Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум


B) табысты максималдауға; C) сұраныс қисығының икемсiз бөлiгiне сәйкес баға белгiлеуге



жүктеу 1.58 Mb.
бет8/10
Дата21.04.2019
өлшемі1.58 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

B) табысты максималдауға;

C) сұраныс қисығының икемсiз бөлiгiне сәйкес баға белгiлеуге;

D) MR = P болатын көлемдi таңдауға;


E) өнiм өндiрудi ұлғайту және жоғары бағаны белгiлеу.
11. Мәселен, монополист 10 бiрлiк тауарды 1 бiрлiкке 100 доллар бағасымен сата алады, бiрақ 11 бiрлiк тауарды бағаның 99,5 долларға төмендеуiне әкеледi. Шектi табыс мынаған тең:

А) 100 долларға;

В) 99,5 долларға;

С) 94,5 долларға;

Д) 94 долларға;

Е) 1099,5 долларға.


12. “Фирма” мен “сала” ұғымдары синоним болады:

А) таза монополия жағдайында;

B) жетiлген бәсеке жағдайында;

C) олигополия жағдайында;

D) монополистiк бәсеке жағдайында;

E) барлық жауаптары дұрыс.


13. Лернер коэффицентi былай есептелiнедi:

А) ( Р - АТС)/ АТС;

В) ( P-AVC)/P;

C) (P-MC)/P;

D) (Р-МС)/МС;

Е) (МС-АТС)/Р.


14. Жетiлген бәсеке жағдайында Лернер кэоффицентi (KL):

А) 0 < L <1;

B) L>1;

C) L=0;


D) L<0;

E) L=1.
15. Бағалық дискриминация нені сатудан болады:

А) Гастраномдағы сапасы бірдей алмаларды;

В) үлкен және кіші курс студенттеріне арналған «Микроэкономика» пәнінен кітап;

С) бірдей тауарларды сатудан, бірі Лондон орталығындағы қымбат супермаркетте және қаланың сыртындағы жұмысшы аудандағы дүкеннен;

D) канадалық биржадағы астықтан;

Е) фондтық биржадағы ІВМ фирмасының акциялары.
16 Нарықтық ортада монополиялық билік болуы үшін

А) жеке өндіруші нарықтық бағаның өзгеруіне ықпал ете алуы керек;

В) жеке өндіруші өнім көлемін қысқартуы қажет;

С) өндірушілер арасында бәсекелестік болмауы қажет;

D) жеке өндіруші өнім көлемін көбейтуі қажет;

E) жеке өндіруші өнім көлемін өзгертпеуі керек;


17. Монополист ең көп пайдаға ие болу үшін шығаратын өнім көлемін келесі шарттан таңдауы керек:

А) шекті шығын өнім бағасына тең болуы керек;

В) шекті шығын жалпы шығынға тең болуы керек;

С) шнкті түсім шекті шығынға тең болуы керек;

D) шекті түсім жалпы шығынға тең болуы керек;

Е) орташа шығын өнімнің бағасына тең болуы керек.


5. Есептер мен жаттығулар
1. Монополияның өніміне сұраныс функциясы Q = 24 – Р. Шығындар функциясы ТС = 10 + 5 Q2. Тепе – тең көлемді және ең жоғарғы деңгейдегі пайданы табыңыздар.

2. Нарықта екі сатып алушы және монополия. Баға 10, 20, 30 болғандағы бірінші сатып алушының сұранысы, сәйкесінше, 5, 3, 1, ал екінші сатып алушының сұранысы сәйкесінше, 2, 2, 1. Монополияның тұрақты шығыны 5-ке және шекті шығыны 3-ке тең. Монополияның ең жоғарғы деңгейдегі пайдасын табыңыздар.

3. Монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма темекі өндірумен айнылысады. Фирманың шекті табыс функциясы мынадай: MR=10-2Q, ал ұзақ мерзім кезіндегі шекті шығынның қисығы

LMC=2Q-2. Егер ұзақ мерзім кезінде орташа шығынның (LAC) мәні 6-ға тең болса, онда фирма өндіріс күшінің артық шығаруы қандай болады.



4. Фирма монополия жағдайында тауар өндіреді. Берілген тауардың сұраныс функциясы P=144-3Q, ал орташа шығындар функциясы AC=25/Q+Q. Қандай жағдайда фирманың пайдасы ең жоғарғы деңгейде болады?
6. Шығарылуы келтірілген есептер
1. Монполист пайдасын баға шекті шығыннан 2 есе артық болғанда барынша көбейтеді делік. Бұл оның өніміне деген сұраныстың икемді екенін білдіре ме? Егер білдірсе, сұраныс икемділігін есептеңіз.
Жауабы: Иә. Е=-2.
2. Темекі өндіруші монополист тауарының әрқайсысын 45 теңгеден сатады делік. Темекінің сұраныс икемдігі – 3-ке тең. Фирма өз пайдасын барынша көбейтеді деп ұйғарып, MR шекті түсімнің және шекті шығын көлемдерін анықтаңыздар.
Жауабы: MR=MC=30теңге.
3. Монополистің соңғы сатылған тауар бірлігінен түскен шекті түсімі 180 теңгеге тең. Егер сұраныстың бағалық икемділігі – 2,5-ке тең болса, онда монополиялық баға қандай болады? Монополистің шекті шығынын есептеуге бола ма? Егер болмаса, неліктен? Қандай жағдайда монополистің шекті шығынын анықтауға болады?
Жауабы: Рm=300 теңге.
4. Қазіргі кезде фирма өз өнімінің әр данасын 60 теңгеден сатып, жоғары деңгейдегі пайда табуда. Ұтымды өнім көлемі 5 дана. Қосымша зерттеулер жалпы шығын мен шығарылатын өнім көлемінің арасындағы байланыстың келесі заңдылыққа бағынышты екендігін көрсетеді: TC=2Q2+2Q7

Осы фактілерге сүйене отырып, берілген фирманы монополист деп атауға бола ма?



Жауабы: L=56%. Фирма нарықтағы сату көлемінің 56%-ін бақылайтын болғандықтан, оны монополист деп атаймыз.

5. Суретте монополистің табысы мен шығынының қисықтары бейнеленген.

а) барынша көп пайда әперетін өнім көлемін анықта;

ә) монополиялық бағаны анықта;

б) графикке монополистің пайдасын көрсететін ауданды белгіле;

в) монополистің өніміне нарықтық сұраныстың азаюы монополистің іс-әрекетіне қандай әсерін тигізеді.


Жауабы:

а) MR=MC болғандағы OQ өнімінде пайда мейлінше көп мәнге ие болады;

ә) ОР;

б) РАВС ауданы;



в) нарықтық сұраныстың азаюы, сұраныс қисығы мен шекті табыс қисығын солға қозғалтады. Сондықтан МС мен MR қисықтары төмен деңгейге сәйкес келетін өнім көлемінде қиылысады. Демек, монополист аз өнім шығарады.
7. Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1. Монополия дегеніміз не?

2. Монополияның негізгі сипаттамаларына тоқталыңыздар

3. Шекті табыс дегеніміз не?

4. Монополияның болуына негізгі үш себепті атаңыз.

5. Тұтынушыларды баға бойынша алалау дегеніміз не?

6. Тұтынушыларды бағамен алалау үшін қандай шарт орындалуы керек?

7. Бағамен алалаудың экономикалық салдарын атаңыз.

8. Табиғи монополия дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер
1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл, 124-142 беттер

2. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007, 135-143 беттер

3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1997, с.191-210;

4. Макконнелл, Брю «Экономикс», Москва, Туран, 1996 г., , с.228-246;

5. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Т.К. Микроэкономика, Алматы.: Экономика. КазГАУ 1997 с. 248-263;

6. Гимранова Г.И. Такирова Г.А. Микроэкономика., Караганда 2005, с.144-154

7. Емцов М.Г., Лукин А.Ю. Микроэкономика М., МГУ, 1997 г. стр. 253-270

8. Тарасевич Л.С., Гребенников П. И. Микроэкон., М. Юрайт, 2003 с.120-136


9-10. МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ ОЛИГОПОЛИЯ
1. Қысқаша теориялық материалдар

1 Олигополия туралы түсiнiк.
Олигополиялық және монополиялық бәсеке таза монополияға қарағанда өмiрде жиi кездеседi. Олигополияның негiзгi сипаттамасы мынадай: өнiм өндiрумен азғантай фирмалар айналысады, бiрақ олардың әрқайсысы өнiм көлемiне немесе бағаға өздерiнiң iс-әрекетiмен әсер ете алады. Олигополиялық саладағы фирмалардың өнiмдерi стандартталған немесе дифференцияланған (сараланған) болып келедi.

Олигополия жағдайындағы фирмалар бiр-бiрiмен өзара тәуелдi болады. i.

Олигополия болуының себептерi мынадай:


  1. Масштаб тиiмдiлiгi. Мысалы, АҚШ-ғы «Үлкен үштiк» деп аталатын фирмалар - Дженерал Моторс, Форд, Крайслер – елдегi шығарылатын барлық автомобильдердiң 90 % -ын шығарады.

  2. Салаға енудiң қиындылығы. Патент болу керек, кейбiр өнеркәсiптiк шикiзаттар iрi бiрнеше фирмалардың қолында болуы керек, сол сияқты жарнамаға мол қаражат қажет.

  3. Бiрнеше немесе екi фирмалардың бiрiгуi. Мұндай бiрiгу кезiнде олардың нарықтағы үлесi ұлғая түседi, ал мұның өзi масштаб тиiмдiлiгiне жағдай жасайды. Екiншi жағынан, iрiленген фирма ресурс сататын фирмаға өз шарттарын, талаптарын қоюы мүмкiн. Соның арқасында ресурстар мен шикiзаттарды арзан бағамен сатып алу мүмкiндiгi туады.

Баға белгiлеу кезiнде олигополстер мынадай 4 модельдiң бiреуiн таңдауы мүмкiн:

А) Фирмалардың астыртын келiсулерi;

В) Баға белгiлеушi озық фирма;

С) Шығын және «плюс» принципi бойынша;

D) Сұраныстың сынық қисығы.

Олигополия жағдайындағы бағадан тыс бәсеке. Олигополистер үшiн бағадан тыс бәсекенiң орны ерекше. Оған мынадай екi себеп бар: 1) Бәсекелес фирмалар қандай да бiр фирманың бағаны төмендетуiне сол мезетте жауап бередi, яғни олар да бағаны сол деңгейге дейiн түсiрiп, бағаны төмендетушi фирманың өнiмдi көп мөлшерде сатуына мүмкiндiк бермейдi. Сондықтан да олигополистер үшiн бағалық бәсекеден гөрi бағадан тыс бәсеке әлдеқайда тиiмдi болып келедi. 2) Өнеркәсiп саласында қызмет iстейтiн олигополистердiң қолында қомақты қаржы болады. Осы қаржының көмегiмен олар өнiм түрiн жарнамалайды және өнiмдi дамытады, яғни жақсартады.

Бағадан тыс бәсеке монополиялық бәсекелестер үшiнде бәсекенiң негiзгi түрi болғанымен, олардың қолында олигополистердiкiндей үлкен қаражат жоқ. Сондықтан да олигополистер бәсекенiң осы түрiмен толық және жүйелi түрде айналысады.

Монополиялық бәсеке нарығында өндірушілердің саны салыстырмалы түрде алғанда айтарлықтай көп болады.(20,30,60). Ал олардың өндіретін тауарлары негізінен алғанда диференциалды болып келеді. Осы себепті де монополиялық бәсеке субъектілері өздерінің өндіретін өнімдерінің бағасына белгілі бір мөлшерде ықпал жасай алады. Монополиялық бәсеке нарығының субъектілері салаға салыстырмалы түрде оңай кіріп шыға алады. Тауарлардың диференциалды болуы мынаны білдіреді:


  • өнім сапасы әр түрлі болады.

  • көрсететін қызмет түрлері де әр түрлі дәрежеде болып келеді.

  • тауарды өткізуде түрлі ынталандыру жұмыстары жүргізіледі.(мыс: тауар белгілері, маркалары, этикеткалар т.б.)

Монополиялық бәсеке субъектілері де олигполия сияқты бір бірімен негізінен бағадан тыс бәсеке арқылы тартысқа түседі.

Монополиялық бәсекенің рыноққа немесе салаға кіріп-шығу оңай болу себебі оларға үлкен капитал жұмсаудың қажеті жоқ . Солай бола тұра жетілген бәсеке нарығымен салыстырғанда салаға кірудің біршама қиындығы бар, себебі оның тауарлары біртекті , яғни стандартталған болмағандықтан олар өз өнімдерін жарнамалауға мәжбүр болады. Ал бұған белгілі қаржы қажет.

Жарнама туралы пікір қарама қайшы екі көз қарастан тұрады. Жарнаманы жақтаушылар оның мынандай тиімді жағдайын былай көрсетед:


  • тұтынушыларға дұрыс таңдау жасауға көрсетеді.

  • Ұлттық байланыс жүйесіне қолдау көрсетеді. Мыс:радио, теледидар, газет т.б.

  • Осы жарнаманың арқасында қаржыландырылады (қомақты бөлігі)

  • өнімнің дамуы мен жетілуін жеделдетеді

  • фирмаларға масштабты оң тиімділігін пайдалануға жол ашады

  • бәсекені ынталандырады

  • жұмсалымының көп болуына және елді жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Жарнамаға қарсы пікірдегілер мынадай дәлелдерді алға тартады:

  • елді тауар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуден гөрі шатастырып кетеді

  • ресурстарды қажетті салалардан қажетсіз салаларға қарай тиімсіз аударады.

  • Бағаның жоғары болуына ықпал жасайды.

  • Монополияға қолдау көрсетеді.

  • Жоғарыдан көріп отырғанымыздай жарнаманың тиімді және тиімсіздігі туралы бір жақты пікір айту қиын.


2. Негізгі ұғымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар
А) Олигополия

Ә) Баға бәсекелестігі

Б) Ойын теориясы

В) Картель

Г) Құпия келісім

Ғ) Дуополия

Д) Олигопсония

Е) Доминанттық стратегия

Ж) Нәтижелер матрицасы

З) Нарықтың шоғырлануы

И) «Ереже бойынша ойын»

К) Нэш тепе-теңдігі

Л) Бағалық лидер

М) «Сынық» сұраныс қисығы

Н) Өнімнің түрленуі

О) Синдикат

П) Тауар белгісі

Р) Монополистік бәсеке

1. . Біртекті өнімді жасаушы кәсіпорындар бірлестік реті: мұнда жеке меншік шаруашылық материалдық шартқа деген жеке меншік қатысушы бірлестікке сақталады,ал дайын өнім олардың осы құрылған мекемесі арқылы жүзеге асатын ортақ тауары.

2. Фирмалар көп болған жағдайда әрқайсысы монополиялық биліктің бір бөлшегіне ие болатың жағдай

3. Тауарды немесе фирманы тануға мүмкіндік беретін арнайы рәміз

4. Заңмен қудаланатын бағаға, нарықтың бөліну және басқа да мәселелердің шектеулерлеріне байланысты жабық келісім.

5. Бәсекелестің іс-әрекетінен тәуелсіз, ең жақсы нәтиже беретін ойыншының стратегиясы.

6. Қандай да бір тауарды өткізу барысында доминантты сатушылардың аз болуы, ал жаңа сатушылардың пайда болуы өте қиын немесе мүмкін емес болатын нарық құрылысы.

7. Тұтас монополия сияқты, өнім шығару көлемі мен бағаларына байланысты келісілген шешім шығарып жұмыс істейтін фирмалар тобы.
8. Бәсекелесі таңдаған стратегия шарты бойынша әр ойыншының стратегиясы оптималды болатын ойын шешімі.

9. Бір ойыншы стратегиясының мүмкіншілігінің нәтижелері мен басқа ойыншының мүмкін болатын реакциясын көрсететін кесте.

10. Үйлестірілмеген олигополия мен жасырын келісім арасындағы ымыраны ұсынатын олигополия формасы.

11. Әр түрлі фирмалардың бірдей тауарлары арасындағы нақты немесе нақты емес айырмашылықтар

12. Олигополиялық нарықта бәсекелес фирмалардың бағаларының төмендеуінің жалғасуының циклы

13. Шешім қабылдауға байланысты, мүмкін болатын жағдайлардағы қатысушылардың мінез-құлқтарын зерттейтін математикалық методтар туралы ғылым

14. Нарықтық ұсыныстың белгілі ресурстарын бірнеше фирманың сатып алатын, өндіргіш факторлары болатын нарық құрылымы.

15. Олигополистің өніміне деген ұсыныс қисығы, оның бағаны төмендетуіне бәсекелестер қосылады деген болжамға негізделген, бағаны жоғарылату жөніндегі шешімге қосылмайды.

16. Нарықтық құрылым моделі бойынша нарықта сәйкес тауарды ұсынушылар екі бәсекелес-сатушы жалғыз болуы мүмкін.

17. Олигополистік нарықтағы фирма бағаны көтереді немесе төмендетеді, сол уақытта нарықтағы өзге фирмалар баға белгілеуде көшбасшыға ереді.



18. Нарықтағы бір немесе бірнеше ірі фирмалардың ие болу деңгейі.

3. Дұрыс/дұрыс емес


№№

Тұжырым

Иә/жоқ

1

Бәсекелес фирмалар ұзақ мерзімді жұмысы барысында экономикалық табыс алмайды




2

Монополист шекті шығынға тең бағаны қояды




3

Монополисттік бәсекелестік – бұл әр түрлі саладағы әб бір доллар үшін монополисттік-фирмалардың бәсекелестігі




4

Фирма монополисттік бәсекелестік кезінде экономикалық табысты тек қана қысқа мерзімде ала алады.




5

Егер жасалған бәсекелестік монополисттікті шектетсе, онда ол тұтынушылардың жағдайын нашарлатады.




6

Монополисттік бәсекелестік –билік бірнеше үлкен фирмада болатын нарық




7

Антимонополиялық заңдылық – бір ғана сатушы болатын нарық түрі




8

Өз іс-қимылдарын бәсекелестердің қөз қарастарына қарамай жұмыс істейтін, монополисттік бәсекелестікте болатын фирма




9

Монополисттік бәсекелестік – жетілген бәсекелестік пен диференциалданған тауарлар




10

Нарық саласындағы біртекті өнім шығаратын аз ғана фирмаларды монополисттік бәсекелестік деп атайды




11

Жетілген бәсекелістікке қарағанда, монополисттік бәсекелістікте өткізілім көлемі шектелген және нарықтық баға, өнім өзгешеліктері және жарнамаға кететін шығындар сияқты мынадай факторлармен шектелген




12

Монополисттік бәсекелестік бұл – нарықта екі сатушы болатын құрылым.







Олигополия




1

Олигополия – бұл нарық құрылымы өндірілген доминантты тауарды өте шамалы сатушылар, ал жаңа сатушы қиын және мүмкін емес болған.




2

Олигополияның сипаты фирмаларды осы салада көп болуын сипаттайды.




3

Олигополияда салаға кіру үшін жоғары деңдейдегі өндіріс ісінің сипаттамасы болып табылады.




4

Бағалық бәсеке – бұл олигополияның нарықтағы фирмалардың бір-бірінен бәсекелесу барысында бағаның төмендеу шағы .




5

Ойын теориясы – бұл бәсекелестің іс әрекетінен тәуелсіз,жақсы көрсеткіш беретін ойыншы старатегиясы.




6

Картель - өнім көлемін шығаратын, егер олар бір монополия болса, баға бойынша келісетін және бірге жұмыс атқаратын фирмалар тобы.




7.


Дуополия-заңмен қудаланатын, нарықты бөлу және өзге бәсекелістікті шектейтін тәсілдердің баға жөніндегі келісім




8.

Жасырын келісім - өнім көлемін шығаратын, егер олар бір монополия болса, баға бойынша келісетін және бірге жұмыс атқаратын фирмалар тобы.




9.

Олигополияның сипаттамасы жалпы өзара тәуекелділік болып табылады.




10.

Грек тілінде аударғанда «олтгополия» түсінігі «бірнеше саудагер» дегенді білдіреді.




11.

Сұраныстың «сынық» қисығы – бұл бәсекелестердің бағаны төмендету шешіміне қосылады деген болжамға негізделген, ал бағаның өсу шешімін қолдамайтын олигополист өнімінің сұраныс қисығы.




12.

Матрица көрсеткіші – бұл әр бір ойыншының стратегия шартындағы онымен тандалынған бәсекелеске қарағандағы оңталы ойын шешімі.




13.

Қисық әсер ету – максимизациялық табыс көлемін шығаруын көрсетеді,сол болған бір фирмада жасалынады, егер сол көлем басқа фирмалар бәсекелесіне түссе.




14.

Өнімді саралау- Үйлестірілмеген олигополия мен жасырын келісім арасындағы ымыраны ұсынатын олигополия формасы.




15.

Бағалық жетекші бұл бағаны көтеру мен төмендету уақытында нарықтағы басқа фитрмалар бағаны белгілеуші жетекшіні қадағалайтын олигополиялық нарықтағы фирма.




16.

Доминантты стратегия бұл бәсекелестің қимылынан тәуелсіз ең жақсы көрсеикіш беретін ойыншы стратегиясы.






4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. жетілдірілген және монополыялық нарықтардың бәсекелестігі жалпы көрініс табады:

А) дифференциалды тауарлар шығарады;

В) нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар;

С) әрбір фирма өзінің өніміне жатық сұрыныс қисығына тап болады;

D) бір өнімді тауарлар шығарылады;

Е) әрбір фирманың нарықтық тәртібі, оның бәсекелес фирмалардың реакциясына байланысты болады;


2. Картель қатысушысы өз пайдасын былайша арттыра алады:

А) картельдiң басқа қатысушыларына қарағанда өз өнiмiн арзан бағаға сату арқылы;

В) картельдiң басқа қатысушыларына қарағанда өз өнiмiне жоғары баға белгiлеу арқылы;

С) белсендi бағалық емес бәсеке жасау арқылы;

D) бағаны көтеру үшiн белгiленген шектен төмен етiп өнiм өндiру;

Е) картельдiң келiсiлген бағаны үнемi көтерiп отыруын талап ету арқылы.


3. Ұзақ мерзiмдi кезеңде:

А) бәсекелестiк жетiлген нарықтағы фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады;

В) монополиялық бәсекелестiк нарығындағы фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады;

С) бәсекесiз нарықтағы олигополист пен монополист экономикалық пайда алады;

D) нарыққа кiруге қойылатын тосқауыл неғұдлым жоғары болса, онда ол осы нарықта жұмыс iстеп тұрған фирмалардың экономикалық пайда алуына ықпал етедi;

Е) жоғарыда айтылғандардың бәрi де дұрыс.


4. Бәсекелестік жетілген нарық пен монополиялық бәсекелетік арасында ұқсастық бар,ол мынада:

А) Нарықтық ортада сатушылар мен сатып алушылар саны көп;

В) Өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері бар тауарлар өндіріледі;

С) Стандарты, біртектес тауарлар өңдіріледі;

D) Фирмалардың тауарларына деген сұраныс қисығы горизонталь

сызық болады;

Е) Нарықтағы әр фирманың іс-әрекет, онымен бәсекелес фирмалардың іс-қимылдарына байланысты болады.
5. Монополиялық бәсеке тұтынушыларға тиімді әрі пайдалы деушілер былай деп тұжырымдайды:

А) Өнімге өзіндік ерекшелік беру тұтынушылардың әр түрлі талғамдарын жүзеге асыруға ықпал етеді;

В) Монополиялық бәсеке жағдайында фирмалар нарық тұрғысынан алғанда тиімді болатын өнім көлемін өндіреді;

С) Толық бәсеке фирмалар арасындағы күреске әкеп соғады;

D) Монополиялық бәсеке жағдайында қоғам тұрғысынан алғанда тиімді саналатын ресурс қолдануға қол жетеді;

Е) Барлық тұжырымдар дұрыс.

6. Монополиялық бәсекелес фирмалардың сұраныс қисығы қандай болады:

А) Икемді;

В) Икемсіз;

С) Өте икемді;

D) Өте икемсіз;

Е) Сынық сызықты.

7 ОПЕК төмендегі нарық құрылымының қайсысына жатуы мүмкін:

А) Толық жетілген бәсекелес фирма;

В) Монополиялық бәсекелес фирма,

С) Бірге қызмет істеуге ыңғайланбаған олигополия;

D) Картель;

Е) монопсония.

7. Пайдаларын бірге барынша көбейту үшін фирмалар төмендегі нарық құрлымдарының қай түрін ұйымдастырулары мүмкін:

А) монополиялық бәсеке нарығын;

В) картель;

С) олигополия;

D) монополия;

Е) таза бәсеке нарығын.

8. Жетілген бәсекенің монополистік бәсекеден айыратын маңызды көрсеткіші:

А) монополистік бәсеке нарығына кірудің кедергілердің болуы;

В) бәсекелес фирмалар біртекті емес, дифференциалды өнім сатады;

С) монополистік бәсеке жағдайында ұзақ кезеңінде фирма максималды пайда алады;

D) бәсекелес фирмалар әмбебапты тауарды сатады;

Е) жалғыз сатушы ғана болып табылады.

9. Өз жағдайын нарықта нығайту және пайданы арттыру үшін сауда маркасы мен сауда белігілері қандай нарық моделі үшін қажет:

А) таза монополия;

В) таза бәсеке;

С) монополиялық бәсеке;

D) олигополия;

Е) олигопсония.

10. Дуополия қандай бәсекенің дербес жағдайы:

А) жетілген бәсекенің;

В) монополияның;

С) олигополияның;

D) монополистік бәсекенің;

Е) кез – келген нарық түрінің.

11. Олигополия – бұл нарықтық құрылым, онда қызмет;

А) бір өнімді шығаратын бәсекелес фирмалардың көп болуы;

В) дифференциалды тауар шығаратын бәсекелес фирмалардың көп болуы;

С) бәсекелес фирмалардың көлемінің аздылығы;

D) бір ғана ірі фирма;

Е) бір ғана ірі сатып алушы.

12. Нарықты қадағалайтын бірнеше фирмалардың арасында өндіріс сала бойынша бөлінсе, онда бұндай нарық құрылымы қалай аталады:

А) жетілдірілген бәсеке;

В) монополиялық бәсеке;

С) олигополия;

D) монополия;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

13. Екі фирманың арасындағы қарым-қатынасты Курноның дуополиялық моделіне жатқызуға болады, егер:

А) фирмалардың ойынша, бәсекелес берілген баға бойынша қолдау стратегиясын жүргіссе;

В) әрбір фирманың ойынша, оның бәсекелесі ағымдағы өнімде өз өнімін өзгертпей ұстап отырады;

С) келісім-шарт бойынша фирмалар өндіріс көлемін таңдап отырады;

D) фирмалар минимальді деңгейде өндіріс көлемін таңдап отырады;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

14. Олигополия дегенiмiз нарық құрылымы және ол кезде нарықта:

А) бiрдей тауарлар өндiретiн өзара бәсекелес фирмалардың саны көп болады;

В) өзiндiк ерекшелiктерi бар тауарлар өндiретiн өзара бәсекелес фирмалардың саны көп болады;

С) бәсекелес фирмалардың саны өте көп болмайды;

D) тек қана бiр iрi фирма болады;

Е) тек қана бiр iрi сатып алушы болады.

15. Олигополия теориясын салған алғашқы ғалым:

А) Эдвард Чемберлен;

В) Огустен Курно;

С) Джоан Робинсон;

D) Карл Маркс;

Е) В. Ленин

16. Дуополия кезiндегi нарық сұранысының қисығы берiлген: P=60-2Q, бұндағы Q=Qa +Qb .Екi фирманың технологиясы бiрдей және TCa =TCb тұрақты, сондықтан MCa =MCb =0.Осы деректердi пайдаланып:

А және В фирмаларының Курно тепе – теңдiгiндегi өнiм көлемiн және өнiмнiң әр данасының бағасын тап:

А) Q1=10; Q2=10; P=20;

В) Q1=20; Q2=20; P=10;

С) Q1=30; Q2=30; P=10;

D) дұрыс жауап жоқ.

Е) анықтау мүмкін емес.

17. Олигопсония - бұл нарықты құрылым, мұнда:

А) тауар біртекті, нарыққа кіру кедергілері жоқ, 2 сатушы және көп сатып алушы болады;

В) көп сатып алушы мен сатушылар болады, кедергілері жоқ, өнім тұтынушының көзқарасы бойынша ерекшелінеді;

С) нарықта бір сатушы және 3 сатып алушы болады і;

D) нарықта көп сатушы және бір сатып алушы болады, тауар біртект;

Е) нарықта бір сатып алушы және бір сатушы.

18. Олигополия сипаттамасына жатпайды:

A) фирмалардың салаға жеңіл кіріп – шығуы;

B) фирмалар санының азғантайлығы;

C) бағаны бақылай алуы;

D) фирмалардың арасындағы тәуелділік болатыны;

Е) фирмалардың салаға кіріп – шығу қиындығы.

19. Дифференцияланған және стандартталған өнімді өндіретін бірнеше ірі өндіруші бар нарық моделі:

А) олигопсония;

В) монопсония;

C) олигополия;

D) жетілген бәсеке;

E) монополия.

20. Нарық шеңберінде сатудың қомақты бөлігін үлкен-үлкен бірнеше фирма жүзеге асырады, және өздерінің іс - әрекеттерімен нарықтағы бағаға әсер тигізеді, демек -бұл:

A) монополия;

В) олигополия;

С) олигопсония;

D) монопсония;

Е) монополиялық бәсеке.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет