Әдебиеттануға кіріспе



бет2/41
Дата24.11.2022
өлшемі305.44 Kb.
#179370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
?äåáèåòòàíó?à ê³ð³ñïå
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

КІРІСПЕ


«Әдебиеттануға кіріспе» курсында әдебиеттанудың болмысы мен бітімі (әдебиет туралы жалпы түсінік, әдебиеттану және оның даму кезеңдері, образ және образдылық); әдеби шығарманың сыры мен сипаты (әдебиеттегі мазмұн мен пішін, көркем әдебиеттің тілі, сөз сарасы); әдеби дамудың мағынасы мен мәні (әдебиеттегі тек пен түр, әдеби бет пен бағыт) толық сипатталады.


«Филология» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге арналған оқу - әдістемелік құрал кредиттік технология жүйесімен білім алуда қосымша құрал ретінде ұсынылып отыр. Оқу-әдістемелік құралда оқу процесiнiң мазмұнын тереңiрек ашу үшiн бағдарлама бойынша оқу материалдары іріктеліп ұсынылған және әрбір тақырыптың соңында студенттің білімін толықтыру мақсатында түрлі тапсырмалар, анықтамалық мәліметтер берілген.
Бұл мәліметтер тақырып бойынша қысқаша бағыт-бағдар, мағлұмат берiп қана қоймай, студенттiң өзiнiң ой-өрiсiн одан әрi дамытып, ойлану, iздену қабiлетiн жетiлдiруге ықпал ететiн механизм болып табылады. Сондай-ақ, студенттердің материалды қаншалықты игергенін өздігінен тексеру үшін тест тапсырмалары ұсынылған.
Пән бойынша ұсынылған қосымша материалдар студенттiң берiлген тақырыпты неғұрлым терең игерiп, айқын түсiнуiне көмек көрсету мақсатын көздейдi. Тақырыпты терең меңгеру үшiн дайындалу барысында тек дәріс тезистерiмен шектелiп қою жеткiлiксiз. Бұл ретте студенттiң тақырып бойынша өз бетiмен iзденiп, ұсынылған әдебиеттер бойынша қосымша жұмыс iстеуi қажет болады.
Оқу - әдістемелік құрал «Әдебиеттануға кіріспе» пәнiнiң типтiк оқу бағдарламасы негiзiнде, тиiстi әдiстемелiк талаптарға сай жасалған.

1 Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. Әдебиет табиғатына тән ең қарапайым қағидалар, ілкі түсініктер «Әдебиеттануға кіріспе» деп аталатын арнаулы пән арқылы талданып, тексеріледі.
Әдебиеттану туралы ғылым, негізінен, үш ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен әдістемесін, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін зерттейді.
Зейнолла Қабдоловтың айтуынша, кез-келген көркем шығарманың байыбына бару үшін бес түрлі нақты сұраққа жауап іздеп табу керек:

    1. Қандай оқиға болды?

    2. Қалайша болды?

    3. Кімдердің басында болды?

    4. Болған оқиға қалай баяндалған?

    5. Ол оқиғаға автордың көзқарасы қандай?

Бұл сұрақтарға жауап беру, бір жағынан, оқыған романның байыбына барғысы келген кісінің эстетикалық талғамының дәрежесіне байланысты болса, екінші жағынан, оның теориялық толғамының мөлшеріне байланысты. Себебі, бұл сұрақтарға жауап берген адам өз мүмкіндігінше әдебиеттің нақты теориялық мәселелерін қозғайды:

  • бірінші сұраққа жауап беру арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын сөз етеді;

  • екінші сұраққа жауап беру арқылы шығарманың сюжеті мен композициясын сөз етеді;

  • үшінші сұраққа жауап беру арқылы шығармадағы тип пен характер жайын сөз етеді;

  • төртінші сұраққа жауап беру арқылы шығарманың тілі мен суреткердің стилін сөз етеді;

  • бесінші сұраққа жауап беру арқылы суреткердің дүниетанымы мен көркемдік әдіс мәселесін сөз етеді.

Ал осылардың бәрін тек әдебиет теориясын білген адам, сол арқылы өз заманының талабы дәрежесінде өзінің эстетикалық талғамын қалыптастырған адам ғана істей алады.
Әдебиет теориясының ережеге айналған эстетикалық қағидалары мен қисындары әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-
теңіз әдеби деректерді терең талдау, пайымдау нәтижесінде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет