Әлемнің ең үздік жауынгерлерінің бірі саналатын Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова UFC-ден жекпе-жек өткізу туралы түскен ұсыныстан бас тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне Сораның бапкері Эдуард Базров хабарлады.

Фото: Naiza

Сора Рахмонова UFC-ге жолдама беретін Dana White's Contender Series турнирінде жұдырықтасу керек еді. Алайда жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмаған еді. Сораның бапкері шәкіртіне бірден UFC-де өнер көрсету туралы ұсыныс түскенін айтты.

“Иә, Сора иығының жарақатына байланысты Dana White's Contender Series турнирінде өнер көрсете алмады. Дегенмен артынан UFC тұжырымы бірден негізгі лигада өнер көрсету туралы ұсыныс тастады. Бірақ ол тұрмыс құруына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты. Әрине, отбасылық өмірдің бірінші орында тұратыны түсінікті. Сондықтан Сораның бұл шешіміне тек қолдау білдірдік. Оның үлкен спортқа қашан оралатынын беймәлім. Егер қайта оралу ойында болса, әркез қолдау көрсетуге дайынбыз” – деді Базров. 

Айта кетейік, Сора Рахмонова 2023 жылдың аяғында белгілі спортшы Нұрсұлтан Орынбасаровқа тұрмысқа шығып, отау кұрған еді. Ол шаршы алаңда 5 жекпе-жек өткізіп, соның төртеуінде жеңіске жетсе, бір рет қарсыласқа есе жіберген. 

 
  


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.