Француздық "ПСЖ" шабуылшысы Килиан Мбаппе мадридтік "Реалмен" келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл туралы Marca-ның беделді инсайдері Рамон Альварес де Мун өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

"Ол "Реалмен" келісім-шартқа отырды. Сонымен ісіміз орындалды", — деп жазды де Мун.

Еске салайық, 16 ақпанда журналист Фабрицио Романо Мбаппенің ПСЖ президенті Насер Аль-Хелайфиге алдағы жазда, еңбек келісімінің мерзімі біткенде, клубтан кететінін ескерткені туралы ақпаратпен бөліскен болатын.

Мбаппе 2017 жылдан бері "ПСЖ" сапында ойнайды. Оған дейін "Монако" сапында ойнаған. Ағымдағы Лигада футболшы 19 матч өткізіп, 20 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.