Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық жарыстардың рейтингін жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үшінші орыннан бесінші орынға төмендеді. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева алты позицияға төмендеп, қазір 70-орында.

Алғашқы екі орынды польшалық Ига Швентек пен беларусияолық Арина Соболенко иеленді, ал бұрын бір саты төмен болған америкалық Кори Гауф үшінші орынға көтерілді.

 

  • Елена Рыбакина әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшылардың ондығына енді

Қазақстандық жұптық жарыстардың үздік ойыншысы Анна Данилина 44-орнын сақтап қалды.

Бельгиялық Элиза Мертенс жұптық сында жаңа көшбасшы атанды. 

Бұған дейін Елена Рыбакина камбэк жасап, әлемнің экс-бірінші ракеткасын жеңгені айтылды.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.