Еңбек нарығын реттеудің негіздері көшербаев Қ. Ж., Жолдыбаева А. К., Кошербек Ә



жүктеу 89.38 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі89.38 Kb.

ӘОЖ 331.5
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
Көшербаев Қ.Ж., Жолдыбаева А.К., Кошербек Ә.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз к.
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату – сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады. Нақты өмірімізде, еңбек нарығы – бұл жетілмеген бәсеке нарығы, себебі, оған мемлекет, кәсіподақ және басқа да қоғамдық және әлеуметтік институттар тұрақты ықпал етуіне байланысты бәсекенің таза, еркін қалыптасуы мүмкін емес. Яғни, оған бәсекеден тыс факторлар ықпалын тигізеді. Олар – мемлекет, кәсіподақ және корпорациялар.

Әртүрлі экономикалық жүйелерде бұл үш фактордың еңбек нарығына ықпал ету деңгейі мен тиімділігі әртүрлі. Әрине, мемлекеттің бұл нарықтағы үстемдігі ерекше. Дж. М. Кейнстің тұжырымдамасы бойынша, еңбек нарығындағы тұрақтылықты тек қана қатаң, икемсіз жалақы деңгейін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етуге болады. Яғни, еңбекке сұраныс байқататын негізгі экономикалық субьектілер кәсіпорындар болса, еңбектің ұсынысын байқатушы негізгі экономикалық субьектілер жеке тұлғалар болғанымен, мемлекетте ерекше еңбек ұсынушы экономикалық субьект болып саналады. Осындай еңбек ұсынысы мемлекеттік кәсіптік білім беру жүйесі арқылы да жүзеге асырылады. Яғни, жалпы барлық кәсіптік білім беру жүйесінің салалары мен мекемелері еңбек нарығының ерекше инфрақұрылымына айналды. Тұтастай алғанда Дж. М. Кейнстің экономикалық теориясы мына қағидаларға негізделеді: мемлекет жұмыспен қамтуға қолдау көрсету мақсатында экономикаға қажетті инвестициялар бағыттауға, пайыздық қойылымдар мөлшерінің реттелуіне ықпалын күшейтуге және де жиынтық сұранысты, соның ішінде жұмыс күшіне деген сұранысты да ынталандыру арқылы белсенді макроэкономикалық саясат жүргізуге тиісті.

Теориялық жүзінде дәлелденіп және дамығын елдерде іс жүзінде асырылған кейнстік мультипликатор қағидаттары Қазақстанда да қолданылуда. Мәселен, тұрғын үй құрылысын дамыту арқылы біздің елде, соңғы екі-үш жылда, құрылыс материалдар мен жиһаз өндіру салалары жоғары қарқында дамуда.

Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығының қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық тұрғыларын жаңаша қарастыруға мүмкіндік береді, облыс тұрғындарының жұмыспен қамтылуын реттеу мен халықты жұмыспен қамтуды үйлестірудің ұйымдастырушылық және әлеуметтік-экономикалық даму үлгілерін ұсыну үшін негіз болып табылады.

Сондықтан еңбек нарығының жағдайы халықтың тұрмыс жағдайының және елдің барлық экономикасының дамуының деңгейіне тең.

Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады.

Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін еріксіз тартады.

Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.

Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған. Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір – бірімен үйлесуінде айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп түрлері мен модельдері болады [1].

Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға болады:

- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар);

- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар).

Еңбек нарығы туралы оқудың теориялық негізін алғашқы және зерттеу обьектісінің кеңірек көлемі, еңбек ресурсы нарығы өзіне, экономикалық ғылымның классикалық мектебінің өкілдері марксистік әдебиетте “жұмыс күшінің нарығы” термині қолданылады, ал жұмыс күші деп адамдардың еңбекке қабілеттілігін айтады. Басқа өндіріс факторларына карағанда еңбектің негізгі ерекшелігі бар. Ең бастысы еңбек адамнан, жұмыс күшінен бөлінбейді. Маркстік тұжырым бойынша, еңбек болашақ күннің кайнар көзі, сол себепті оның құны жоқ, тауар емес деп дәлелдейді.

Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбек тауар деп саналады. Нарықтык экономикада "еңбек нарығы" термині қолданылып, жұмыс күшіне еңбекке кабілетті халыктың белгілі бір тобын жатқызып жүр.

Еңбек нарығының қызмет атқаруын кейнсиандықтар мен монетаристер басқаша түсіндіреді. Неоклассиктерден олардың айырмашылығы, еңбек нарығын тұрақты және фундаментальды теңсіздік ретінде қарастырады. Кейнсиандық үлгі (Дж. М. Кейнс, кейіннен Д. Гордон және басқалары) жұмыс күшінің бағасы (енбекақы) қатаң белгіленген және өзгермейді (әсіресе азаюы жағына карай) деп тұжырымдайды. Бұл тұжырым бойынша баға (еңбекақы) нарықтың реттеуіші болып табылмайды, реттеуіш сырттан болу керек деп қорытады. Мұндай рөлді мемлекетке береді, мемлекет жиынтық сұранысты азайтып немесе көбейте отырып, теңсіздікті жояды. Айталық салықты қысқарта отырып, мемлекет сұраныс пен тұтынудың өсуін ынталандырады. Ал бұның өзі өндірістің өсуіне, олай болса, жұмыспен камтылудың өсуіне әкеледі [2].

Д.Кларк, К.Менгер, Ә.Бем-Баверк, және Ф. Визер., тепе-теңдік бағасы жұмыс күшінің коғамдық бағасына жауап бере отырып, шекті еңбек өнімділігінің жұмыс күші қызметінің ұсыным жағдайларымен келісілген деңгейінде қойылады деп түсіндірді.

Жұмыс күшінің нарығы - адамның қызмет түрін еркін таңдауын, кәсіпкерлердің жұмыскерлерді жалдаудағы еркіндігін, азаматтардың енбек мүддесін заңды түрде қорғайтын жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың әсерінен пайда болатын жұмыс күшін ұсынушылар мен оны сатып алушылар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы.

Еңбек нарығы үшін кажетті жағдайлар:

- қызмет түрі мен бәсекелестікті еркін таңдау негізінде еңбек нарығының қызмет етуінің құқықтық жағдайларының болуы;

- бірыңғай, аумағы жағынан тұйықталған және тиімді қызмет ететін еңбек нарығының институционалдық инфрақұрылымын ұйымдастыру;

- бірыңғай экономикалық кеңістіктің және тұрғындардың еркін орын ауыстыру мүмкіншілігінің болуы;

- еңбекақыға шектеудің қойылмауы, сондай-ақ дамыған тұрғын үй нарығы мен бос жұмыс орындарының болуы.

Еңбек нарығының сегменті-бұл бір тектес сипаттағы тұрғындар тобынын жиынтығы. Әр түрлі сегмент өкілдерінің арасында бәсекенің болмауы, олардың бір сегменттен екінші сегментке өтуі мүмкін еместігінен туындайды. Бәсеке жеке сегменттің ішінде болады. Мамандық бойынша еңбек нарығын бөлуде бәсеке мамандықтар мен кәсіптерді өзара алмастыра алатын топтар арасында болуы мүмкін.

Еңбек нарығын сегменттеу жіктемесін бірінші және екінші кезектегі еңбек нарығы тарапынан қарастырсақ, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы еңбек нарығы екінші кезектегі еңбек нарығына жатады. Өйткені осы сегменттен жұмыссыздар қатары көбірек шығады.

Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс бірқатар факторлар жиынтығы бойынша анықталады: елдегі қалыптасқан жұмыс орнының жиынтығы, оның ұдайы өндіріс құрылымы, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекеттік немесе басқа да кәсіпорындардың жағдайларының нашарлауы, экономикалық факторлар.

П. Самуэльсонның пікірінше, қоғамдағы жиынтық еңбек ұсынысы төрт көрсеткішпен анықталады:

1) халықтың жалпы санымен;

2) тұрғындардың жалпы санындағы өзіндік қамтылғандардың үлесімен;

3) апта бойына және жыл бойына жұмысшылармен орындалған сағаттардың орташа санымен;

4) жұмысшылар жұмсайтын еңбектің сапасымен, санымен және біліктілігімен [3].

Еңбек нарығын қазақстандық әдіспен талдауы келесі шешімдерді, еңбек нарығы мен ұлттық жұмыспен қамту үлгісін жасау бір жағынан нарықтық экономиканы функционалдау принциптеріне базалық қажетсінуді, ал екіншісі жағынан республиканың экономикасының өсуінің ерекшеліктері мен өзгеруін ескеруіне әкеледі. Бұл әдіс 2030 жылға дейінгі экономиканы дамыту стратегиясының негізінде, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді жоспары мен талдауына, еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде жаңашыл теорияға сүйенуі керек.

Толық ұлттық еңбек нарығы елдің экономикасын толығымен және оның бөлек жүйелерін біріктіруді қамтамасыз ететін көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады. Еңбек нарығының экономикалық көрінісі өзінен-өзі пайда болмайды, ол экономикадағы нарықтық қарым-қатынастың бар болу күшіне және олардың еңбегінің белгілі бір деңгейіне жетуіне байланысты болады.

Ұлттық еңбек нарығының қорына мынадай сипаттамалар тән:

- жұмыс күшінің сұранымы мен ұсынымы арасындағы экономикалық байланыстың жиынтығы;

- әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қызығушылықтар мен функциялардың қиылысқан жері;

- ұйымның шегінде жаңа жұмыс орнына ауысуға қызыққан, потенциалды немесе нақтылы бөлек кәсіпорынның және оның жұмысшыларының қарым-қатынас өрісі [4].

Еңбек ресурсы – ТМД және нарықтық жүйесі дамыған кейбір елдерде кеңінен қолданылып жүрген категория. Ол өзіне экономикалық белсенді халықты және жұмысшы күшін (барлық жұмысшылар мен жұмыссыздар), еңбек етуге жарамды жастағы оқушылар, өндірістен қол үзіп оқитындар және экономикалық пассивті (еңбекке жарамды тұлғалар, жұмыссыздар мен жұмыс іздемейтіндер) тұлғалар қамтиды.

Еңбек ресурсы жұмысқа жарамды жастағы еңбекке қабілетті тұрғындардан, жұмыс істейтін зейнеткерлерден және жұмыс істейтін жас өспірімдерден қалыптасады. Экономикалық белсенді халық келесідей жұмыспен қамту түрлеріне бөлінеді: экономикадағы жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар. Жұмыспен қамтылғандар- тұлғалар, жалдамалы жұмысшылар (оның тұрақты, уақытша, мерзімдік, кездейсоқ және бір реттік жұмыс істегеніне байланысты емес) және жалдамалы емес жұмысшылар. Сондықтан жұмыс бастылардың санағы бойынша мемлекеттік кәсіпорындарда және ұйымдарда, дербес түріне байланысты емес жеке, шағын ұйымдарда, қоғамдық ұйымдарда, фермерлік шаруашылықтарда, сонымен қатар жеке еңбектік іспен, жеке тұлғалардың дербес қосалқы шаруашылықтарында жұмыс істейтін тұлғалар есептелінді.

Жалдамалы жұмысшылар - жеке жұмыс берушімен немесе кез-келген дербес түрі бар ұйымның басқарушысымен еңбектік келісім-шарт жасасқан тұлғалар.

Жалдамалы емес жұмысшыларға - бұл жұмыспен қамтылған тұрғында, өзінің жеке дара ісінде ұнататын жұмысы бар тұлғалар (өз қаржысына жұмыс істейтін тұлғалар, өндірістік кооперативтің мүшелері, жұмыс берушілер) жатады. Теңгерімде - бұл дербес жұмыспен қамтылған тұрғындар. Олар ереже бойынша делдалдық - сауда ісімен немесе қызметімен, жеке еңбектік іспен, дербес қосалқы шаруашылықпен, жанұялық кәсіпорынмен және т.б. шұғылданатын жұмыпе қамтылғандар.

Статистикалық теңгерімді есепті құрастыру кезінде статистика бойынша ауыл шаруашылығының, білімнің және демографияның ресми статистикалық есеп – қисабының бар болуы бастапқы ақпаратты алу базасы болып табылады.

Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Неоклассикалық экономикалық теорияда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар нарығымен қатар ерекшеленген жұмыс күші мен еңбек нарығы да қарастырылады. Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-шаруашылық тәжірибеде «жұмыс күші нарығы» мен «еңбек нарығы» деген ұғымдар бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.

Жамбыл облысында жұмыспен қамту деңгейін көтеру ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді облыстық экономика мен еңбек нарығының байланыстылығын жүйелі түрде зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу мүмкін.

Көптеген дамып келе жатқан мемлекеттерде тек қана еңбек заңдары бар, ол тәжірибеде едәуір қайшылықтар мен жүзеге асырылу мәселелерін шешеді.



Еңбек нарығы саясаты жұмыспен қамту саясатының бір бөлігі болғандықтан, еңбек нарығы саясаты мен жұмыспен қамту саясаты шараларының арасында көптеген бастырмалар кездеседі. Мысалы, төлем ақысының өтемін төлегенде, білім беруге байланысты шараларында, жеке кәсіп ашуға көмек көрсетуде не болмаса төлем ақы саясатында. Қандай жағдайда болмасын біріншіден еңбек нарығы саясаты мен жұмыспен қамту саясатының ішкі қақтығыстарына көңіл бөлу керек.
Әдебиет


  1. Закон Республики Казахстан «О занятости населения» от 23 января 2001 года. – Астана, 2001. №149-II.

  2. Бибатырова И.А. Государственное регулирование национальной экономики. – Алматы, 2004.

  3. Мальтус Т. Опыт о законе народонаселения. Антология экономической классики. Т.2. – М., 1993.

  4. Уркунчиев Е.М., Нурмухамбетова З.С. Экономическая социология. Тараз, 2003.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 III
konf 2015 III -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 III -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 III -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 III -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 III -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 III -> Әож 627. 886: 532.(075. 8) Жалғастыру қҰрылымдарынан кейін болатын гидравликалық шапшыманы зерттеу
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының гидрологиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің гидрологиялық ЖӘне гидрохимиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Нахатова А. А
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының табиғи техногендік жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С
konf 2015 III -> Әож 28. 12: 591. Шу өзенінінің мойынқҰм тұстамасындағы сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет