Эхинококкоз ауруыныњ жамбыл облысында таралуы жєне



Дата10.04.2019
өлшемі59.5 Kb.
#90600



ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ

ОНЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЛЕРІ



Кумарова М.У.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


Жамбыл, облысының тұрғындары арасында кездесетiн гельминтоздар жайлы мәлiмет берiлiп, олардың таралу себептерi сөз болады. Гельминтозоонозалар арасында энтеробиоз, аскаридоз және эхинококкоз аурулары жамбыл, Алматы облыстарының тұрғындары арасында кең таралған. Оның таралуына басты себеп халық арасында санитарлық-ағарту қызметi мен ветеринария қызметкерлерiнiң қадағалау жұмыстарының нашарлауы болып отыр. Гельминтоздарды азайту мақсатында профилактикалық жұмыстарды жандандыру керек.

Адамдар арасында таралатын паразиттік аурулар мәселесi соңғы кезге дейiн өз шешiмiн толық таппай, көптеген проблемалар туғызып отыр. атап айтқанда, соңғы онжылдықта елiмiзде байқалған экономикалық және әлеуметтiк дағдарыс, эпидемиялық қадағалау мен ветеринария қызметiнiң нашарлауы ауыл шаруашылық малдар арасында паразиттiк iндеттердiң таралуына әкелiп соғып, олардан ол аурулар адамдарға жұғу қаупi аса түстi /1-2,5-8/. Бұрын байқалмаған бiрен-саран гельминтоздар соңғы кезде кейбiр аймақтардың тұрғындары арасында тiркеле басталды.[1]

Жамбыл облыс тұрғындарының арасында ең жиі кездесетін гельминтоздар қатарында эхинококкоз аурулары болып отыр. Олардың кейбір көрсеткіштері төмендегі кестеде келтірілген (1-кесте).
1 кесте

Жамбыл облысының тұрғындары арасында кездесетін эхинококкоз ауруының көрсеткіштері

(2008-2012 жж)


Жылдар

Эхинококкоз

Адамдар саны

100 мың адамға шаққанда

2008 ж

123

12,4

2009 ж

140

14,1

2010 ж

115

11,6

2011 ж

123

12,5

2012 ж

119

12,0

Барлығы:

620

12,5

Кестеде көрсетілгендей соңғы 5 жылда көп кездескен гельминтоз ауруының арасында адам денсаулығына қауіптісінің бірі эхинококкоз ауруы. Бұл індет соңғы кезге дейін тек хирургиялық жолмен емделуде. Мысалы, 1982-1985 жылдар аралығында бұл аурумен сырқаттанған адамдар саны 1313-ке жетті, ал 1986-2000 жылдар ішінде эхинококкоз ауруымен операцияға түскендер саны 1093-ке дейін өсті. [3]

2 кесте

Жамбыл облысының жас балалары арасында эхинококкоз сырқатының кездесуі



(2007-2012 жылдар аралығы)



Жылдары

14 жас аралық балалар арасында эхинококкозбен залалдануы

абс. саны

100 мыңға шаққандағы көрсеткіш

2007 ж

32

11,2

2008 ж

46

16,1

2009ж

34

12,3

2010 ж

29

10,4

2011 ж

39

14,1

2012 ж

29

13,1

Барлығы:

180

12,8

Егер 2007-2010 жылдар аралығында эхинококкоз дертімен операцияға түскен 763 адамның кәсібі жайлы айтатын болсақ олардың 36%-ы жұмыссыздар, 22,9%-ы оқушылар, 10,5%-ы зейнеткерлер, 7,8%-ы мектеп жасына жетпеген балалар, 8,2%-ы студенттер, 3%-ы үй шаруасындағы әйелдер, 1,9%-ы малшылар болған. Ал, жас жағынан алатын болсақ эхинококкоз ауруына шалдыққандар арасындағылардың 29,2%-ы он төрт жасқа дейінгі жас балалар, 60,3%-ы жұмыс жасындағы адамдар болған. Науқастардың 49,3%-ы еркектер болса, 50,7%-ы әйелдер екен.ағзалар бойынша талдау жасасақ эхинококкоз кистасы 54,2%-ы бауырда, 36,4%-ы өкпеде, 9%-ы көкбауырда, 5%-ы бүйректе болған. Бірен-сараң ауруларда эхинококкоз сыртқы ағзаларында (сүт безінде, бұлшық еттерде, мойын мен жемсауында) кездескен. [1]

2008-2011 жылдар аралығында облыс тұрғындарының 497-сі эхинококкоз ауруы себебінен операцияға түскен. Бұл жылдары облыс көлемінде эхинококкоз индексі 100 мың тұрғынға шаққанда 11,6-14,1 аралығында болды. Республикалық көрсеткіштермен салыстырып қарасақ эхинококкоз дерті облыс тұрғындары арасында екі еседен артық кездеседі екен. Оған басты себеп малдар арасында эхинококкоз ауруы кең етек жайғаны болып отыр. Кейбір шаруашылықтарда ірі қара малдың 28,8%-ы, майда малдың 31,3%, иттердің 23,0% эхинококкоз ауруына шалдыққан екен. [2]

Облыс тұрғындары арасында гельминтоз ауруларының таралуына себептерінің бірі халық арасында етек алған демографиялық толқулар, бақылаусыз бір аймақтан екінші аймаққа, ауылдан қалаға көшіп-қону, санитарлық-тазалық нормаларын орындамау, көптеген адамдардың санитарлық-гигиеналық сауатының төменділігі болып отыр.

Көптеген қалалар және аудандардың ауруханалары мен емханаларында ерте кезде міндетті болып табылатын копрологиялық зерттеулер қадағалаусыз, бақылаусыз қалып, кейбір жерлерде, өкінішке орай, бұл зерттеулер тіптен тоқталып қалды. [3]

Сондай-ақ, халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жақсартып, адамдар арасында таралатын гельминтоздардан сақтану жолдарын түсіндіріп, олардың ол бағытта сауатын ашу медицина қызметкерлерінің алдында тұрған басты мәселелердің бірі.

Сонымен қатар эхинококкоздың биологиясын ашып мына төмендегідей түсіндіріп өтемін. Таспа құрттар класының өкілдері сорғыштар мен моногенетикалық құрттарға қарағанда паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Бұлар тек қана эндопаразиттік өмір сүреді, жұмыртқалары өте аз уақыт сыртқы ортада бола алады, ересек кезінде әр түрлі омыртқалы жануарлардың, адамның ішегінде тіршілік етсе, личинкалары омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ішкі мүшелерінде және дене қуысында тіршілік етеді. Түрлері 3000-нан астам. Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестодоз деп атайды. [2]

Ал 2003 жылы эхинококкозбен ауырған 123 науқас тіркелген (100 мыңға шаққанда көрсеткіш 12,4), сонымен қатар 14 жасар балалар арасында 29 науқас тіркелген (100 мыңға шаққанда көрсеткііш 10,4), яғни науқастардың барлығы 32,7 пайызды құрайды.

Жамбыл облысында 2011 жылды 2012 жылмен салыстырғанда эхинококкозбен ауырған науқас сандары 4 есе кемігенін көрсетеді, сонымен қатар қарастырып отырғанымыздай 14 жасар балалардың арасында науқас саны 35,5 пайызға кеміді.

Ерлер мен әйелдер арасында эхинококкоздың таралу көрсеткіші:

Ерлер –67 (56,3%), 2011 жылы –60 (48,8%)

Әйелдер –52 (43,7%), 2011 жылы –63 (51,25%).

Эхинококкозбен ауырған науқастардың саны келесі мынадай көрсеткіштермен белгіленген: I –орында жұмыссыздар, 55 науқастар саны тіркелген (46,2%), 2012 жылы – жұмыссыздар 36,6 пайызды құрады, II –орында мектеп оқушылары, 38 науқастар саны тіркелген (31,9%), 2012 жылы –мектеп оқушылары 28,4 пайызды құрды, III –орында бала-бақшаға бармайтын балалар, 7 науқастар саны тіркелген (5,9%). Сонымен қатар эхинококкозбен ауырған науқастардың қатарында қызметкерлер арасында -6 науқас тіркелген және 5,0 пайызды құрайды, жұмысшылар арасында -5 науқас тіркелген және 4,2 пайызды құрайды, зейнеткерлер -4 науқас тіркелген және 3,4 пайызды құрайды, білімгерлер -3 науқас тіркелген және 2,5 пайызды құрайды.

Эхинококкоз ауруы профессионалдық тура тәуелділігі жоқ, куәгер болған эндемикалық ауруының жоғары сатыдағы көрсеткіші.

Эхинококкоздың эпидемиологиялық зерттеу бойынша негізгі аурулардың бөлігі 65 пайызды үй итінен жұқтырған. Эхинококкоз ауруын централдық серологиялық лаборатория базасында Тараз қаласының облыстық балалар инфекциялық ауруханасында зерттеліп жатыр. Бір жылдық қорытындыдан (облысты зерттеу бойынша) 694 адамды тексерді, соның ішінде 77 адам, яғни 11,1 пайыз эхинококкоз ауруымен ауырғанын көрсетті. Ал 2003 жылы 2,8 пайызды көрсеткен, зерттеу бойынша 41,2, ал 2004 жылы 39,5 пайызды құрайды. [3]

Жамбыл облысының кейбір шаруашылықтарының қой мен сиырларының 60% эхинококкозға шалдыққан, ал базбір жерлерде иттердің арасында эхинококкоз ауруы 40-48% жеткен.

Жамбыл облысында тексерілген 536 иттің 56-сында немесе 10,4 пайызында эхинококк қоздырғышы табылған. Бұл облыстың шопандар иттерінің 25,1 пайызы аталған паразитпен залалданған.

Бұл келтірілген мысалдан облысымыздағы қазіргі мал шаруашылығындағы ахуалдың төзгісіз жағдайға жеткенін, паразит ауруларының дендеп бара жатқанын көруге болады.



Соңғы жылдары еліміздің экономикалық жүйесінің өзгеруіне байланысты көптеген жұқпалы зооноз аурулардың эпидемиологиясы жаңа сипат ала бастады. Мысалы, оңтүстік және батыс қазақстанда адам мен жануарлардың эхинококкозбен залалдану көрсеткіштері бірнеше мәрте өсті. Ал, Жамбыл облысы осы дерт бойынша гиперэндемикалық аймаққа айналды. Сондықтан аурудың алдын алу-біздің елдегі медицина және ветеринария қызметтерінің паразитология саласындағы көкейтесті мәселелерінің бірі болып саналады. Әлемнің басқа мемлекеттерінде дертті жоюда қолданылатын шаралардың негізгі бағыттарының бірі-халық арасында эхинококкоз жайында ағартушылық жұмыс жүргізу, қазір Жамбыл облысында эхинококкозға қарсы хирургиялық операция жасалатын пациенттердің 30%-ке жуығы 14 жасқа дейінгі балалар. Сол себептен мектеп оқушыларын қатерлі ауру туралы қосымша деректермен қамту-дерттің алдын алудың ұтымды шарасы екені күмән келтірмейді. [2]
Әдебиет


  1. Ордабеков С.О., Әміреев С.Ә., Абдрахманова Г.А., Кулакеев О.К., Құдияров Е., Ордабеков Е.О. Эхинококкоз: оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. “Ол-Жас Баспасы” ЖШС-. 2003. 99-112 бет.

  2. Сидоркин В.А. Справочник по диагностике и терапии гельминтозов животных. Изд.: «Аквариум». Москва. 2001.115-128 бет.

  3. Скрябин К. И., Шульц Р. С., Основы общей гельминтологии, М., 1940; 198-231бет.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2013 I
konf 2013 I -> Cырдария ¤зені алабындаѓы к¤ксарай контрреттегіші
konf 2013 I -> «теріс-ащыб¦ЛАЌ» су ќоймасыныњ су тастаѓыш ќ¦рылымын
konf 2013 I -> “асар” дауларына ќатысты билік шешімдердіњ ерекшеліктері
konf 2013 I -> Ќылмыстыќ істер бойынша ¤зара ќ¦ЌЫЌТЫЌ К¤мек к¤рсету институтыныњ Ќалыптасу жєне даму тарихы
konf 2013 I -> Виртуалды жеке желілердіњ жіктелуі
konf 2013 I -> Тєуелсіз ќазаќстан мен германия арасындаѓы ынтымаќтастыќ динамикасы
konf 2013 I -> Талас алабы ¤зендерініњ суын егістікке пайдалануды
konf 2013 I -> Инерциялыќ энергетикалыќ ЌондырѓЫ Ќ¦ру мєселесі
konf 2013 I -> Ауыр металдармен ластанѓан топыраќты ќалпына келтіруде фиторемедиациялау єдісін ќолдану м‡мкіндігін талдау
konf 2013 I -> Ш¤лейтті-далалы жайылым жаѓдайында ¤сірілетін ќ¦йрыќты ќойлардыњ жас айырмашылыќтарына байланысты


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет