;

D) бірдеңенің жетіспеушілігінің сезімі;

E) мұқтаждық.


5. Шығаруы келтірілген есептер
1. Тропикалық климатты аралда бес адам өмір сүреді. Олар кокос мен тасбақаның жұмыртқасын жинайды. Күн сайын әрқайсысы 20 кокос және 10 жұмыртқа жинайды.

а) осы аралдың экономикасының өндіріс мүмкіндігінің қисығын салыңыздар.

б) Аралға кокостарды жинайтың теника әкелініп енді әр адам күніне 28 кокос жинайтын болды делік. Өндіріс мүмкіндігінің қисығы осындай өзгерістен соң қандай да бір жылжуға (өзгеріске) ұшырауы мүмкін бе? Егер мүмкін болса көрсетіңіздер.

Шығарылуы

а) ӨМС1 1.6 суретте көрсетілген.

б) ӨМС2 — арал экономикасының жаңа өндіріс мүмкіндігінің шекарасы. Жаңа технология жұмыртқаларды жинауды қысқартпай-ақ кокостарды көбірек жинауға мүмкіндік береді.


60 --
50

30 --

ӨМС1 ӨМС2



100 140

Сурет 1.6


2. Суретте экономиканың ӨМС келтірілген. Экономика екі тауар өндірісімен айналысады: Кинокамералар мен сағат.


80

кинокамеры



Сағаттар 400

Сурет 1.7 Өндіріс мүмкіндігінің қисығы


а) Графиктегі берліген үйлесімдерідің ішінен тауар өндірудің тиімді, тиімсіз, және өндіру мүмкін емес нұсқаларын табыңыздар.

1. 60 кинокамера жаәне 200 сағат. .

2. 60 сағат және 80 кинокамера.

3. 300 сағат және 35 кинокамера.

4. 300 сағат және 40 кинокамера

5. 58 сағат және 250 кинокамера.

б) Қоғамда 300 сағат пен 40 кинокамера шығарылсын, бірақ кинокамераға сұраныс 20 бірлікке өссін. Осы сұранысты қанағаттандыу үшін сағат шығаруды қанша бірлікке қысқарту қажет?

в) Егер тағы қосымша 20 кинокамераға сұраныс артса сағат шығару қанша бірлікке азаяды?

г) В чем состоит отличие конфигурации кривой на рис. 1.7 от конфигурации кривых, которые вы нарисовали в упражнении 1 (рис. 1.6)?
Шығарылуы
а) (1) және (4) үйлесімдерде нүкте ӨМСда жатады, тиімді нұсқа. ӨМС ЛПВ — эффективный вариант, комбинация (2) және (5) үйлесімдерде нүкте өндіріс мүмкіндігі қисығының сыртына жатыр мүмкін емес нұсқа. (3) үйлесімде нүкте өндіріс мүмкіндігінің ішінде жатыр – тиімсіз нұсқа.

б) Қосымша 20 кинокамера шығару үшін сағат шығаруды 100 бірлікке қысқарту керек.

в) Тағы 20 кинокамераны қосымша шығару үшін сағат шығаруды 200 бірлікке азайту қажет.
6. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1. Экономиканың қандай жекелеген субъектілерін білесіз?

2. Экономикалық ресурстардің шектеулілігі дегеніміз не?

3. Экономиканың негізгі үш сұрағын атаңыз

4. Микроэкономикалық құбылыстарды қандай әдістер арқылы зерттейді?


Ұсынылатын әдебиеттер
1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 9-14беттер, 2005 жыл

2. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007, 6-35 беттер

3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1997, стр. 5-19

4. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997, с.161-173

5. Тарасевич Л.С., Гребенников П. И. Микроэкономика, М. Юрайт, 2003, с.9-20
2. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. Қысқаша теориялық материалдар
Өндірістік нарықты ұйымдастырудың негізгі үш мәселесі: нені? Қалай? Кім үшін өндіру? – сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы шешіледі.

1. Сұраныс

Төлем қабілетті сұраныс – бұл тұтынушылардың ақшалай қаражатымен қамтамасыз етілген қандай да бір тауарға қажеттілік.



Сұраныс заңы. Баға мен сұраныс көлемі арасында кері байланыс болады, яғни тауар бағасы неғұрлым төмен болса, оған деген сұраныс көлемі соғұрлым көп болады және керісінше.

Баға D1 D D2

Р

P1



D2

P2 D

D1
0 Q1 Q2

сұраныс көлемі

Сурет 2.1

Сұраныс қисығы – бұл қисықтың нүктелері белгілі уақыт ағымында қандай бағамен және қанша көлемде тұтынушылар белгілі бір тауарды сатып ала алатынын көрсетеді.

Тауарға сұраныс көлемінің өзгерісі сұраныс қисығы бойымен анықталады. Ал сұраныстың өзгерісі бүкіл қисықтың қозғалысы арқылы анықталады. Сұраныс қисығының оңға жылжуы сұраныстың ұлғаюын, ал солға кемуін білдіреді.

«Сұраныс өзгерісі» мен «сұраныс көлемінің өзгерісі» деген ұғымдарды шатастыруға болмайды. Сұраныс өзгерісі – бұл сұраныс қисығының оңға немесе солға жылжуы, ал сұраныс шамасының өзгерісі – бұл сұраныс қисығының бойындағы жоғары немесе төмен өзгерісі.

Сұраныс қисығын жылжытатын (немесе бағадан тыс) факторлар:



2. Ұсыныс

Ұсыныс – тауар өндірушілердің немесе сатушылардың қандай да бір бағамен белгілі бір уақыт аралығында өткізуге даярлап қойылған тауарлар көлемін көрсетеді.

Сатылатын тауар мен оның бағасы арасында тура тәуелділік болады, яғни тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өндірілетін және ұсынылатын тауар көлемі көп болады (басқа жағдайларды тұрақты болғанда).

Ұсыныс қисығы – бұл қисық сатушылардың белгілі уақыт аралығында белгілі бір бағамен сатуға дайын тауарлар немесе қызметтердің көлемін көрсетеді.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет