Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум



жүктеу 1.58 Mb.
бет7/10
Дата21.04.2019
өлшемі1.58 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Q Q Q

  • Шекті шығындар (MC) – қандай да бір тауардың қосымша (келесі) бірлігін өндіруге байланысты туындайтын шығындар. Басқаша айтқанда, шекті шығындарды табу үшін қатар тұрған екі жалпы шығындарды немесе екі айналым шығындарды бір-бірінен алып тастау жеткілікті.

MC = (TC2-TC1)/(Q2-Q1)=ΔTC/ΔQ=ΔVC/ΔQ

  • Фирманың жалпы табысы нарықтағы фирманың берілген өнімді сатудан алатын түсімді айтады. Жетілген бәсекеде, егер сату көлемі - Q, P – нарықтағы өнім бағасы болса, жалпы табыс TR = PQ тең болады. Егер фирма монополистік болса, онда оның ақшалай түсімі P(Q)Q тең. Бұнда P(Q) - өнімге деген нарықтық сұраныс функциясына кері функция.

  • Шекті табыс (MR) - өнім шығару көлемін бір бірлікке ұлғайтқаннан кейінгі жалпы табыс өсімі:

Фирманың пайдасы (П) – жалпы табыс пен жалпы шығынның айырмасына тең.

П = TR –TC
2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) Жабу сомасы

Ә) Пайда


Б) Өндіріс шығыны

В) Қысқа мерзімді кезең

Г) Тікелей шығын

Ғ) Жанама ишығын

Д) Изокоста

Е) Шекті өнімділіктің қысқару нүктесі

Ж) Өзіндік құн

З) Тұрақты шығын

И) Айналым шығыны

К) Жалпы өнім

Л) Қайтарылмайтын шығын

М) Сыртқы шығын

Н) Зиянсыздық нүктесі

О) Изокванта


1. Мерзімді кезеңдегі фирманың өндірілген өнімнің шамасына байланыссыз шығындар.

2. Кейбір тауармен тікелей байланысты емес, тұтасымен фирмаға қатысты шығындар.

3. Басқа өндіріс факторларды тұрақты деп есептемегенде, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны.

4. Бір рет ғана жұмсалып ешқандай жағдайда қайтарып алу орнын топтыру мүмкіндігі жоқ шығындар.

5. Белгілі бір ақша бірлігіне сатып алуға болатын екі түрлі факторлардың түрлі үйлесімі.

6. Фирма өзіне қажетті ресурстарды басқа фирмалардан сатып алатын және осыған кеткен шығын.

7. Өндірілген өнімді өткізуге байланысты туындайтын шығындар.

8. Ауыспалы факторларды пайдаланғаннан кейінгі оның шекті өнімнің қысқаруы басталатын шекара.

9. Өндірісті және өткізу қызметіне қолданылатын өндіріс факторларынан кеткен шығын

10. Кәсіпорынның өнім өндірісі мен оны өткізуге кеткен ағымдық шығындарының ақшалай формасы

11. Тікелей тауарға немесе қызметке қатысты шығындар

12. Өткізуден түскен түсім мен ауыспалы шығындардың барлық сомасының айырмашылығы айтылады

13. Фирмаға оның барлық шығындарының орнын жауып нөлдік пайда әкелетін өндіріс көлемі мен түсім.

14. Белгілі бір өнімді шығаруға кететін шығындардың түрлі үйлесімділігін, түрлі жағдайларын көрсететін сызық

15. Тауарды сатудан түскен түсім мен өндірістік шығынның айырмасы ретінде сипатталады.

16. Өндірістің кейбір факторларының шығыны өзгере алмайтын өндіріс кезеңі.



3. Дұрыс/дұрыс емес

№№

Тұжырым

Иә/жоқ

1

Тұрақты шығындар-бұл мерзімді кезеңдегі фирманың өндірілген өнімнің шамасына байланысты шығындар.




2

Орташа шығындар-фирманың бір өнім бірлігіне жіберген шығындарын көрсетеді.




3

Шекті шығындар-қандай да бір тауардың қосымша бірлігін өндіруге байланысты туындайтын шығындар.




4

Айналым шығындары-өндірілген өнімді өткізуге байланысты туындайтын шығындар




5

Қайтарылмайтын шығын-бір рет ғана жұмсалып ешқандай жағдайда қайтарып алу орнын топтыру мүмкіндігі бар шығын.




6

Ұзақ мерзімді кезеңдегі орташа шығын қисығы осы уақыт аралығында барлық факторларды өзгертіп үлгіретін фирмалардың ең жоғарғы деңгейдегі шығын.




7

Изокванта-белгілі бір өнімді шығаруға кететін шығындардың түрлі үйлесімдігін, түрлі жағдайын көрсететін сызық.




8

Өнім өндіруші үшін белгілі бір өнімді тиімді етіп өндіретін жалғыз мүмкіндік ол изакоста мен изоквантаның жанасу нүктесі болып есептеледі.




9

Сыртқы шығындар-фирма өзіне қажетті ресурстарды басқа фирмалардан сатып алмайтын болса, осыған кетпеген шығын.




10

Изокоста-белгілі бір ақша бірлігіне сатылмайтын екі түрлі факторлардың түрлі үйлесімін көрсететін сызық.




11

Жанама шығын-өнімнің әр түрлі түрлерін жасауға шартталған өнімнің өзіндік құнына сәйкес енгізілген шығын.




12

Өзіндік құн-кәсіпорынның өнім өндірісі мен оны өткізуге кетпеген шығындардың ақшалай формасы




13

Өндіріс шығыны-өндірісті және өткізуге қызметіне қолданылатын өндіріс факторларымен кеткен шығын




14

Фирмаға оның барлық шығындарының орнын жауып нөлдік пайда әкелетін өндіріс көлемі мен түсім зиянсыздық нүктесі дейді.




15

Басқа өндіріс факторлары тұрақты деп есептемегенде, зерттелмейтін фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндіріс санын жалпы өнім дейді.




16

Жабу сомасы-өткізуден түспеген түсім мен ауыспалы шығындардың барлық сомасының айырмашылығы айтылады





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Экономикалық шығындар құрамына:

A)айқын және айқын емес шығындар, сондай-ақ

кәдімгі пайда да косылады;

B)айқын шығындар қосылып, айқын емес шығындар қосылмайды;

C)айқын емес шығындар қосылып, айқын шығындар

ескерілмейді;

D)айқын және айқын емес шыындар қосылмайды.
2. Төменде айтылған тұжырымдардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз:

A)бухгалтерлік шығындар + экономикалық шығындар = кәдімгі пайда;

B)экономикалык, пайда — бухгалтерлік пайда = айқын шығындар;

C)бухгалтерлік пайда - айқын емес шығындар = экономикалық пайда;

D)экономикалық пайда - айқын емес шығындар = бухгалтерлік пайда;

E)айқын шығындар + айқын емес шығындар = бухгалтерлік шығындар.

3. Ұзақ уақыт мерзімінде:

A)барлық шығындар айнымалы болады;

B)барлық шығындар тұрақты болады;

C)айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қараганда тез өседі;

D)тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі.

4. Қысқа мерзім аралығында:

A)барлық шығындар айнымалы болады;

B)барлық шығындар тұрақты болады;

C)шығындар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді;

D)тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі.

5. Төменде көрсетілгендердің қайсысы жалпы шығынды сипаттайды:

A)∆МС;


b)VC - ҒС;

C)FС + VC +MC;

D)ҒС + VC;

E)(ҒС + VC)/Q.

6. Орташа жалпы шығындар дегеніміз өнімнің бір данасын өндіруге жұмсалатын:

A)тұрақты және айнымалы шығындар;

B)тұрақты шығындар;

C)айнымалы шығындар;

D)шекті шығындар.

7. Төменде көрсетілген формулалардың қайсысы орташа айнымалы шығынды көрсетеді:

A)FC/Q ;

B)TC/Q;


C)VC/Q;

D)АТС/∆Q


8. Фирмада қолданылатын жалпы тұрақты шығын шамасының өзгеруі төмендегі көрсеткіштердің қайсысына әсер етпейді:

A)орташа айнымалы шығынға;

B)орташа жалпы шығынға;

C)орта тұрақты шығынға;

D)шекті шығынға;

E)орташа айнымалы және шекті шығынға.

9. Төмендегі формуланың қайсысы шекті шығынды, көрсетеді:

A)TC/Q;


B)ATC/∆Q;

C)FC/Q;


D)(PQ)/Q;

E)FC/Q.

10. Шекті шығын:

A)өнім көлемі бір мөлшерге өзгергендегі орташа жалпы шығынның өзгеруін көрсетеді;

B)қосымша бір өлшем өнім өндіруге қажет өндірістік шығындар;

C)өнімді 1%-ке арттыру үшін жұмсалатын қосымша шығындар;

D)жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.

11. Орташа айнымалы шығынның ен, төменгі мәні:

A)шекті шығынның ең төменгі нүктесінде орналасады;

B)оның шекті шығын қисығымен қиылысатын нүктесінде болады;

C)орташа тұрақты шығын қисығымен қиылысқан нүктеде болады; D)жоғарыда айтылғандардын, бәрі дұрыс.

12. Төмендегі графикте А нүктесіндегі орташа жалпы шығын көлемі



В нүктесіндегі орташа жалпы шығыннан:

A)аз;


B)көп:

C)тең.


1

13. Егер ресурс бағалары қымбаттаса, онда:

A)орташа тұрақты шығындар көтеріледі;

B)орташа шығындар көтеріледі;

C)шекті шығындар азаяды.

14. Егер шекті шығындар орташа жалпы шығындардан жоғары болса, онда қосымша факторларды пайдалану:

A)орташа жалпы шығынды көбейтеді;

B)орташа жалпы шығынды азайтады;

C)орташа тұрақты шығынды өсіреді;

D)жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.

15. Фирманың орташа айнымалы шығыны — 2 теңге, ал орташа тұрақты шығын - 0,5 теңге болса, онда 500 дана өнім шығаруға қажет жалпы шығыны қандай болмақ:

A)2,5 тг;

B)1250 тг;

C)750 тг,

D)1100 тг;

Е) анықтау үшін берілген деректер жеткіліксіз.

16. Мына суреттегі деректерді пайдаланып, өнім көлемі 8 данаға тең болған жағдайдағы жалпы шығынды анықта:

A)96;


B)80;

C)16;


D)48

17. Фирманың 36 дана өнім өндірген кездегі орташа тұрақты шығыны 15 өлшем болды. Мына суреттегі деректерге сүйене отырып, осы фирманың 40 дана өнім өндірген кездегі орташа айнымалы шығынын анықта:

A) 15;

B) 16,5;


C) 30;

D) 21,5.



18. Изокоста дегеніміз:

A)жалпы құңдарының қосындысы бірдей болатын капитал мен еңбектің түрлі құрыльмдары орналасқан түзу сызық;

B)өндірістік процесте шығарылатын тұрақты өнім көлемі;

C)өнім өндіруде жұмсалатын тұрақты орташа шығындар құрылымы;

D)жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы де дұрыс емес.

19. Фирма балмұздақ шығару үшін қант, сүт және шығындар пайдаланады делік. Белгілі бір себептермен балмұздақтың негізгі сыңары қанттың бағасы жоғарылады дейік. Изокоста сызығы еңбек күші мен балмұздақ дайындауға кететін тағамдардың (Т) құрылымын көрсетеді десек, онда қантты Е бағасының өзгеруі изокостаны қалай өзгертеді:




A

B

C

D
і


E

F

20. Фирма ресурстар шығынын 10%-ке өсірген жағдайда өнім көлемі 15%-ке өсетін болса, онда:

A) ауқымның әсері теріс болады;

B) ауқымның әсері оң болады;

C) өнімділіктің азаю заңы әсерін тигізеді;

D) фирма жоғары деңгейдегі пайда алады.
21. Өндіріс ауқымының, әсері теріс болған жағдайда;

A) ұзақ мерзімдегі орташа шығын тұрақты болады;

B) ұзақ мерзімдегі орташа шығын кемиді;

C) ұзақ мерзімдеп орташа шығын өседі.




5 Есептер мен жаттығулар
1. Кестенің мәліметтері бойынша табыңыздар:

VС (5), МС (3), ТС (2), VС (2), ТС (3), ҒС (3), АVС (5), АТС (2), АҒС (4)

Кесте 6.1


Q

ТС

0

50

1

90

2

140

3

150

4

200

5

270


2. 30 теледидар жасап шығарған кездегі шығын 10 000 ақша бірлігін құрайды, ал 50 теледидар шығарғанда 14 000 ақша бірлігіне тең болады. Шекті шығындар тұрақты. 60 теледидар шығару кезіндегі шекті шығынды, жалпы және айнымалы шығынды есептеңіздер.

3. Орташа айнымалы шығындар функциясы мынадай: АVС =10 + 2Q. Шекті шығындар функциясының алгебралық өрнегін табыңыздар. Тұрақты шығындар 200 ақша бірлігіне тең:

А) 12 + 10Q.

В) 10 + 2Q3.

С) 12 + 1Q + 2Q.

D) 10 + 4Q.

Е) 10 + 2Q.



3 Егер фирма қолданатын капиталын 120-дан 150 ге дейін, ал еңбек бірлігін 500-ден 625-ке дейін ұлғайтқан кезде, шығарылған өнім 200-ден 220-ға өссе өндіріс ауқымы қандай мәнге ие болады?

4. Орташа айнымалы шығындар функциясы мынадай: АVС =10 + 2Q. Шекті шығындар функциясының алгебралық өрнегін табыңыздар. Тұрақты шығындар 200 ақша бірлігіне тең.

5. Фирманың жалпы шығын функциясы TC=30+5Q+Q2. Тұрақты, айнымалы, шекті, орташа жалпы, орташа тұрақты, орташа айнымылы шығындардың функіиясын жазыңыздар.

5. Фирманың тұрақты шығыны 80 ақша бірлігі екені белгілі. Ал оның шекті шығынының функциясы МС=30–10Q+3Q2+1,6Q.3 Өнім шығару көлемі 3 ке тең болғандағы фирманың жалпы шығындарын есептеңіздер.
6. Шығарылуы келтірілген есептер
1.Орташа айнымалы шығындар мына AVC=2Q+6 формуламен берілген.Өнім шығару көлемі 30-ға тең болғанда жалпы шығындардың мөлшері қандай болады, егер тұрақты шығындар 200-ге тең болса? Өнім шығару көлемі 20 болғандағы жалпы айнымалы шығындарды анықтаңыз.

2.Фирманың жалпы тұрақты шығындары 300-ге тең.Графикте көрсетілген деректерді пайдаланып, өнім көлемі 15-ке тең болғандағы орташа айнымалы шығындардың мөлшерін анықтаңыз.





Жауаптары:
1.AVC=2Q+6; FC=200; TC=200+2Q2+6Q; TC(30)=200+2*302+6*30=2180. VC=AVC*Q=2Q2+6Q; VC(20)=2*400+6*20=920.
2.FC=300; AC(15)=40; TC(15)=15*40=600; VC(15)=TC(15)-FC=600-300=300; AVC(15)=VC(15)/15=300/15=20
7. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өндіріс шығыны және кәсіпорын шығындарының ақшалай формуласы.

2. Қысқа мерзімді кезеңдегі шығындар қисығының түрлеріне тоқталып олардың қисықтарын қарастырыңыздар.

3. Масштабтың оң, теріс және тұрақты тиімділіктері дегеніміз не және бұл тиімділіктер қандай жағдайда көрініс береді?

4. Орташа шығындар түрлеріне тоқталып олардың грайиктерінің ерекшеліктерін атаңыздар

5. Шекті шығындар мен орташа шығындардың арасындағы өзара байланысты қарастырыңыздар

6. Табыс, пайда ұғымдарына кеңірек тоқталыңыздар


Ұсынылатын әдебиеттер

1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл, 83-98беттер

2. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007, 105-129 беттер

1. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1997, с. 135-152;

2. Макконнелл, Брю «Экономикс», Москва, Туран, 1996 г., с. 116-214;

3. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997 с.219-228;

4. Гимранова Г.И. Такирова Г.А. Микроэкономика., Караганда 2005, с.106-120

5. Емцов М.Г., Лукин А.Ю. Микроэкономика М., МГУ, 1997 г. стр. 172-185



7. ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС
1. Қысқаша теориялық материалдар
Бәсеке дегеніміз нарықтық шаруашылықтың субъектілерінің жекелеген экономикалық мүдделерін жүзеге асыру барысында бір-бірімен қоғамдық қақтығыстарға түсуі болып табылады.

Іс жүзінде бәсеке қосымша пайданы алу үшін өндірістік факторларға қол жеткізу мақсатындағы ұмтылыс талаптарынан туындайды. Фирмалардың іс-әрекеттеріне қарай бәсекелестік күрес екі түрлі әдіске бөлінеді:



  • бағалық бәеке

  • бағадан тыс бәсеке

Бағалық бәсеке дегеніміз тауар өндірушілердің арасындағы өндірістік шығындарды азайту арқылы жүргізілетін күрес. Бағалық бәсеке кезінде таурлардың сапасы, сипаты, түрі өзгеріссіз қалады.

Бағадан тыс бәсеке мына төмендегі факторлардан тұрады:



    • тауардың сапасы, өндірістің техникалық теңдеуі

    • тауар сатылғаннан кейігі қызмет көрсетулері (гарантия)

    • алмастырғыш тауарлар шығару

    • жарнама

Бәсекенің мынандай екі түрлі нысаны болады:

    1. жетілген бәсеке

    2. жетілмеген бәсеке

Жетілмеген бәсекенің түрлері:

  1. Монополия («моно» - жалғыз)

  2. Олигополия (бірнеше)

  3. Монополиялық бәсеке



Кесте 7.1 Рынок жағдайының салыстырмалы кестесі


Нарықтың негізгі сипаттары

Еркін бәсеке нарығы

Жетілмеген бәсеке нарығы

Монополия

Олигополия

Монополиялық бәсеке

Өнім өндіретін фирма саны

Бір-біріне тәуелсіз, өте көп

Жалғыз, ірі

Бірнеше, ірі

Жеткілікті мөлшерде

Өнімнің түрі

Стандартталған немесе барлығында бірдей

Ерекше, ешкімде жоқ

Стандартталған және дифференциалданган

Тек қана дифферен-циалды


Бағаны бақылау

Бағаны рынок белгіліейді

Бағаны өндіруші өзі белгілейді

Озық фирмалар әсер етеді

Фирма баға белгілейді, әсері шектеулі

Рынокқа немесе салаға кіру қиындығы

Кіріп-шығу оңай

Кіру өте қиын

Қиын

Кіріп-шығуға болады

Фирма жетілген бәсеке рпыногының субъектісі болу үшін мынадай бес түрлі шарт орындалу керек:

1. Фирмалар жалпы рынокпен салыстырғанда шағын болады.

2. Фирмалардың өндіретін тауцарлары барлығында бірдей болып келеді.

3. Сатып алушылар сатушылардың бағасы туралы жақсы хабардар.

4. Сатушылар бір-біріне тәуелсіз.

5. Фирмалар салаға оңай кіріп- шыға алады.

Төмендегі графикте жетілген бәсеке рыногындағы фирманың ұсыныс және сұраныс қисығы көрсетілген.

Осы графикте жетілген бәсеке рыногындағы фирманың ұсыныс және сұраныс қисығы көрсетілген.



Р MC

D

Р0



Q0 Q

Сурет 7.1

Мұндағы: D – сұраныс қисығы

P0 - өнім бағасы; Q0 ө- өнім көлемі,МС – фирманың шекті шығынының қисығы

Демек, фирма өзінің табысын ұлғайту үшін өндіретін өнім көлемін көбейтсе жеткілікті. Егер фирманың шекті шығыны бағадан төмен болатын болса, таза пайданы көбейту үшін өндірілетін өнім көлемін көбейту керек. Ал щекті шығын бағадан жоғары болса, өнім көлемін азайту керек. Бұдан шығатын қорытынды: таза пайданы жоғары деңгейде алу үшін өнім көлемін бағамен шекті шығынның тең жағдайына сәйкестендіру керек.

Еркін бәсекедегі фирманың пайданы максималдау шарты: P=MC

Еркін бәсеке нарығында фирма өнім өндіру көлемін мынадай екі қадам арқылы анықтайды:

Кесте 6.1 Еркін бәсеке кезіндегі фирманың өнім өндіру шарты




Кезең түрі

Шекті шарт

Пайдамен тексеру

Қысқа мерзімді кезең

Өнім көлемі P=MC болатындай жағдайда алынады.

Өнімді P>=AVC болатын жағдайда ғана өндіру керек. Олай болмаған жағдайда өнім өндіруді доғару қажет.

Ұзақ мерзімді кезең

Өнім көлемі P=LMC болатындай жағдайда алынады.

Өнімді P>=LAC болатын жағдайда ғана өндіру керек. Егер P

2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) P=MC

Ә) Бағалық бәсекелестік

Б) Зиянсыз, шығынсыз нүкте

В) Жабылу нүктесі немесе жабылу бағасы

Г) Фирманың қысқа мерзімді ұсыныс қисығы

Ғ) Фирманың ұзақ мерзімді ұсынысы қисығы

Д) Бәсекелестік

Е) ұзақмерзімді зиянсыздықтың бағасы

Ж) бағадан тыс бәсекелестік

З) (ATC-AVC)Q

И) (P-ATC)Q.

К) (ATC-Р)Q

Л)

М)

Н)

О)


1) Шаруашылық нарығындағы субъектілер қақтығысуының қоғамдық формасы, және олардың жеке экономикалық мүдделерінің іске асыру процессі

2) Тауардың ассортименті мен сапасын өзгертпей бағаны түсіру және өндірістің шығындарын төмендету арқылы қосымша пайда алу үшін тауарөндірушілер арасындағы күрес

3) Жарнаманы, тауар-субституттарды құру, сатудан кейін қызмет көрсету, тауар сапасы мен техникалық деңгейді көтеру арқылы қосымша пайда алу үшін тауарөндірушілер арасындағы күрес

4) Пайданы максималдау ережесі

5) Пайданы максималдау және шығынды минималдау үшін фирманың әр баға белгілеуіндегі ұсынатын шығару көлемі көрсетеді

6) Ұзақмерзімді орташа шығындардың минималды деңгейін бастап жоғары жатқан LMC қисығы

7) Орташа жалпы шығынның ең төменгі нүктесі

8) Орташа айнымалы шығынның ең төменгі нүктесіне сәйкес келетін баға

9) Фирманың ұзақмерзімді орташа шығынының ең төменгі нүктесіне сәйкес келетін шама

10) Егер баға орташа шығын жиынтығынан жоғары болса, онда фирманың пайдасы есептеледі

11) Егер баға орташа жалпы шығыннан төмен, бірақ орташа айнымалы шығыннан жоғары болса, фирманың жалпы шығыны тең

12) Егер баға орташа айнымалы шығыннан төмен болса, онда фирманың жалпы шығыны тең

13) Жетілген бәсеке жағдайындағы фирма пайданы барынша ұлғайту мүмкіндігінің графигі

14) Жетілген бәсеке жағдайындағы фирманың зиянды (залалды) азайту мүмкіндігінің графигі

15) Егер фирманың жалғыз амалы қызметті тоқтату болса, онда баға мен шығындардың қатынас графигі



16) Жетілген бәсеке жағдайындағы өнім шығару көлемінің графигі
3. Дұрыс/дұрыс емес (Иә/жоқ)





Тұжырым

Иә/жоқ

1

Ұзақмерзімді кезеңде бәсекелестік нарығындағы пайда нольге тең




2

Жетілген бәсеке жағдайындағы фирманың сұраныс қисығы кқлденең өске параллель




3

Жетілген бәсекелестік жағдайында сатушы өнім шығару көлемінің шектеу арқылы бағаны көтеру мүмкін




4

Жетілген бәсекелестік нарығында баға сұарсын пен ұсыныс арқылы қойылады




5

Жетілген бәсекелестікте шекті табыс баға мен жалпы табысқа тең болады




6

Өндіруші шекті табыс шекті шығыннан асып түскен кезде шығару көлемін арттырады




7

Өндіріс көлемі оптимальды оң шығаруда болса, және фирма жабылмаса, онда баға шекті шығынға тең болуы керек, яғни Р=МС.




8

Егер баға орташа шығын жиынтығынан жоғары болса, онда фирма пайдасы (P+ATC)хQ түрінде болады




9

Бәсекелестік нарығындағы фирманың «Алтын» ережесі: шекті шығын тауардың нарықтық бағасына тең болатын өндіріс көлемін таңдайды




10

Егер фирма экономикалық пайда тапса, онда ол тек қана қарапайым, қалыпты пайда табады




11

Жетілген бәсек е жағдайындағы фирманың сұраныс қисығы барынша икемді және ол шекті табыстың қисығымен қабаттасыды




12

Ұзақмерзімді кезеңдежетілген бәсекелестік нарықтағы фирмалар пайда табады




13

Зиянсыздық нүктесі қисық орташа жалпы шығынның ең төменгі нүктесіндегі бағамен сәйкес келеді.




14

Жабу нүктесі шекті табыс қисығының ең төменгі күнктесіндегі баға




15

Жетілген бәсекелестіктің ешқандай белгісі сақталмаған бәсекелестік түрі жетілмеген бәсекелестік деп аталады




16

Нарықтық ұсыныс дегеніміз – саладағы фирмалардың кез келген мүмкін болатын бағамен сатқысы келетін нарықтағы өнім көлемінің жиынтығы.





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Бәсекелестік жетілген нарықта төмендегі тұжырымдардың қайсысы орындалмайды:

A) фирманың шекті түсімі мен шекті шығыны бір-біріне тең болғанда, осы фирма тендестік жағдайына ие болады;

B) шекті шығын қисығы орташа шығын қисығын АС мәні ең төменгі нүктеде қиып өтеді;

C) фирманың өніміне деген сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады;

D) орташа және шекті шығындардың қисықтары U кескінді болады;

E) фирманың өніміне деген сұраныс қисығы — горизонталь түзу болады.

2. Қысқа мерзімде өз пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізгісі келетін немесе шығынын ең төменгі шамаға дейін азайтқысы келетін фирма жұмысын мүлдем тоқтатады, егер:

A) өнім бағасы орташа шығынның ең төменгі шамасынан аз болса;

B) орташа түрақты шығын өнім бағасынан жоғары болса;

C) өнім бағасы шеұті шығыннан төмен болғанда;

D) өнім бағасы орташа айнымалы шығынның ең төменгі шамасынан аз болғанда;

E) жалпы түсім жалпы шығыннан аз болғанда.

3. Бәсекелестік жетілген нарықтық ортадағы фирманың жалпы шығыны функция түрінде берілген:

TC = 6q + 2q2.

Егер осы фирма 25 өлшем енім өндіріп, оның әрқайсысын 36 теңгеден сатса, онда ол пайда ала ма, әлде зардап шеге ме?

A) 250;


B) -500;

C) 450;


D) -735;

E) 500.


4. Фирманың жалпы шығыны функция түрінде беріліп ТС=6q +2q2 оның әрқайсысын 30 теңгеден сататын болса, онда осы фирманың ұтымды өнімдерінің саны қандай:

A) q=10;

B) q=6;

C) q=12;


D) q=5.

5. Бәсекелестік жетілген нарықтық ортадағы фирманың сұраныс қисығы төмендегінің қайсысы деп ойлайсыз:

6. Экономикалық пайда:

A) ұзақ мерзімде бәсекелестік жетілген нарықта болмайды;

B) жалпы шығындар жалпы түсімнен көп болған жағдайда болады;

C) шекті түсім шекті шығыннан көп болған жағдайда болады;

D) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы да дұрыс емес.


7. Салада 1000 фирма жұмыс істейді дейік, олардың әрқайсысы 5 дана өнім шығарғанда шекті шығындары - 2 т болады, ал 6 дана болғанда - 3 т, 7 дана болғанда - 5 т. Егер осы өндірілетін өнімнің нарықтағы бағасы 3 т болса, онда осы салада айына қанша өнім шығарылады:

A) 5000 дана;

B) 5500 дана;

C) 7000 дана;

D) 6000 дана.

8. Бәсекелестік жетілген нарықтағы фирманың өнімінің бағасы орташа шығынның өтей алмаса, онда фирма:

A) дереу жұмысын тоқтатады;

B) Р > A VC болып, ал Р = МС болған жағдайда өнім өндіруін тоқтатпайды;

C) өндіріске жаңа технология өндіреді;

D) өнім бағасын жоғарылатады;

E) баға барлық тұрақты шығынды өтеп тұра алатын уақытқа дейін өнім өндіре береді.

9.Бәсекелес фирманың жалпы шығынның функциясы берілген:



Егер фирманың өнімінің бағасы төмендесе, қысқа уақыт мерзімінде өнім көлемі қандай болғанда фирма пайда ала алмайды:

A) 8;

B) 6;


C) 4;

D) 2;


E) -2.
10. Төмендегі кестеде бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі жалпы шығыны мен өнімінің арасындағы байланыс келтіпілген:

Егер тауардың нарықтық бағасы 5 теңге болса, онда фирма қанша өнім өндіреді:

A) 1;

B) 2;


C) 3;

D) 4;


E)5.

11. 10-тест сұрағы бойынша тауардың нарықтық бағасы 5 теңге болған жағдайда фирманың пайдасы қандай болатынын анықта:

A) -9;

B) -1;


C) 6;

D) -6.


12. Бәсекелес фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс қисығы:

A) шекті шығын қисығына сәйкес келеді;

B) орташа шығын қисығының кемитін бөлігі;

C) орташа шығын қисығының өсетін бөлігі;

D) шекті шығын қисығының орташа айнымалы шығындар қисығынан жоғары орналасқан бөлігі.

13. Ұзақ мерзім аралығындағы ұсыныс қисығы:

A) шығындары өсетін салалар үшін — вертикаль сызық;

B) шығындары тұрақты салалар үшін - бұрыптық коэффициенті теріс сан болатын сызық;

C) шығындары кемитін салалар үшін — горизонталь сызық;

D) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы да дұрыс емес.

14. Бәсекелестік жетілген нарықтағы фирманың шекті шығыны келесі функциятүрінде берілген:

Мұнда, q - өнім көлемі. Өнімнің әр данасының бағасы — 200 тенте болған жағдайда пайда ең жоғары деңгейге жету үшін фирма қанша өнім шығаруы керек?

A) 60;

B) 180;


C) 20;

D) 200;


E) 20.

15. Бәсекелес фирманың орташа шығыны функция түрінде берілген:



Мұнда, q — өнім көлемі. Баға 200 теңгеден 100 теңгеге дейін төмендегенде өнім көлемі қалай езгереді? (тауардың 1 данасының бағасы берілген).

A) -25;

B) -10;


C) 15;

D) 20;


E) -50.

16. Фирманың ең ұтымды өнімінің көлемі белгілі делік. Осы жағдайда фирманың шекті шығыны орташа шығыннан көп болса, онда фирма:

A) пайда алады;

B) өндірісті тоқтатпайды;

C) орташа шығын қисығының ең төмен шамасынан оңға қарай орналасқан нүктесіне сәйкес келетін өнім көлемін тандап алады;

D) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс;

E) жоғарыда айтылғандардың бөрі де дүрыс емес.

17. Бәсекелес фирма ең жоғары пайдаға қол жеткізу үшін өнім көлемін былай тандайды:

A) орташа жалпы шығын шекті шығынға тең болатындай етіп;

B) орташа айнымалы шығын шекті шығынға тең болатындай етіп;

C) орташа тұрақты шығын шекті шығынға тең болатындай етіп;

D) шекті түсім орташа шығынға тең болатындай етіп;

E) шекті түсім шекті шығынға тең болатындай етіп.
5. Есептер мен жаттығулар
1.Бәсекелес фирманың жалпы шығынының функциясы берілген:

TC=16+q2

Егер фирманың өнімінің бағасы төмендесе, қысқа уақыт мерзімінде өнім көлемі қандай болғанда фирма пайда ала алмайды

2. Бәсекелестік жетілген нарықтағы фирманың шекті шығыны келесі функция түрінде берілген:

MC=20+q


Мұнда, q - өнім көлемі. Өнімнің әр данасының бағасы – 200 теңге болған жағдайда пайда ең жоғары деңгейге жету үшін фирма қанша өнім шығаруы керек?
3. Суретте жетілген бәсеке саласында жұмыс істейтін фирманың шығындар қисықтары көрсетілген. ОР — ағымдағы нарықтық баға.

A) графиктен фирманың пайдасы ең жоғары мөлшерде болатын өндіріс деңгейін көрсетіндер;

B) графиктен фирманың пайдасының мөлшерін көрсетіндер;

C) сала тепе-тендік жағдайында деп жорамалдаймыз.

Бұл қандай тепе-тендік болуы мүмкін; қысқа мерзімдегі немесе ұзақ мерзімдегі ме?

D) нарықтық сұраныстың төмендеуі саладағы өндірілген тауарларға қандай әсерін тигізеді?




4. Суретте жетілген бәсеке жағдайында жұмыс жасайтын фирманың шығындар қисығы көрсетілген:


A) бағаның қандай деңгейінде фирма жұмыс істеуін тоқтатады?

B) бағаның қандай деңгейінде фирма «кәдімгідей пайда» алады?

C) фирма «кәдімгідей пайда» алған кездегі тұрақты шығындарды графиктен көрсетіндер;

D) бағаның қандай деңгейлерінде қысқа мерзім кезеңінде фирма шығындары көп болса да жұмыс істейді?

E) графиктен фирманың ұсыныс қисығын көрсетіңдер?

F) бағаның қандай деңгейінде фирма қысқа мерзімде экономикалық пайдаға ие бола алады?


6. Шығарылуы келтірілген есептер
1. 1000 өнім бірлігін шығаруға кететін шығындар төменегі шығындардан тұрады:

- еңбек ақы – 20000 ақша бірілігі

- шикізат пен материалдар – 30000 ақша бірілігі

- ғимараттар мен құрылыстар – 250000 ақша бірілігі

- құрал – жабдықтар – 100000 ақша бірілігі

Барлық өнімдер 122,5 ақша бірлігі бағасы бойынша сатылды. Ғимараттар мен құрылыстардың амортизация мөлшері 5 %, құрал - жабдықтардың қызмет ету мерзімі орташа есеппен алғанда 5 жылға тең. Салық төлеуге дейін алынатын пайданы анықтаңыз:



Шығарылуы

П = TR – TC = 1 000  122,5 = 122500 а.б.

TR = 1 000  122,5 = 122500 а.б.

TC = 20 000 + 30 000 + 250 000/20 + 100 000/5 = 82500 а.б.

П = TR – TC = 40000 а.б.

Жауап. П = 40000 а.б.

2. Монополистің өніміне баға 4 000 а.б. 3 000 а.б. дейін төмендегенде оның өніміне сұраныс 3 000 данадан 4 000 данаға дейін өсті. Басқа жағдайлар өзгермегенде фирманың таза пайдасы:


  1. өседі;

  2. кемиді;

  3. сол күйі қалады;

  4. өсуі де, кемуі де, сол күйі қалуы да мүмкін.


Нұсқау.

Алдымен өнімнің шамамен алғандағы өзіндік құнын белгілеңіздер


7. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1. Бәсеке ұғымына анықтама беріңіздер

2. Жетілген бәсекелестік дегеніміз не? Еркін бәсекелестік нарығын қалай сипаттауға болады?

3. Жетілген бәсекелестіктің ерекше қасиеттері қандай?

4. Нарыққа мемлекет қандай жағдайда және қандай мақсатпен араласады?

5. Бәсеке тиімді ме, тиімді болса кімдер үшін және неге тиімді?

6. Бағалық бәсеке мен бағадан тыс бәсек туралы не білесіз?



Ұсынылатын әдебиеттер

1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл, 99-123 беттер

2. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007, 130-134 беттер

3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1997, с.155-174;

4. Макконнелл, Брю «Экономикс», Москва, Туран, 1996 г., ,с. 215-227;

5. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997 с. с.229-247;

6. Гимранова Г.И. Такирова Г.А. Микроэкономика., Караганда 2005, с.121-143

7. Емцов М.Г., Лукин А.Ю. Микроэкономика М., МГУ, 1997 г. стр. 186-201

8. Тарасевич Л.С., Гребенников П. И. Микроэкон., М. Юрайт, 2003 с.91-119
8. МОНОПОЛИЯ
1. Қысқаша теориялық материалдар
Не сатып алушылар, не сатушылар өздерінің нарықтық бағаға әсер етуін пайдаланатын рыноктар жетілмеген бесеке нарығы деп атайды.

Сатушы немесе өндіріші өзінің шығарған өнім көлемін шектеу арқылы бағаны көтерсе, онда мұндай өндірішіні монополияның билік иесі деп атайды.

Монополиянын негізгі сипаттамасы:

1. Жалғау өндіруші.

2. Ұқсас өнім ешкімде жоқ.

3. Бағаны өзі белгілеу.

4. Салаға кіріп шығу барынша қиын.

Шекті табыс дегеніміс- (МR) қосымша өнім сату арқылы жалпы табыстын өзеру шамасы.

Монополистің ең тиімді өнім көлемі. Таза пайданы көбейту үшін монополия жетілген бәсеке субъектісі - сі сияқты екі қадамды жұмыс атқарады.
МС

Р0 Е

пайда А АТС

АТС0

MR0=MC0 MR=MC

MR D


0 Q0 өнiм көлемi

сурет 8.1 Монополяны тиімді өнім өндіру көлемі


Монополияның таза пайданы ұлғайту жолындағы 1-ші шартты, егер ол өнім өндіруді тоқтатпайтын болса: шекті табыс шекті шығуға тең болу керек. Яғни МR =MC.

Монополия ең тиімді өнім көлемін атықтау үшін қандай да бір өнім деңгейіндегі шекті табыс пен шекті шығынды салыстырады. Егер шекті табыс шекті шығыннан үлкен болса, бұл жағдай монополиске өнім көлемің үлғайтуға мүмкіңдік береді. Егер шекті шығын шекті табыстан алса, монополис өнім көлемің азайтуға мәжбүр болады. Демек, монополис үшін тиімді пайда көлемі шекті шығын мен шекті табыс тең болғанда, яғни МR =MC.

Сұраныс қисығынан осы табылған өнім көлеміне сәйкес келетін нұктені табамыз. Яғни бұл тепе – теңдік нүктесі. Осы нүктеге сәйкес келетің баға монополияның өнімінің бағасы болып есептеледі. Енді осы көлемге сәйкес келетін орташа жалпы шығынды табамыз. (өзіндік құн). Ол Q0E мен АТС қисықтарының қиылысуы арқылы табылады. Демек, АТС0 берілген өнім көлеміне сәйкес келетін орташа шығын (өзіндік құн).

Бір өнімнең түсетін пайданы табылады. Ол Р0 – АТС0. Ал жалпы пайда (Р0 – АТС0)Q0..

Монополия таза бәсекеге қарағанда өнім көлемін аз шығады және бағаны жоғары қояды. Монополияның бағасы таза бәсекенің бағасымен салыстырғанда жоғары, ал өндірілген өнім көлемі аз. Осы себепті де Е монополияны жақсы көрмейді.

Егер де кез келген өнім көлем жағдайында қандайда бір фирманың өнімінің бағасы басқа фирманың өнім бағасынан төмен болса, өндірістің бұл саласы табиғи монополия деп аталады.

Монополияның болуына негізгі үш себеп бар:


  1. Масштабтың оң тиімділігі. Осы масштабтан оң тиімділігінің арқасында көптеген салалар табиғи монополия болады. Ал масштабтың оң тиімділігі дегеніміз өнім көлемі көбейген сайын орташа жалпы шығын азайя түседі және шекті шығын орташа шығыннан аз болады.

  2. Қандайда бір жалғыз фирма қандайда бір өте сирек және маңызды ресурстарды бақылауында ұстап тұрыу мүмкін. Бақылаудың мұндай түрі шиқізат күйінде немесе құпия етіп ұсталатын болмаса патент арқылы қорғалған білім күйінде көрініс беруі мүмкін.

  3. Кей жағдайда мемлекет қандайда бір салаға жаңа фирманың иенуіне тиым салады немесе мемлекет кейбір салаларда өзі бақылап мемлекеттік монополия жасауы мүмкін. Мұндай тауарлар қатарына темекі, арақ – шарап немесе ( қару – жарақ саласы ) әскери қарулар саласы болу мүмкін. Жоғарыда үш себеп кей жағдайда бір – бірімен байланыста болу мүмкін.

Монополияның экономикалық салдары. Монополияның зияны немесе пайдасы жөнінде экономикалық пікірлер екі түрлі болып келеді. Монополияның жақтаушылардың пікірінше монополияның қолдарында үлкен капитал болғандықтан олар ғылыми техникалық прогрестің дамуына оң ықпал жасалады. Монополияға қарсы дау айтушылардың пікірінше монополия салада жалғыз болғандықтан тауардың сапасын жақсартуға да ғылыми техникалық прогресті қолдауға да ықпал емес.

Тұтынушыларды баға бойынша алалау дегеніміз қандайда бір өнім немесе қызмет түрі тұтынушыларға түрлі бағалармен сатылу. Ал өнімді өндірудегі шығын барлық өнім үшін бірдей болады. Тқтынушыларды бағамен алалау үшін мынадай үш шарт орындалу керек:

1) Тауарды сатушы немес өндіруші монополия болу қажет, тіпті болған жағдайда ол фирма бағаны және өнім өндіру көлеміне бақылау жасай алатын болу керек.

2) Сатушы немесе өндіруші сатып алушыларды немесе тұтынушыларды олардың сатып алу қабілетіне қарай топтарға немесе класстарға бөлу керек.

3) Алғашқы сатып алушы бұл тауарды қайтып сата алмайтын болу керек.

Бағамен алалаудың экономикалық салдары:



  1. монополия осы бағалық алалау арқылы өзінің таза пайдасын ұлғайта алады.

  2. Бағалық алалаумен айналысатын фирма бағалық алалаумен айналыспайтын фирмаға қарағанда өнімді көп өндіреді.

2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) Бәсекелестік

Ә) Лицензия

Б) Патент

В) Авторлық құқық

Г) Екі жақты монополия

Ғ) Таза монополия

Д) монопсония

Е) Бағалық алалау

Ж) Шекті табыс

З) Жалпы табыс

И) Жетілмеген бесеке нарығы

К) Монополиялық билік

Л) МR = МС

М) (Р0 – АТС0).Qo

Н) Масштабтың оң тиімділігі

О) Монополияның экономикалық салдары

1. Салада тек бір фирма үстемдік ететін және фирма мен саланың сәйкес келетін жағдайы

2. Нарықта бір ғана сатып алушының болуы

3. Сатушы немесе өндіріші өзінің шығарған өнім көлемін шектеу арқылы бағаны көтеруі

4. Монополист сатып алушының монополист сатушымен кездесуі

5. Монополист үшін тиімді пайда табу шарты

6. Қосымша өнім сату арақылы жалпы табыстын өзеру шамасы.

7. Белгілі нарықта белгілі қызмет түрін жүзеге асыру жөніндегі фирманың құқығы

8. Автордың мүддесіне сәйкес келіп, ерекше өнімдерді сату мен өткізуді бақылау жағдайы

9. Сатып алушылар немесе сатушылар өздерінің нарықтық бағаға әсер етуін пайдаланатын нарықтар

10. Өзі жасаған игілікті куәландыратын және оның құқығын растайтын куәлік

11. Бірдей өнімді әртүрлі баға бойынша сату

12. ТR=Q*Р

13. Монополияның таза пайдасы

14. Монополияның болуындағы негізгі үш себептің біреуі

15. Монополияның ғылыми техникалық прогрестің дамуына оң ықпал етуі

16. Нарықтық экономиканың мақсаттары мен қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін қорғаудағы ең тиімді құралы


Дұрыс/дұрыс емес (Иә/жоқ)




Тұжырым

(Иә/жоқ)

1

Монополия –қ андай да бір түр құрылым нарығында тек бір ғана сатушы өмір сүреді.




2

Монопсония-қандай да бір түр құрылым нарығында бірнеше сатушылар ғана өмір сүреді.




3

Екіжақты монополия-түр құрылымы нарығында тек екі монополист өмір сүреді.




4

Монополияның үш түрі бар: ашық, жабық,табиғи.




5

Нарық сатып алдушылар тиімділігін тигізетін нарықта баға болмаған бәсекелестіктер.




6

Сатушы монополиялық билікке ие болады, егер ол өзінің өнім санын азайту арқылы бағаны жоғарылата алса




7

Монополисттің сұраныс қисығы теріс көлбеу болып келеді




8

Монополист үшін еу оңтайлы өнім өндіру көлесі баға шеті шығынға тең болатын жағдай




9

Икемді сұраныс нарықтағы монополистік билікке ешқандай әсер етпейді.




10

Бағалық алалау-бұл әртүрлі сатып алушыларға тауарды бірдей бағаман сату




11

Монополиялық фирманың тауарына алмастырғыш тауар болмайды




12

Монополист бағаны қашанда барынша жоғары қояды




13

Монополия нарығына кірудің онша қиындығы жоқ




14

Монополия таза түрде-сирек, көбіне көп оның қағидалары өзге нарықтардың элементтерінен тұрады




15

Табиғи монополистерге жатқызылатын кәсіпорын қоғамды пайдалану және кәсіпорын пайдалынылған ресурстар (электрлік,газ кәсіпорындары,суды жабдықтау және тағы басқа).




16

Монополиядан қоғамға ешқандайда пайда жоқ






4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Егер нарықта бір ғана сатып алушы болса, ондай нарық қалай аталады?

A) олигополия;

B) монопсония;

C) дуополия;

D) монополия;

E) табиғи монополия.


2. Басқа бәсекелестерден заңдық қорғанысы бар монополия:

A) табиғи монополия;

B) ашық монополия;

C) жабық монополия;

D) кез – келген монополия;

E) тұрақты монополия.


3. Фирма тауарларды 100 тауар данасы партияларымен сатады. Бірінші партияның данасын 100 теңгемен, екінші партияның данасын 90 теңге бағамен сатты, Онда фирманың шекті табысы:

А) 10000;

В) 9000;

С) 1000;


D) 19000;

Е) 100.
3. Монополистің жалпы шығын функциясы TC=200+30Q, оның өніміне сұраныс функциясы Р=60–0,2Q. Тепе-тең баға мен тепе-тең көлемді тап.

A) 85 және 45 ;

В) 65 және 75;

С) 75 және 65;

D) 15 және 25;

Е) 45 және 75.
4. Монополия жағдайында:

A) MR=MP


B) MR=AR

C) MR>P


D) MR

E) MR=TC
5. Монополист шығынға ұшырайды, егер:

A) MC

B) P


C) MC

D) MC


E) MC>MR.
6. Баға арқылы алалаудың мақсаты:

A) тұтынушылардың хал – ахуалы деңгейінің төмендету;

B) сату көлемінің барынша арттыру;

C) сатып алушылардың санын азайту;

D) әр сатып алушыға жақсы жағдай жасау;

E) тұтынушылардың хал – ахуалы деңгейінің өсуіру.


7. Кестеде бағаның өзгеруіне байланысты монополистің өніміне деген сұраныстың шамасы көрсетілген:


Баға

9

8

7

6

5

4

3

2

1

0

Сұраныс көлемі

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Баға 6 болғанда монополистің шекті пайдасын табу керек.

A) 8;

В) 7;


С) 4;

D) 5;


Е) 0.
8. Фирма монополия жағдайында тауар өндіреді. Берілген тауардың сұраныс функциясы P=144-3Q, ал орташа шығындар функциясы AC=25/Q+Q. Қандай жағдайда фирманың пайдасы барынша көп болады?

A) 18;


В) 16;

С) 14;


D) 15;

Е) 10.
9. Монополистің жалпы шығын функциясы TC=200+30Q, оның өніміне сұраныс функциясы Р=60–0,2Q. Тепе-тең бағаны тап.

A) 85;

В) 65;


С) 75;

D) 15;


Е) 45.
10. Бәсекелес фирмаға қарағанда қарапайым монополия мынаған ұмтылады:

A) өнiм өндiрудi азайту, ал бағаны жоғары белгiлеуге;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет