Рио-де-Жанейрода әлемдегі ең әдемі би шоуларының бірі – жыл сайынғы карнавал өтіп жатыр. Бразилияда денге безгегі өршіп тұрғанына қарамастан мерекені тойлауға шектеу қойылмады. Бұл туралы Stаn.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: travelcalendar.ru

Дәстүр бойынша, 12 самба мектебі жүлдеге таласады. Әр мектептің намысын мыңдаған әртіс қорғайды. Түрлі-түсті костюм киген бишілер 700 метрлік көшеде жүріп өтеді. Олардың дайындаған нөмірі ертегі, аңыз бен фольклорға арналған. Ел батырлары мен Оңтүстік Американың байырғы тұрғындарына ерекше назар аударылады. 

Риодағы карнавалға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер жиналады. Мереке кезінде билік өкілдері көрермен мен қатысушыларды қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырды. Бәріне масадан қорғайтын құралдар таратты. Себебі денге вирусын осы жәндік тасымалдайды. Елде 400 мың адам денге дертіне шалдыққан. Қауіпті инфекциядан 60 тұрғын мерт болды. 

Еске сала кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы әлемде тағы бір пандемия болуы мүмкін екенін айтқан еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.