Танымал актриса Әсел Асқар өзін жігерлендіретін жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Жақында өнер иесі 6 айлық ұлынан айырылып қалған еді. 

“Мен соншама еңбектеніп жатырмын, күн демей түн демей. Бар күшімді салып, өзімді аямай, тырмысып жатырмын. Көріп тұрғандай, ішпеймін, қыдырмаймын, еркектермен жұғыспаймын, ақшамды адалынан табуға тырысып жатырмын. Өмірден мені түңілтсеңде, сынағыңнан абыроймен өтіп жатырмын деп ойлаймын. Күлуге шамам жоқ болса да, езуімнен күлкіні сығып жатырмын. Елдің көзінше сол үшін есі дұрыс емес адам сияқты көрініп жүрмін. Бірақ сондада мойымай алға қарай еңбектеніп ұмтылып жатырмын. Сол үшін, осыншама менің бойымдағы қасиеттерге түрлі жобаларды үйіп-төге берші. Артық деп көрме!  Мен кесірленбеймін! Қуана-қуана қабылдаймын. Серт берем!”, – деп жазды өнер иесі. 

  • Жарқынай Ханайым Димаш Құдайбергенге тұрмысқа шығу туралы ойын бөлісті

  • "Көшеде талай концерт қойдым": Төреғали Төреәлі өнерден алыстаған себебін әзілмен жеткізді

Сонымен қатар, актриса біраз уақыт бұрын өзін сөзбен мұқатқан жанды кездестіргенін айтты. 

"Бүгін сауда орталығынан бір адамды көріп қалдым. Кезінде көкірегін ұрып, "Барлығы мендей болып алсын" деп айқайлайтын. "Сен жай ғана блогерсің. Маған жету қайда?" деген еді. "Қол қусырып, алдыма әлі-ақ келерсің" деген. Сол кездері өмірден түңіліп, еңсемді түсіруге сәл қалған едім. Ең қиын кезең болды. Бүгін сол көкірегін ұрған адам, бір кісінің қоластында жүргенін көрдім. "Сонша армандаған, "Мен" деген жерің осы ма" деп сұрағым келді. Бірақ тектілігім жібермеді. Жо-жоқ! Дәлірек айтсам, аяғандықтан үндемей, көрмегендей түр жасап алдым. Ұялтқым келген жоқ. Ол мені көріп қалып, көзін жерге түсірді. Уақыт шынымен барлығын өз орнына қояды екен ғой. Жәй ғана күте білу керек екеніне тағы да көзім жетті. Өзіме риза болып, шүкір дедім. Тәтті күлкі, соңғы күлгенге бұйыратынын ұмытпау керек", – деп жазды актриса. 

 Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Еске салайық, жақында кино жұлдызы жер үй сатып алғанын жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.