Әдістемелік нұСҚаулар павлодар Әдістемелік нұсқауларды бекіту қазазы фсо пгу 18. 2/05 бекітемін



бет1/3
Дата07.03.2018
өлшемі0.52 Mb.
#20416
түріНұсқаулар
  1   2   3

Әдістемелік нұсқау ФСО ПГУ 7.18.2/05

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология-химия факультеті

Экология пәнінен барлық мамандықтың студенттерінің өздік жұмыстарына арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Әдістемелік нұсқауларды бекіту қазазы ФСО ПГУ 7.18.2/05



БЕКІТЕМІН

Биология-химия

факультетінің деканы

_____________ К.У.Базарбеков

«__»_____________2007ж

Құрастырушы: аға оқытушы _____________ Оспанова А.К.


«Экология» кафедрасы
өздік жұмыстарға арналған

Әдістемелік нұсқау

Экология пәнінен

Барлық мамандықтарға
Кафедра отырысында ұсынылған

«5» желтоқсан 2007ж., хаттама №4


Кафедра меңгерушісі ___________ Альмишев У.Х

Биология-химия факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды

« 21 » желтоқсан 2007ж., Хаттама № 5
ОӘК төрайымы _______________ Жапаргазинова К.Х.

1 Тақырып Арал дағдарысы: себептері мен салдары.

Пәннің мақсаты: Аралды қалай сақтап қалу шараларын ұсыну,ондағы болып жатқан қазіргі жағдай.

Тапсырмалар: дәптерге жазып келу

Бақылау сұрақтары:

1.Аралда бүгінгі күнде не істеліп жатыр?

2.Аралдың ертеңі.

Әдебиеттер:

1.Акимова Т.А., Хаскин В. В. Экология : Учебник для вузов. –М , 1998 ,2000



2. Картошов А. Г., Введение в экологию / А.Г., Картошов,- Томск, 1998
2 Тақырып Семей полигонына қарасты территориялардың қазіргі экологиялық жағдайы.

Пәннің мақсаты: Полигон жабылғаннан кейінгі жүргізіліп жатқан жұмыстарбілу.

Тапсырмалар: дәптерге жазып келу

Бақылау сұрақтары:

1.Басқа полигондар туралы не білесің ?

2.семей полигонының зардаптары қандай ?

Әдебиеттер:

1.Коробкин В. И. Экология : учебное пособие для вузов / В. И. Коробкин Л. в. Передельский. – Изд. 8-ое. – Ростов н/ Д: Феникс, 2005.- 575 с.

2.Новиков Ю. В. Экология окружающая среда и человек: Учеб. пособие для вузов. – м., 1998.
3 Тақырып Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы.

Пәннің мақсаты: Балқаш көлінің жағдайын жақсарту жолдары.

Тапсырмалар: дәптерге жазып келу

Бақылау сұрақтары:

1.Балқаш көлінің бүгіні мен ертеңі



Әдебиеттер:

1. Реймерс Н. Ф. Охрана природы и окружающей человека среды : Словарь- справочник. –М., 1992

2.Степановских А. С. Прикладная экология : Охрана окружающей среды: учебник для студ. Вузов по эколог. Спец . / А. С. Степановских. М.: ЮНИТИ, 2005.- 751.
4 Тақырып Қызыл кітап: мақсаты мен міндеттері.

Пәннің мақсаты: Сиреп бара жатқан түрлерді жинастыру.

Тапсырмалар: дәптерге жазып келу

Бақылау сұрақтары:

1.Қызыл кітапқа жазылған өсімдіктердің түрлері.

2. Қызыл кітапқа жазылған жануарлардың түрлері.

Әдебиеттер:

1.Федорова А. И., Никольская А. Н. Практикум по экологии и охрне окружающей среды : Учеб. пособие. – М., 2003.

2.Шилов И. А. Экология: учебник для студ. Биолог. И мед. Спец. Вузов / И. А. Шилов.- М.: Высшая школа, 2003
5 Тақырып Қорықты территорияларда табиғатты қорғаудың бір түрі

Пәннің мақсаты: Қорықтар арқылы түрлерді сақтап қалу.

Тапсырмалар: дәптерге жазып келу

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстандағы қорықтардың саны қанша ?



Әдебиеттер:

1.Акимова Т.А., Хаскин В. В. Экология : Учебник для вузов. –М , 1998 ,2000



2. Картошов А. Г., Введение в экологию / А.Г., Картошов,- Томск, 1998
6 Тақырып Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық Қазақстандағы экологиялық проблемалары.

Пәннің мақсаты: Қазақстанның әрбір жеріне жеке тоқталып, сипаттама беру.

Тапсырмалар: дәптерге жазып келу

Бақылау сұрақтары:

1.Экологиялық мәселелерге байланысты аймақтаға бөлу.



Әдебиеттер:

1.Основы экологии: СД / Нуркеев С. С., Мусина У. Ш.- Алматы : Респ. Науч.-метод. Центр информатизация образования.

2.Демешева Г. А., Барманбекова Г. С. Экология Казахстана ее состояние и проблемы: Библиогр.указ.-Алматы, 1996.
7 Тақырып Табиғи қорлар.

Пәннің мақсаты: Табиғи қорлардың жіктелуі.

Тапсырмалар: дәптерге жазып келу

Бақылау сұрақтары:

1.Сарқылатын қорлар

2. Сарқылмайтын қорлар

Әдебиеттер:

1.Федорова А. И., Никольская А. Н. Практикум по экологии и охрне окружающей среды : Учеб. пособие. – М., 2003.

2.Шилов И. А. Экология: учебник для студ. Биолог. И мед. Спец. Вузов / И. А. Шилов.- М.: Высшая школа, 2003

Әдістемелік нұсқау ФСО ПГУ 7.18.2/05



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология-химия факультеті

Экология пәнінен барлық мамандықтың студенттеріне арналған


ДӘРІС САБАҚТАРЫ

Павлодар



Дәріс №1

Жалпы экология негіздері

Ағза және орта

  1. Экологияның тарихи дамуы

  2. Экологияның негзігі заңдары

  3. Ағза және орта

  4. Дарақ экологиясы – аутэкология

1) «Экология» терминін 1866 ж ірі неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған. Термин екі грек сөзінен құралған: «ойкос» - үй, баспана, «логос» - ғылым, зерттеу деген сөз.

Өсімдіктер географиясына экологиялық бағытты Александр Гумбольдттың еңбектері салды. Экологиялық ойларға орыс зоологтары К.Ф.Рулье (1814-1858) мен Н.А.Северцовтың (1827-1885) және т.б. ғалымдар еңбектері зор үлес қосты.

Ғылым ретінде экология тарихындағы ерекше күн – 1866 жылдың 14-қыркүйегі болды, сол күні Э.Геккель өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» деген кітабын бітіріп, онда осыған ең алғаш рет анықтама берді: «Экологияның астарынан біз ағзалардың қоршаған ортаға қарым-қатынасы туралы жалпы ғылымды ұғынамыз».

1913-1920 жылдары В.Шелфордтың, Ч.Адамстың, С.А.Зерновтың экологиялық еңбектері шықты, экологиялық ғылыми қоғамдар, журналдар пайда болды, экологияны университеттерде оқыта бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында экология ғылым ретінде ерекше қарқынды дамыды, себебі қоршаған ортаның антропогенді өзгерістерінің ұлғайғандығы соншалық, адамның өзі тікелей немесе жанама түрде осы өзгерістердің құрбандығына айналды.

2) Экологияда заңдар, заңдылықтар, ережелр, принциптер шамамен 250-дей.



  1. Биосфераның ауысымсыздық заңы: биосфера – бұл тіршілік ету

ортасының тұрақтылығын кез келген ауытқуларға қарамастан қамтамасыз ететін жалғыз жүйе. Қоршаған ортаның тұрақтылығын табиғи топтар сияқты қамтамасыз ететін жасанды топтар жасау арқылы қамтамасыз етуге болады деп үміттенуге ешбір негіз жоқ.

  1. Атомдардың биогенді миграциясы заңы: жер бетінде және жалпы

биосферада химиялық элементтердің миграциясы тірі заттың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады – бұл биогенді миграция.

  1. Тірі заттардың физика-химиялық бірлігінің заңы: жалпы

биосфералық заң – тірі зат физикалық-химиялық тұрғыдан біртұтас; тірі ағзалардың әр түрлілігіне қарамастан олардың физ-хим ұқсастығы соншалық, біріне зиян заттың екіншісіне да қатысы бар.

  1. Реди ұстанымы: тірі зат тек тірі заттан ғана пайда болады.

  2. «Ағза – орта» бірлігінің заңы: тіршілік өмір орта мен оны

мекендеген ағзалардың біріккен жиынтығындағы энергия тасқынының негізінде тұрақты зат және ақпарат алмасудың нәтижесінде дамиды.

  1. Энергия ағымының бір бағыттылығы заңы: қауымдастық

алатын және продуценттер сіңіретін энергия ыдырайды не олардың биомассасымен бірге консументтерге, сосын редуценттерге беріледі.

  1. Л.Долло эволюциясының кері айналмайтын заңы: ағза тіпті ата-

бабаларының тіршілік еткен ортасына қайтып оралса да, өзінің ата-бабабалары іске асырған бұрынғы күйіне қайтып келе алмайды.

  1. Р.Линдеманның 10 пайыз заңы: экологиялық пирамиданың бір

нәрлену деңгейінен екіншісіне орташа қарқындылықпен 10% энергияның өтуі әдетте экожүйе мен энергиясын жоғалтатын нәрлену деңгейі үшін жағымсыз салдарға апармайды.

  1. Төзімділік заңы: ағзаның өркендеп өсуінің тежеуші факторы болып

ең аз не ең көп түрде әсер еткен экологиялық фактор болуы мүмкін, бұл екеуінің арақашықтығы ағзаның осы әсерге төзімділігінің шамасын көрсетеді.

  1. Оптимум заңы: кез келген экологиялық фактордың тірі ағзаларға

жағымды әсер етуінің белгілі бір шектік мәні бар.

  1. Шектеуші фактор заңы: ағза үшін өзінің қолайлы мәнінен

басқаларға қарағанда көбірек ауытқитын факторлар маңызды келеді.

  1. Гаузенің ерекше заңы: егер екі түрдің экологиялық қажеттіліктері

ұқсас болса, яғни олар бір ғана экологиялық қуыстан орын алса, олар бір мекенде өмір сүре алмайды.

  1. Б.Комменер экологиясының заңдары: 1) бәрі бір-бірімен

байланысты; 2) бәрі бір жаққа жоғалуы керек; 3) табиғат бәрінен де жақсы біледі; 4) ештеңе де текке берілмейді.

3) Біздің ғаламшарымызда тірі ағзалар жағдайларының өзгешелігімен тым ерекшеленетін төрт негізгі мекен ету орталарын игерді. Су тіршілік алғаш рет пайда болып, таралған ең бастапқы орта болды. Бұдан әрі тірі ағзалар жер беті мен ауа ортасына билік құрды, топырақ жасап, оған қоныс тепті. Тіршіліктің төртінші ерекше ортасы тірі ағзалардың өзі болды.

Ағзалардың ортаға икемделуі – бейімделу (адаптация) деп аталады. Бейімделуге қабілеттілік – тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады, өйткені ол оның тіршілік етуінің мүмкіндігін, ағзалардың тірі қалуы мен көбеюінің мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Ортаның ағзаға әсер ететін жеке қасиеттері немесе элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Кез келген тірі ағзаға әсер ететін ортаның экологиялық факторлары, негізінен, абиотикалық және биотикалық болып екіге бөлінеді.



Биотикалық факторлар – бұл тірі заттардың бір-біріне әсер ету ықпалы.

Абиотикалық факторлар – бұл өлі табиғаттың тірі ағзаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық қасиеттері: оларға физикалық және химиялық факторлар жатады. Өлі табиғаттың физикалық факторлары: ғарышитық, климаттық, топырақтық, орографиялық, геологиялық. Өлі табиғаттың химиялық факторлары: ауа, судың құрамдас бөліктері, қышқылдық және өнеркәсіптік басқа да қоспалар жатады.

Антропогендік факторлар – бұл басқа түрлердің тіршілік ету ортасы ретіндегі табиғаттың өзгеруіне әкелетін немесе олардың тіршілігінен тікелей көрінетін адамзат қоғамының әрекеттілігінің түрлері.

  1. Аутэкология – жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-

қатынасын зерттейтін экология бөлімі.

Аутэкологияның (грек. autos - өзім) мақсаты – дарақтардың (ағзаның)

тіршілік етуінің шегін және физикалық-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен таңдап алатаын шектеулерін нақтылау болып табылады. Орта факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге тән физиологиялық, сондай-ақ морфологиялық өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді.

Осылайша аутэкология дарақтардың сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Осы қатынастардың негізінде ағзаның ортаның әсерлеріне морфофизиологиялық реакциялары жатыр. Кез келген экологиялық зерттеу осы реакцияларды зерттеуден басталады. Алайда аутэкология дарақтардың емес, түрлердің экологиясын зерттейді деген жаңсақ пікір бар. «Аутэкология» терминін 1896 жылы Шретер нақты түрлер экологиясын белгілеу үшін енгізгенін айта кету керек.

Дарақтар экологиясын зерттеуде негізгі назар биохимиялық реакцияларға, газ алмасу қарқындылығына, судың алмасуына және ағзаның күйін анықтайтын басқа да физиологиялық үрдістерге аударылады. Бұл зерттеулерді жүргізгенде салыстырмалы-экологиялық және экологиялық-географиялық әдістер кеңінен қолданылады, тіршіліктің түрлі кезеңдерінде ағзаның сыртқы әсерлерге деген қалпы мен реакциясы салыстырылады (тәуліктік, мезгілдік белсенділік). Аутэкологиялық зерттеулерде маңызды орынды адамның индустриялық іс-әрекеттігімен байланысқан ортаның ластануының, табиғи және жасанды радиобелсенділіктің ағзаға әсерін зерттеу алады.

Дәріс №2

Популяциялық экология – демэкология


  1. Популяция туралы түсінік

  2. Популяция құрылымы

  3. Популяция санының ауытқулары мен реттелуі

1) Популяциялар экологиясы – бір тектес дарақтардың табиғи топтамаларын, яғни популяцияларды зерттейтін экология бөлімі.

Популяция – белгілі бір жерде белгілі бір уақытта мекен ететін бір түрге жататын ағзалардың жиынтығы. Кейде популяцияны бір тұқымдас бір белгілі кеңістікті аймақта тіршілік ететін бір түрге жататын ағзалардың жиынтығы деп те түсінеді.

Тұқым қуалаушылық деректердің нуклеин қышқылдары түрінде хромосомаларда сақталатыны белгілі. Олардың молекулалары немесе гендер деп аталатын жеке бөліктері әр түрдің генетикалық ерекшеліктерін қамтамасыз етеді. Барлық гендердің жиынтығы генотипті құрайды, ал генетикалық мәліметтерді сақтайтын және келесі ұрпақтарға тұқым арқылы беріп отыратын барлық түрлер генетикалық қорды немесе популяцияның генофондын құрайды.

Әрбір популяцияда оның өзіне ғана тән өзгешеліктері болады. Бұл өзгешеліктерге олардың сол жердегі температураға, дымқылдыққа, топырақ табиғаты мен өсімдігіне, тамақтық ресурстарға сәйкес келетін сандық мөлшері мен сол өмір сүретін ортасындағы тығызыдығы жатады.

Популяцияның сандық мөлшері деп осы түрдің сандық көлемін айтады. Популяцияның сандық мөлшері қоршаған өмір сүру ортасындағы әр түрлі факторларға байланысты өзгеріп отырады. Популяция тығыздығы деп өмір сүру ортасының бірлік көлеміндегі түрлер санын айтады.



Туу және өлу. Популяциялар көлемі көрші популяциялардан иммиграциялану нәтижесінде немесе дарақтардың көбею есебінен өсуі мүмкін. Көбеюдің көрсеткіштерінің бірі ұрықтылық болып табылады, ол бір аналық дарақтың ұрпақтарының санымен өлшенеді. Ұрықтылықты зерттелетін ағзаның ерекшеліктеріне және зерттеу мақсатына байланысты түрлі тәсілдермен көрсетуге болады. Сүт қоректілер туралы сөз еткенде туу термині қолданылады, оны бір аналықтың жыл ішінде туған ұрпақтарының саны ретінде анықтайды. Адамда әдетте тууды жыл ішіндегі тууларды 1000 адамға шаққандағы санмен көрсетеді. Әлеуметтанушылар қоғамдағы туудың жоғары сатысынан төменгісіне көшуде туындаған мәдени өзгерістерді демографиялық өткел деп атайды.

2) Әрбір популяцияның өзіндік құрылымы бар: жастық, жыныстық және кеңістіктік. Популяцияларды зерттеудің маңызы зор, себебі бұл нәтижелер практикалық қолданыс табуы мүмкін, мысалы, зиянкестерді зерттегенде, табиғатты қорғау мәселелерін шешкенде және т.б. жағдайларда. Популяцияны зерттегенде олардың сол уақыттағы санына ғана емес, ең алдымен олардың орта факторларына байланысты өсуіне, сүйемелденуі мен кемуіне мән беріледі. Популяциялық экологияның бұл тарауы популяция динамикасы деп аталады.

Популяцияның жыныстық, жастық, территориялық және т.б. түрлері бар. Егер популяция ішінде әр жастағы түрлердің сандары бірдей болса, онды бұл популяцияның өмірсүрушілік қасиеті жоғары болады. Бұндай популяцияны қалыпты популяция деп атайды. Егер популяция ішінде түрдің кәрі жастары көп болса, онда бұл популяцияны регрессивті немесе өліп бара жатқан популяция деп атайды. Бұл жағдайдың себебін табу үшін және олардың әсерін азайту үшін шұғыл түрде шара қолдану керек. Жас дарақтардың саны көп популяциялар инвазиондық немесе өніп жатқан популяция деп атайды.

Әр түрлі түрлердің саны белгілі бір уақытта қалайша өзгеретіндігі туралы мәліметтер, энергия мен биомассалардың ағынын зерттегенде қолданылып, экожүйелер теориясының жасалуына жәрдемдеседі. Егер фитопланктон динамикасы бойынша жүргізілетін бірқатар ұзақ зерттеулерді есепке алмасақ, популяция динамикасы бойынша жұмыстардың басым бөлігі жануарларда және микроағзаларда жүргізіледі. Өсімдіктер популяциясының динамикасы жануарлар популяциясының динамикасына қатты әсер етеді. Сондықтан мысалы, адам популяциясын (демография) зерттегенде әдетте негізін өсімдіктер құрайтын азық-түлік ресурстарын да санатқа алады.



  1. Популяцияның өсуінің бастапқы фазасы біткен соң популяциялардың

көлемі ұрпақтан ұрпаққа ауытқуларын жалғастыра береді. Оған климаттық жағдайлардың өзгеруі (мысалы, температураның) тәрізді қоректік ресурстар да, дұшпандары да және т.б. айтарлықтай ықпал тигізуі мүмкін. Кейде ауытқулар жиі болады, оларды циклдер деп атауға болады. Оларды зерттеу қиын, ол үшін өте ұзақ уақыт қажет, өйткені жабайы ағзалар туралы мәліметтерді көбіне бірнеше жылдар бойы жинауға тура келеді. Бірқатар жағдайларда мәліметтер алу үшін тіршілік циклы қысқа зертханалық ағзалар, мысалы, дрозофилдер, егеуқұйрықтар не кенелер пайдаланылған. Олардың популяция үлгі ретінде зерттелді, өйткені зертханалық жағдайды даладағы егістікке қарағанда қатаң бақылауға алуға болады.

Популяцияның көлемі ұрықтанудың немесе өлім-жітімнің өзгерінің, ал

кейде екеуінің де нәтижесінде тұрақсыз болуы мүмкін. Популяциялардың көлемдерін және олардың өзгерістерін зерттегенде әдетте негізгі факторды, яғни ұрпақтар ауысқанда өтетін байқалған өзгерістердің басым бөлігі үшін жауапты факторды табуға тырысады. Зерттелген жағдайлардың көпшілігінде бұл өлім-жітімге ықпал етуші фактор болып табылады.

Популяциялар көлемінің ауытқуы таза кездейсоқ сипатта болады деп күтуге болса да ақиқатында популяция көлемін кейбір шектеулерде ұстайтын бірқатар факторлар бар. Бұлар өлім-жітімнің көбеюіне немесе ұрықтанудың кемуіне ықпал ету арқылы санды азайтатын факторлар. Олар популяцияның тығыздығы артқанда аса күшті әрекет етеді, яғни бұл тығыздыққа байланысты болатын факторлар. Кейде мұндай факторларға қоректің жетіспеуі немесе жауларының көбеюі де жатады. Олардың өлімге тікелей ықпал ететіндігі айқын. Ұрықтануға ықпал ететін, жақсы зертелген реттеуші екі механизмге ағзалардың тығыз қоныстануының физикалық салдары және аймақтық әрекеттері жатады.

Санды реттеудегі кеңістіктің үлкен роль атқаратын тағы бір формасы – бұл артық мекендеу әрекеттілігі. Егеуқұйрықтармен жүргізілген зертханалық тәжірибелер көрсеткендей, популяцияның артық мекендеуі белгілі бір мөлшерге жеткенде, тіпті қоректің жетіспеушілігі болмаса да, жануарлардың ұрықтануы кемиді. Жыныстық мінез-құлықтарға әсер ететін түрлі гормондық өзгерістер жүреді: шағылысуға қабілетсіздік, ұрықсыздық, түсіктер, ата-аналарының өз ұрпақтарын жеп қоюы жиі кездеседі. Ата-аналарының ұрпақтарына қамқорлығы кемиді де, төлдері ұяны тым жас кезінде тастап шығады, бұл олардың тірі қалу мүмкіншіліктерін төмендетеді. Жануарлардың агрессивтілігі өседі. Мұндай өзгерістер бірқатар сүтқоректілерге тән және ол зертханадан тыс, табиғи жағдайларда өте алады.


Дәріс №3

Қауымдастық экологиясы – синэкология


  1. Биогеоценоз

  2. Экожүйе

1) Құрлықтың экожүйесі эволюциялық даму нәтижесінде пайда болған

биогеографиялық сала деңгейіндегі табиғи белдеулерден тұратын ірі экожүйелерге бөлінеді, ал олар болса ландшафт провинцияларынан – биомдардан тұрады. Биомдарға жеке дара ландшафтар кіреді, олар биогеоценоздарды – биосфераның қарапайым бастапқы құрылымдық бірліктерін біріктіретін биогеоценотикалық комплекстерден тұрады. Биогеоценоз (грек тілінің био - өмір, гео – жер, ценоз – қоғамдастық) терминін 1942 ж белгілі орыс биолог-ғалымы В.Н.Сукачев енгізді.

Биогеоценоз табиғаты әр түрлі күрделі екі қауымдастықтан тұрады: биоценоз бен биотоптан:

БИОГЕОЦЕНОЗ = БИОЦЕНОЗ + БИОТОП

Биоценоз терминін ғылымға неміс биологі К.Мебиус енгізді.

Биогеоценоз бір-бірінің тіршілігін қамтамасыз етіп тұратын тірі табиғаттың бірнеше бөлімдері бар күрделі құрамды қауымдастықтардан тұрады: фитоценоздан, зооценоздан, микробиоценоздан.

Биотоп деп биоценоз орналасқан өзінің геоморфологиялық, климаттық, геохимиялық және басқа да абиотикалық қасиеттері біркелкі аймақты айтады. Биотопқа өлі табиғаттың бір-бірімен тығыз байланысты екі компоненттерінің жиынтығы кіреді:



  1. температурасы, ылғалдығы, қысымы, күн радиациясы және т.б. осы

сияқты қасиеттермен мінезделетін және құрамында атмосфералық ылғалдылығы мен биогенді газдары бар атмосфера кіреді;

  1. құрамына топырақ асты жыныстары мен жер асты сулары бар жердің беткі топырақты қабаты кіреді.

Биогеоценоз ұғымына фация – бүкіл даму барысында жыныстардың бір құрамы, рельефтің, ылғалдың бірдей сипаты, бір микроклимат пен бір биоценоз сақталатын ең кіші табиғи-аймақтық кешені ұғымы жақын келеді.

Биогеоценоздың тірі құрауыштарына – продуценттер, консументтер, редуценттер, ал өлілерге күн энергиясы, ауа, су, субстрат жатады.

Тіршіліктің тоқталмай жүріп тұруының негізгі себебі – табиғаттағы зат айналымының болуында. Кез келген биогеоценозда зат айналымынсыз барлық бейорганикалық заттардың қоры таусылып қалар еді, оның себебі олар бұл жағдайда ағзалардың тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде қайтадан жасалмай таусылып қалуында. Биогеоценозда зат айналымы болуы үшін ағзалардың екі түрі болуы керек: 1) бейорганикалық заттардан органикалық заттар жасайтын; 2) осы органикалық заттарды өздерінің тіршілігін қамтамасыз ету үшін қолданып оларды қайтадан бейорганикалық түрге айналдырушы.

Экожүйедегі (биогеоценоздағы) өздігінен реттелушілік – қандай да бір табиғи немесе антропогенді әсер етуден соң ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіруге қабілеттілік.

2) Экожүйелер – энергия мен қоректік заттардың айналымы арқылы бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүріп жатқан әр түрлі ағзалар жиынтығы мен олардың өмір сүру ортасы. Экожүйенің тірі құраушысы – қауымдастық (биоценоз).

Экожүйелер кеңістіктік масштабы бойынша әр түрлі деңгейдегі мына экожүйелерді қарастырады: микрожүйелер, мезоэкожүйелер, макроэкожүйелер, үлкен экожүйелер. Өмір сүру ортасына байланысты құрлықтық және сулы экожүйелерді қарастырады.



Экологиялық факторлар – экожүйедегі тірі ағзаларға қауымдастығы мен жалпы экожүйе тікелей немесе жанама әсер ететін қоршаған ортаның маңызды факторлары. Экологиялық факторлар үш топқа бөлінеді: биотикалық, абиотикалық және антропогенді факторлар.

Абиотикалық факторларды тірі ағзаларға тікелей не жанама әсер ететін өлі бейорганикалық табиғаттың компоненттері мен құбылыстары құрайды. Негізгі әсер етушілерге климаттық, топырақтық не эдафостық, сулы орта факторлары жатады.

Ағзалардың тіршілік әрекетінің басқа ағзалар тіршілігіне және өздерінің қоршаған өмір сүру орта компоненттеріне тигізетін әсері биотикалық факторлар кешенін құрайды.



Антропогенді экологиялық факторлар адамның іс-әрекетінің тек тірі ағзаларға ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаның абиоттік факторларына да әсерін көрсетеді. Олар адамның мақсатты бағытталған немесе кездейсоқ іс-әрекеттерінің нәтижесінде болатын және экожүйенің құрамы мен дамуына, биосфераның дағдарысына әсер ететін экологиялық факторлардың жиынтығы.

Экожүйенің маңызды қасиеттерінің бірі оларда қоректік тізбектің болуы. Қоректік тізбек (трофикалық) – экожүйеде ағзаның қоректенуі кезіндегі органикалық заттардың қозғалысы мен олардан алынатын энергия ағымын көрсететін ағзалар тізбегі.



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Пәннің жұмыс Нысан
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет