Иранда Чахаршанбе-Сури от фестивалін тойлау кезінде 14 адам қаза тауып, 3250 адам жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ISNA басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: sna.ir

Зардап шеккендердің арасында 1700 адам көзін зақымдаған, 681 адамды күйік шалып, 152-сі аяқ-қолынан айырылды. 

Иранда жыл сайын Иран күнтізбесі бойынша жылдың соңғы сәрсенбісіне қараған түні Чахаршанбе-Сури мерекесі тойланады. Мереке кезінде дәстүр бойынша ирандықтар оттың үстінен секіреді. Мерекелік шараларда пиротехникалық заттар да қолданылады. Аталмыш дәстүрдің 3000 жылдық тарихы бар. Ирандықтар тілеген тілектері орындалуы үшін оттың үстінен секіріп, дәстүрлі әндерін шырқап, тәтті және қышқыл жаңғақтарды араластырып жейді.

Бұған дейін Алматыда екі автобус соқтығысып, 6 адам зардап шеккен еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.