Еңбегін қОРҒау (Әйелдер, КӘмелетке толмағандар мен мүгедектер)



жүктеу 0.69 Mb.
бет4/4
Дата21.04.2019
өлшемі0.69 Mb.
1   2   3   4

ҚОРЫТЫНДЫ

«Адамды адам еткен - еңбек» демекші, адамзат тіршілігінің барысында еңбек оның тіршілігінің негізгі нысаны және дамуының басты механизмі болған және болуда. Адам өзінің саналы ғұмырын рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еңбектенумен өткізеді. Қазіргі кезде еңбекке және оның негізгі элементі қызметкерге деген көзқарастың өзі мүлде өзгеруде. Еңбек пен денсаулық бір – бірімен тығыз байланысты, өйткені еңбектің негізгі мақсаты адамға игілікті жағдайлар жасау болып табылады. Еңбек қорғау дегеніміз- тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін, оның еңбек қабілеттілігін арттыруға, денсаулығын өндірістік ортаның әсерін қорғауға бағытталған мемлекет, кәсіподақтар, мекемелер, кооператив және қоғамдық бірлестіктермен бірігіп жасалатын ұйымдастыру- экономикалық, психологиялық, эстетикалық, емдеу – профилактикалық, құқықтық және тағы басқа да шаралардың жүйесі болып табылады.

Қоғамымызда мемлекет тарапынан ерекше қорғау мен қолдауды қажет ететін жекелеген санаттағы қызметкерлер бар. Олар өздерінің ағзасының физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты еңбек қызметін жалпы негіздерде атқара алмайды. Бұндай тұлғалардың еңбегін қорғауды қызметкерлердің бәріне бірдей қолданылатын жалпы нормалармен қатар, олардың ағзасының ерекшеліктерін ескеретін ерекше нормаларды белгілеу қажет.

Қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтарына, яғни әйелдер, жасөспірімдер және мүгедектерге қатысты жүргізіліп отырған мемлекеттің саясаты, олардың мүдделерін қорғау мақсатымен қабылдаған шаралары бізідің қоғамымыздың адамгершілігінің, оның өркениетінің көрсеткіші болып табылады. Қазақстан Республикасының өзін әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуі оның әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды.

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау мәселесін зерттеу нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады:

1. Еңбекті қорғау қоғамдық қатынастардың түрлі жақтарын қамтитын күрделі әлеуметтік-құқықтық санат болып табылады.



Қазақстан Республикасының заңнамасы еңбекті қорғау ұғымына мынадай анықтама беріп отыр: еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі үрдісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасы әрбір адамға қауіпсіз еңбек жағдайына кепілдік берген. Қызметкердің тазалық пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқығын еліміздің ата заңы – Конституция, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңы жариялап, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен заңға тәуелді актілерден көрініс тапқан. Заң актілерінен көрініс тауып отырған еңбекті қорғау саласындағы ережелер мен нормалар, өкінішке орай, көбінесе декларативті сипатқа ие. Сондықтан, қазіргі таңда оларды қозғалысқа келтіретін «қозғаушы күш» керек.

ХЕҰ деңгейінде қызметкерлердің еңбегін қорғауға қатысты бірқатар нормативтік құқықтық актілер жасалды. Қазақстан Республикасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталғандықтан халықаралық құндылықтарды өз заңнамасына енгізуді жолға қоюы керек.

  1. Әйелдер еңбегін қорғау әйелдердің өндірістегі қалыпты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, медициналық, техникалық және өзге де шаралардың кешенді жиынтығы болып табылады. Бұның ішінде басымдылық әйелдер еңбегін қорғау жөніндегі тиісті нормалары мен жағдайларында бекітілген құқықтық қорғауға берілген.

  2. Әйелдер еңбегін қорғау жүйесінің маңызды әлеуметтік-құқықтық мәні бар, себебі оларға еңбектік құқықтар мен жеңілдіктер ұсына отырып, еңбек қызметін ана болу функциясымен үйлестіруге мүмкіндік береді.

  3. Әйелдер еңбегін құқықтық қорғау екі негізгі, өзара байланысты бөліктерден тұрады: қызметкерлердің еңбегін қорғайтын еңбек заңнамасының жалпы нормаларынан тұратын әйелдер еңбегін жалпы қорғау, және аналардың еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсартатын еңбекті қорғаудың арнайы ережелерінен тұратын «әйелдер еңбегін ерекше қорғау».

  4. КСРО-ның жан-жақты жүйесі кәмелетке толмағандардың тәрбиеленуі, құқықтық қорғалуы, рухани және физикалық дамуы үшін ықпалды құқықтық негіз құрған. Кеңес Одағының кезінде заң шығарушы кәмелетке толмағандарды олардың денсаулығы үшін ауыр және зиянды жұмыстардың нақты анықталған шеңберін көрсете отырып, жалпы нормалармен қатар, жас ерекшеліктеріне ғана емес, сонда-ақ еңбек қызметінің енді ғана басталуымен шартталған арнайы нормаларды белгілеп, жұмысқа қабылдау мен одан босатудың жеңілдетілген тәртібін, өмірі мен денсаулығын қорғау, жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбекке ақыны белгілей отырып еңбек құқығының ерекше субъектісі ретінде анықтаған.

КСРО кезіндегі жиналған тәжірибеден бас тартпай, құқықтық мирасқорлық ретінде қазіргі заңнамаға енгізу орынды болар еді.

  1. Қазақстан Республикасында қабылданған кәмелетке толмағандармен еңбек қатынастарын реттеу тәртібін нормативтік құқықтық актілер негізінен декларативті сипатқа ие. Олардың тиісті түрде орындалмағаны үшін жауапкершілікті күшейту жолымен аталған нормаларды «қозғалысқа» келтіру қажет.

  2. ХЕҰ-ның деңгейінде кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты бірқатар нормативтік құқықтық актілер жасалды. ХЕҰ-ның мүшесі ретінде Қазақстан жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасын белгілейтін конвенцияны ратификациялады. Қазақстан Республикасы халықтың, соның ішінде кәмелетке толмағандардың жұмыс бастылығын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді қолдану мақсатымен өзінің ұлттық еңбек заңнамасын ХЕҰ конвенцияларының жағдайын ескере отырып, соларға сәйкестендіру қажет.

  3. Өзінің маңыздылығына, көлемділігіне қарамастан әлеуметтік-еңбектік реабилитация мәселесі не теоретикалық, ғылыми зерттеулерден, не құқық нормаларынан тиісті түрде көрініс тапқан жоқ. Бұл мәселеге қатысты ғылыми зерттеулер әлеуметтік-еңбектік реабилитацияны шектелген нақты бір ғылымның шегінде ғана көрсетеді. Бұның ішінде теориялық та, тәжірибелік те жағынан толығырақ зерттеулер медицина саласында ғана болып отыр.

  4. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген анықтамасы бойынша, мүгедектік – адам үшін қалыпты болып табылатын қандай да бір қызметті жүзеге асыру мүмкіндігінің дефект салдарынан кез келген шектеулі немесе мүлде болмауы.

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, дене немесе ақыл-ой кемістігінің болуы салдарынан тіршілік етуінің шектеулігіне байланысты әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет ететін адам мүгедек болып табылады.

  1. Еңбек реабилитациясының негізгі компоненті болып рационалды еңбекке орналастыру табылады. Рационалды еңбекке орналастыру – бұл мүгедектер үшін олардың төмен еңбек қабілетімен сәйкес, денсаулығындағы ақауының нашарлауына қауіп келтірмейтін және мүмкіндігінше, мүгедектікке дейінгі олардың біліктілік деңгейінің сақталуын қамтамасыз ететін қызметтерді таңдау бойынша жұмыстар болып табылады.


Қолданылған нормативтік құқықтық актілер



  1. Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылғы Конституциясы

  2. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2004 ақпан №528-ІІ

  3. «Қазақстан Республикасындығы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 10 желтоқсан №493-І. (2001 жылғы 6 желтоқсан №260-ІІ ҚРЗ, 2003 жылғы 25 қыркүйек №484-ІІ ҚРЗ, 2004 жылғы 23 желтоқсан №20 – ІІІ ҚРЗ енгізілген өзгертулер және толықтырулармен бірге).

  4. «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1991 жылғы 21 маусым №692-ХІІ ҚРЗ. (1994 жылғы 14 шілде №137-ХІІІ ҚРЗ, 1994 жылғы 22 қыркүйек №168-ХІІІ ҚРЗ, 1995 жылғы 5 қазан №2488 ҚРП Жарлығы, 1997 жылғы 2 сәуір №88-1 ҚРЗ, 1997 жылғы 19 маусым №134-1 ҚРЗ, 1997 жылғы 22 шілде №168 ҚРЗ, 1998 жылғы 17 желтоқсан №323-1 ҚРЗ, 1999 жылғы 7 сәуір 374-1 ҚРЗ, 2001 жылғы 11 маусым №207-ІІ ҚРЗ, 2002 жылғы 21 наурыз №308-ІІ ҚРЗ енгізілген өзгертулер және толықтырулармен бірге).


Қолданылған әдебиеттер мен басылымдар

1. Абайдельдинов Т.М. О генезисе трудового отношения: проблемы, поиски, решения // Вестник КазГУ. Серия юридическая 2000. №1 (14). С.1-11.

2. Абайдельдинов Т.М. Стороны коллективных соглашений // Конституция Республики Казахстан и вопросы совершенствования законодательства о труде: Сборник материалов международной научно-теоретической конференции. – Алматы: Общественный фонд политико-правовых исследований «Интерлигал» в Казахстане, 2001.

3. Абрамова О.В., Коршунова Т.Ю. Правовые проблемы организации надзора и контроля за соблюдением законадательства о труде. Институт законадательства и сравнительного правоведения при Правительстве РФ. Труды №60. 1995.

4. Абрамова О., Нуртдинова А. Защита трудовых прав работников // Хозяйство и право. 2002. №11; №12.

5. Азтаев Б. Государственная инспекция труда. – Правовой вестник. – 2002.- №32, сентябрь.

6. Время трудиться по другому. Парламентские слушания: «Об исполнении законадательства о безопасностии охране труда в Республике Казахстан». – Правовой вестник. – 2003.- №22, июнь.

7. Гусов К.Н., Курилин М.Н. Международно – правовое регулирование труда (в конвенциях и рекоменданциях МОТ). – Москва, 1993.

8. Димитрова С.А. правовые проблемы труда и занятости населения. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997.

9. Жармахан Туякбай: «Только в прошлом году на рабочем месте погибли 355 казахстанцев». – Правовой вестник. – 2003. - №22, июнь.

10. Кужемуратов С. Если к Вам пришел инспектор. – Правовой вестник. – 2003. - №41, октябрь.

11. Кузнецов Н.Ф., Аргунова Ю.Н. Об эффективности уголовно-правовой охраны трудовых прав граждан // Государство и право. 1996. №10.

12. Қарақұсова Г. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өзекті мәселе. – Егемен Қазақстан газеті. – 2004. – 28-ші сәуір.

13. Нургалиева Е.Н. Механизм правового регулирования труда. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

14. Нургалиева Е.Н., Хохлов Е.Б. Проблемы трудового права в современных условиях. – Караганда, 1994.

15. Нургалиева Е.Н., Сериков О.Т. Коллективно-договорное регулирование труда (на примере нефтегазовой промышленности). – Алматы, 2002.

16. Нургалиева Е.Н., Сураган Г.А. Материальная ответственность сторон трудового договора. – алматы: ТОО «Баспа», 2001.

17. Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. – Алматы: ТОО «Баспа», 1998.

18. Обсуждаем законопроект Проект. «Об обязательном страховании ответственности работадателя за причинение вреда жизни и здоровью работника при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей». Закон Республики Казахстан. – Правовой вестник. 2003. -№22, июнь.

19. Охрана труда. Минимальный комплект нормативных актов, необходимых для организации охраны труда. – Правовой вестник. – 2004. - №3, январь

Охрана труда и техника безопасности в практической деятельности субъектов Республики Казахстан. Составитель: В.И. Скала. – Алматы: ИД «LEM», 2002.

21. Пашков А.С Проект нового трудового Кодекса // Государство и право. – 1995. - №3.

22. Создание системы управления охраной труда на национальном уровне – настоятельное требование времени. Из доклада парламентских слушаниях от 23.05.2003г. – Правовой вестник. 2003. - №22, июнь.

23. Таимбетов Б.Т. Прокуратура Алматинской области выявляет нарушения законодательства о труде. – Правовой вестник. – 2003. - №20, май.

24. Тогайбаев И.У. Практика работы по обеспечению безопасности труда. – Правовой вестник. – 2003. - №22, июнь.

25. Уваров В.Н. Государственная служба. – Алматы, 1996.



26. Чиканова Л.А. Организационно-правовые проблемы обеспечения безопасности труда на производстве. В кн. «Обеспечение безопасности населения и территорий». – Москва, РАН ИГиП, 1994.
Бітіру жұмысында жасалған сілтемелер



  1. Уваров В.Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. – Алматы: ҚазГЗУ, 2002. – С.296

  2. Травматизм на производстве в Республике Казахстан в 2003 году // Труд в Казахстане. – Алматы, 2004 - №7. – С.33.

  3. Сағынтай С. Қауіпсіз жұмыс қашан болады? // Заң. – Алматы, 2004-№8. – С.39.

  4. Толкунова В.Н., Гусов К.Н. Трудовое право России. – Москва: Юрист, 1995.-С.312

  5. САПП РК, 2001, №36, ст.345.

  6. САПП РК, 1997, №48, ст.263.

  7. Международные документы, ратифицированные Республикой Казахстан, в сфере обеспечения прав, основных свобод человека, охраны труда, миграционной политики / Сост. Межибовская И.В., Мухамеджанов Э.Б. – Алматы: Жеті Жарғы, 2000. – С.413.

  8. Мекебаева М. Женский вопрос в Казахстане // Финансы Казахстана. – 2001. - №6. – С.78-79.

  9. Международная защита прав и свобод человека: сборник документов. Сост. Г.М. Мелков. – Москва: Юридическая наука, 1990. – С.355.

  10. Тленчиева Г.Д. Роль прокурорского надзора в соблюдении и применении международных договоров Республики Казахстан о равных правах женщин и мужчин // Сборник материалов междуанродной научно-практической конференции «Место и роль прокуратуры в системе государтсвенных органов Республики Казахстан и ее роль в защите прав человека и гражданина». – Алматы, 2002. – С.64-66.

  11. Концепция государственной политики улучшения положения женщин в Республике Казахстан от 5 марта 1997 года. №3395 / Справочная система «Юрист» 2.1.

  12. Здоровье детей. Равенство возможностей // Бюллетень феминистской лиги. – 1999. - №9. – С.1.

  13. Здоровье детей. Равенство возможностей // Бюллетень феминистской лиги. – 1999. - №8. – С.8-9.

  14. Из Приказа Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 сентября 1999 года №184-П «Об утверждении списка производств, профессий и работ с тяжелыми и вредными условиями труда, на которых запрещается применение труда женщин» / Справочная система «Юрист»2.1.

  15. Шишкан Н.М. Труд женщин в условиях развитого социализма. – Кишинев: Штиинца, 1976. – С.196.

  16. Голощапов С.А. Правовые вопросы охраны труда в СССР. – Москва: Юридическая литература, 1982. – С.59.

  17. Толкунова В.Н. Право женщин на труд в СССР. – Москва: Юридическая литература, 1980. – С.97.

  18. Женщина в меняющимся мире / Под ред. Н.М. Римашевской. – Москва: Наука, 1992. – С.72.

  19. Конвенция и рекомендации принятые Международной конференцией труда, 1919-1956. – Женева: Международное бюро труда, 1991. Т.1. – С.879.

  20. Николаева Л.А., Кожахметова Э.г. Трудовые права женщин. - Алма-Ата: Казахстан, 1978. – С4-10,13,50,87.

  21. Абрамова А.А. Охрана труда женщин (справочник по законадательству). 2-е изд.- Москва: Профиздат, 1972. – С.12-14.

  22. Голощапов С.А. Правовые вопросы охраны труда в СССР.- Москва: Юридическая литература, 1982. – С.50, 60-61.

  23. Ведомости Верховного Совета СССР 1956г. №24, ст.529.

  24. Ведомости Верховного Совета СССР от 24 декабря 1958г.

  25. СП СССР, 1966, №3, ст.26. СП СССР, 1963г., №21, ст.208; Постановление Совета Министров РСФСР от 21 апреля 1969 г. №239 «Положение о порядке проведения на территории РСФСР трудоустройства молодежи, оканчивающей средние общеобразовательные школы, и молодежи, не получившей среднего образования»; Постановления Президиума ВЦПС и БЮРО ЦК ВЛКСМ от 24 ноября 1965 г. «О работе профсоюзных и комсомольских организаций по созданию необходимых производственных и бытовых условий молодым рабочим, впервые поступившим на производство» в Сборнике «Комсомол и подростки». М., 1971г.; Постановление Президиума ВЦСПС от 16 июля 1969г. «Положение о комиссии фабрично-заводского, местного комитета профсоюза по работе среди молодежи» в Справочнике профсоюзного работника. М.: Профиздат, 1976.

  26. СП СССР, 1963, №21, ст.208

  27. СП СССР, 1966, №3, ст.26.

  28. Коментарий к законадательству о труде / Под ред. Теребилова В.И.- москва: Юридическая литература, 1982.-С.576.

  29. Ведомости Верховного Совета СССР 1971г. №39, ст.382.

  30. Бюллетень Верховного Суда РСФСР, 1973г., №9.

  31. Абжанов К., Уваров В. Трудовое законадательство Казахской ССР (пособие для рабочих, служащих и профсоюзного актива). Алма-Ата: Казахстан, 1980.- С.248.

  32. Бюллетень Госкомитета Совета Министров СССР «По вопросам труда и зарплаты», 1959г., №6, 1963г. №7, 1965г. №3, 1967г. №1, ст.75 (Основы законадательства о труде).

  33. Белов В.П., Ефимов И.Н. Тенденции развития реабилитации трудоустройства инвалидов // Врачебно- трудовая экспертиза и социально-трудовая реабилитация инвалидов. Вып.5 (сб.науч.трудов / ЦИЭТИН). – Москва. – 1976. – С.5-10.

  34. Ефимов И.Н. Инвалидность как вид нетрудоспособности // Врачебно-трудовая экспертиза и социально – трудовая реабилитация инвалидов. вып. 5 (сб. Науч. Трудов / ЦИЭТИН). – Москва. – 1976. – С.18.

  35. Ефимов И.Н. Общие критерии временной и стойкой утраты трудоспособности // Врачебно-трудовая экспертиза и социально-трудовая реабилитация инвалидов. вып. 5 (сб. Науч. Трудов / ЦИЭТИН). – Москва. – 1976. – С.26.

  36. Азаров Е.Г., Козлов А.Е. Личность и социальное обеспечение в СССР. – Москва: Наука, 1983. – С.68-69,71

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет