«Еңбек қорғау» пәні бойынша №2 Зертханалық жұмыс Қан ағу



бет1/4
Дата11.10.2022
өлшемі3.17 Mb.
#176413
  1   2   3   4
Байланысты:
Қан кету кезіндегі алғашқы көмек
ЕСЖ 3, Методичка Разработка проекта операторской станции в SCADA-системе Trace Mode 6

Қан кету кезіндегі алғашқы көмек
Орындаған: Ешім Әсел, Нармахан Айдана, Амангелді Асқар, Қанатбай Нұргелді
Тексерген: Абжал Д. Қ., оқытушы
«Электр энергетика және электр техника» институты
«Еңбек қорғау» пәні бойынша
№2 Зертханалық жұмыс
Қан ағу
(лат. haemorrhagia; син. Геморрагия, haemo-қан, rrhagia-қан ағу ) – қантамыр қабырғасының әр түрлі себептен бүтіндігінің бұзылуы нәтижесінде қан ағуды айтамыз.
Қантамыр қабырғасының механикалық жарақаттануы (жыртылу, оқ тию, кесіп алу, қатты тоңу және т.б. себептер) және қантамырдың механикалық зақымдануына байланыссыз себептер (атеросклероз, мерез, қатерлі ісіктер, іріңді қабыну процестері).
Қан кету түрлері:
Шығу тегіне байланысты:
  • Жарақаттық (оны біріншілік және екіншілік деп бөледі)
  • жарақаттық емес (патологиялық өзгерістер)

  • Қан кеткен тамырдың түріне байланысты:
  • артериалық
  • артерио-веноздық
  • веноздық
  • Капиллярлық

  • Пайда болу механизміне байланысты:
  • жарылудан
  • желінуден
  • өткізгіштігінің артуынан

  • Қан кету орнына байланысты
  • Сыртқы
  • ішкі
  • гематома

АУЫРЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ:
Жеңіл Қан айналым көлемінің 10-15 % дейін жоғалту 500 мл-ге дейін
Орташа Қан айналым көлемінің 16-20 % 500 ден 1000 мл-ге дейін
Ауыр Қан айналым көлемінің 21-30 % 1000 - 1500 мл
Массивті Қан айналым көлемінің >31 % 1500 мл-ден артық
Бұл қан кетудің ең қауіпті түрі, оны тез арада тоқтату керек. Себебі, аз уақыттың ішінде тамырдан көп мөлшерде қан ағып кетеді.
  • жарақаттанған аяқ-қолды жоғары қарай көтеріңіз;
  • жараның үстінгі жағындағы артерияны қолдың бас бармағымен басу арқылы қанды тоқтатыңыз;
  • егер ол тоқтамайтын болса, жоғарыда айтылған жерге резеңке бұрау (жгут) байлап, байлаған уақытты жазып қою қажет. Өйткені, бұрауды жазғы уақытта 2 сағат, ал қысқы мерзімде 1 сағаттан ұзақ ұстауға болмайды;
  • егер көрсетілген мерзімде дәрігер келмеген болса, бұрауды жайлап шешіп, қан айналымы қалпына келгенше күтіңіз. Содан кейін оны қайта қолданыңыз;
  • жәбірленушіге көмек көрсеткеннен кейін, оны дереу денсаулық сақтау мекемесіне жіберіңіз.

артериялық
Оның артериялық қан кетуден айырмашылығы, қанның түсі қарайған болады және атқылап ақпайды.
  • жарақат алған аяқ-қолды жоғары көтеріңіз;
  • бинтті бірнеше рет қабаттап, жараның үстіне басып қойыңыз;
  • содан кейін таңғышпен қысып байлаңыз;
  • егер бұл әрекеттер қанды тоқтата алмаса, онда жараның үстіңгі жағына бұрау тағыңыз;
  • науқасты ауруханаға жіберіңіз немесе жедел жәрдемді күтіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет