19 наурызда Қостанай облысында бір үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: tobolinfo.kz

БАҚ-тағы ақпаратта ер адамның Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев екені, шенеуніктің өз-өзіне қол салғаны туралы айтылған. 

Қостанай облысының полиция департаменті Ұзынкөл ауданындағы үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылғанын растады, алайда марқұмның кім екені туралы ақпарат берілмеген. 

"Ұзынкөл ауданындағы бір үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылғанына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада.

Заңға сәйкес тергеу аясындағы басқа ақпарат жария етілмейді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.