Бокстан Қазақстан құрамасы Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комиеті

Қамшыбек Қонқабаев бастаған қазақ боксшылары Бакуде өтетін бәсекеде бақ сынайды. 10 мемлекеттен 100-ге жуық былғары қолғап шебері сынға түсетін сайыста Қазақстан құрамасы 11 салмақта өнер көрсетеді. 23 наурыз күні басталатын турнир бір аптаға созылып, өзара мықтыларды анықтайды. Назарларыңызға байрақты бәсекеде ел намысын қорғатын спортшылардың тізімін ұсынамыз. 

48 келі. Теміртас Жүсіпов

51 келі. Дамир Әбдіқадыр

54 келі. Тимур Қабешов

60 елі. Талғат Сырымбетов

63,5 келі. Серік Теміржанов

67 келі. Бақтияр Смағұлов

71 келі. Дархан Дүйсебай

75 келі. Тимур Нұрсейітов

86 келі. Бекзат Таңатар

92 келі. Сағындық Тоғамбай

92+ келі. Қамшыбек Қоңқабаев

Айта кетейік,  боксшыларымыз Белградта өткен "Белград жеңімпазы" халықаралық турнирінде 4 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алған болатын.  


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.