Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы



Дата27.04.2019
өлшемі80 Kb.
#118257
түріКонкурс

«Жалағаш ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120200, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі №14 үй, анықтама үшін байланыс телефондары: 8(72431) 40-9-26, K.Kusherbaeva @korda.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (Е-G-4 санаты, 1 бірлік, индекс №08-0-1-4). Лауазымдылық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 62514 теңгеден 84186 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы заңдарының Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың және облыс, аудан әкімдіктер мен әкімдерінің нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын бақылауға алу.

Жоғары органдарға хабарламалардың уақытылы жіберілуін қамтамасыз ету. Іссапарға кететін, келген қызметкерлерді есепке алу.

Байланыс қызметі, электр энергниясы, кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету, қызмет түрлеріне уақытылы қаржы аудару, ауыл әкімі аппаратының байланыс қызметін пайдалануына талдау жасау. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақы алуға құқық беретін өтілін анықтауды жүргізу.

Ауыл әкімі аппаратының электронды поштасымен жұмыс жасау. Негізгі құралдарды, мүліктерді, ғимараттармен құрылыстарды, материалдық құндылықтарды түгендеу және құжаттарды жүргізу.

Ауыл әкімі аппаратының есеп жұмыстарын заңға сәйкес жүргізу. Келісім-шартты әзірлеуді ұйымдастыру.

Ауыл әкімінің аппаратында тауарларды жұмыстарды, көрсетілген қызметтердің мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын WWWgoszakup. KZ вебпорталына уақытылы орналасуды қамтамасыз ету. Ауыл әкімінің мөрін жұмыс барысында пайдалану кезінде жауаптылықпен қарау.

“Мемлекеттік сатып алуды” жүргізу және комиссия хатшысы ретінде ұйымдастыру. Бюджеттік және өзге де есеп-шоттар, дебиторлар мен кредиторлармен есептесу бойынша операциялардың уақытылы және дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру.

Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың белгіленген тәртіп бойынша рәсімделіп, мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу. Экономикалық талдау, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжамдау, реформалар барысын сараптау, ауылдық округте кіші кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау стратегиясын іске асыруға қатысу. Мердігер ұсынған нақты шығыс материалдардың, машиналар мен жабыдықтардың құнын көтеру бойынша жөнелтпе құжат және жалақы конкурстық бағалармен сәйкестікті тексеру.

Салық органына, қаржы бөліміне, қазынашылық бөліміне бухгалтерлік есеп жөніндегі есептіліктерді өткізу. Ақылы қоғамдық жұмыстарды және ауылдық округте кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит) мамандығы бойынша жоғары немесе қызмет көрсету, экономика және басқару (экономика, қаржы, есеп және аудит) мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық немесе кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандиидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды ретейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Қағида) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі)

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (нысаны қоса беріледі);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Жалағаш ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттар Жалағаш ауданы әкімінің аппараты, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі №14 үй мекен-жайында қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 1(бір) жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жалағаш ауданы әкімінің аппараты, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі №14 үй мекен-жайында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.


«Жалағаш ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы
Нысан __________________________ (мемлекеттік орган)
Өтініш

Мені______________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ______________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________


Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________
________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


«___»_______________ 20 __ ж.


«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы





 

Форма

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"


_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болғанжағдайда) /


фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО

(түлі түсті/ цветное,


3х4)

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда /при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 


44.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 


55.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

66.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

77.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

88.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

99.

Соңғы үшжылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

Еңбек жолы/трудовая деятельность




Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 


















_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

Каталог: zhalagash -> public -> admin
admin -> Об утверждении Дорожной
admin -> Бағдарламасы қаракеткен ауылы 2018 жыл
admin -> Аққұм ауылдық округінің әкімі А. Ибраевтың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
admin -> М. Шәменов атындағы ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған жергілікті қОҒамдастықты дамыту бағдарламасы
admin -> Жаңадария ауылдық округінің әкімі Р. Ақпанбетовтың 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
admin -> Жалаєаш ауданыныѕ 013 жылдыѕ аќпанына
admin -> Аққұм ауылдық округінің әкімі А. Ибраевтың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
admin -> Аққыр ауылдық округінің әкімі Ж. Матаевтың 018 жылдың айында атқарған жұмыстарының есебі Ауылдың әлеуметтік жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет