Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде видео үндеу жариялап, Бишімбаевты ақтау мақсатында қызына қатысты жалған ақпарат тарағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Назым Қаһарман Facebook желісінде Қуандық Бишімбаевтың 10 жасар қызын Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді зорламақ болды деген жазбаға жауап берді.

Оның айтуынша, жәбірленуші тарапқа жала жабылды.

"Пост авторы жағдайдың мәнін түсінбей, оқиғаны бұрмалап жіберді. Менің ойымша, бұл өздерінің арам пиғылы үшін жасалды. Енді оны теріске шығаруым керек. Менің қызымның қадір-қасиеті мен арына нұқсан келтіріп, мені “сатылған” деді. Сондықтан мен бұл туралы айтамын", – деді Назим Қаһарман.

Ол марқұм Салтанат Нүкенованың ағасын танымайтынын және дос емес екенін айтты.

"Мен оның бүкіл отбасына көңіл айтамын. Менің қалауым – қызымның мүддесін қорғау. Біз бұл оқиғада ойыншыққа айналдық", – деді Бишімбаевтың бұрынғы жары.

Айтуынша, 2023 жылдың наурыз айында оның қызы мен ұлы Бишімбаевпен бірге болған. Бір түнде төбелес болып, оған балалар бәрін көрген. Қызы қорыққанынан анасына хабарламалар жіберді.

Келесі күні Бишімбаевтың бұрынғы әйелі полицияға хабарласқан.

"Мен бірінші кезекте Қуандыққа ашуландым, ол балалардың қауіпсіздігіне жауап беруі керек, ол жерде не болғанын білмедім. 102-ге телефон соғып, қызыма жасалған шабуыл туралы полицияға хабарластым. Оператор сексуалдық зорлық-зомбылық бар-жоғын сұрады, мен оған "білмеймін, мен ол жерде болған жоқпын. анықтап алайық" деп айттым”, – деді Назым.

Оның айтуынша, балалардан жауап алынған. Осыдан кейін Айтбек Амангелді балаларға қатысты ешқандай заң бұзбаған деген қорытынды жасалды.

"Бұл – әкімшілік құқық бұзушылық. Негізі Қуандық Бишімбаев арыз жазуы керек еді. Кешкі сағат 19:00 шамасында Қуандық бір жаққа кетіп қалған. Сағат 22-23.00-де Салтанат та кетіп қалыпты. Түнгі сағат 2-де домофон шырылдаса, Салтанаттың ағасы келіпті. Олар өзара таныс. Ол ішке кіріп, Салтанаттың қайда екенін сұраған. Пәтерді аралап,Салтанат пен Қуандықты іздеді. Осыдан кейін Айтым Қуандыққа телефон соқты. Айтым, керісінше, қызымның қасына келіп "Балақай, қатты қорқып қалмадың ба? Бәрі жақсы ма?" деп сұраған”, – дейді ол.

Қуандық Бишімбае келгенде Айтым Амангелді екеуінің арасында төбелес, айқай-шу басталыпты. Ал екі бала сол кезде қорқып, шкафқа тығылған.

Бұған дейін желіде Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болған деген ақпарат тараған еді. 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Nazym Kakharman (@nazymkakharman)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.